Жер асты сулары

Жер асты суының пайда болуы. Жер қыртысының жоғарғы бөлігіндегі сулар жер асты суы деп аталады.Олардың тегі әр түрлі. Жер астындағы судың біразы атмосфералық су булары жерге сіңіп салқындағанда су тамшыларына айналады.Мұндай жағдай көбіне шөл мен шөлейттерде кездеседі.Үшінші жолы–судың өте бөлігі жер астындағы балқыған магмадан су буының бөлінуі арқылы пайда болады.

Жер қыртысында суды әр түрлі өткізетін тау жыныстары қабаттары бар. Құм, қиыршық тас, малта тастар су өткізгіш қабат құрайды.

Су өткізбейтін қабат саз, гранит, құмтас, сазды тақтатас жыныстарынан тұрады.Су өткізгіш жыныстар қабатына су жинақталады. Оны сулы қабақ дейді.

Еспе су мен қабатаралық су. Жер бетінен есептегенде су өткізбейтін бірінші қабатқа дейінгі суды еспе су деп атайды.Еспе

судың деңгейі ұдайы бірқалыпта болмай, өзгеріп тұрады.Ол жаңбыр жаууына, көктемде қардың еруіне, булану мөлшеріне қарай біресе жоғарылап, біресе төмендеп отырады. Еспе су орманды алқаптарда жер бетіне бірнеше ондаған метр тереңдікте жатады.

Еспе су деңгейін ауыз су алатын құдықтардан байқауға болады.

Егер су өткізбейтін қабат белгілі бір жаққа қарай еңіс орналасса, онда су осы қабаттың бағытымен төмен қарай ағып шыққан суды бастау, бұлақ, көз немесе қайнар, тұма деп әр түрлі атайды. Бұлардың

суы мөлдір, таза және салқын болып келеді. Еспе су құдық қазу жолымен алынады.

Жер қыртысының қойнауындағы сулы қабат әдетте су өткізбейтін қабаттардың арасында жатады.Тау жыныстарының қабаттары иіліп орналасса, қабатаралық суға қысым түседі. Жердің терең қабатындағы қысымды су артезиан суы деп аталады.Артезиан суы жүздеген метрден ондаған километрге дейін тереңдікте жатады.Егер сулы қабатқа дейін бұрғыласа, су бүйірден түскен қысымның әсерінен жер бетіне бұрқақша атқылап шығады.Осындай әдіспен қазылған құдық артезиан құдығы деп аталады.

Артезиан суы мен құдығының аты Франциядағы Артуа, ескі латынша артезиа провинциясынан алынған, өйткені мұндай құдық алғаш рет Франциядағы осы аттас провициясында XII ғасырда қазылып, пайдалануға беріліпті.

Артезиан суы халықты сумен жабдықтауға кеңінен пайдаланылады.Қазақстанның суға тапшы шөлді аудандарында артезиан құдықтарынан ауыз су алынады, мал суарылады, егістікке су жіберіледі.

Минералды және жылы жер асты сулары. Құрамында еріген заттар мекн газдар кездесетін жер асты суын минералды су деп атайды.Қазақстан аумағындағы жер астынан шығып жатқан минералды бұлақ «арасан» деген атпен белгілі. Алмаарасан, Жаркентарасан, Қапаларасан және т.б. атауларды етігенбіз.Арасанның су буын, тері , асқазан ауруларына шипа болады.Минералды су бұлақтары Қазақстанның шығыс, оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда көп кездеседі.

Кейбір жер асты сулары жылы болып келеді.Ондай сулар өте тереңде жатады.Олардың температурасы +200С-тан +1000С-қа дейін барады және одан да асады.Мұндай сулардың құрамында тұздар, қышқылдар, металдар және радиоактивті заттар кездеседі. Жылы жер асты суларын өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында кеңінен пайдалана-

ды.Олардан йод, глаубер тұзын, бор қышқылын, әр түрлі металдарды алады. Жылы жер асты сулары үйлерді, жылыжайларды жылытуға, электр қуатын өндіруге пайдаланылады.

Жер асты суының әрекеті.Жер асты сулары табиғтта үлкен оыр алады.Тұрақты ағып шығатын бұлақтар мен көздер өзендер мен көлдердің молығуына айтарлықтай үлес қосады.Жер асты сулары жер бедерінің түзілуіне де қатысады. Жер асты суларының әрекетінен сырғымалар, үңгірлер пайда болады.

Сырғыма тауда немесе жазықтағы өзен, көл, теңіз жағалуында жүреді. Ол үшін су өткізгіш жыныстардың астындағы су өткізбейтін жыныстар қабатының беті беткейдің еңістік бағытына сәйкес орналасуы шарт. Мұндай жағдайда еспе су су өткізбейтін қабаттың бетіне дейін сіңіп, жинақталады да, төмен қарай ағады. Соның нәтижесінде тау жыныстарының беткі қабаты тұрақсызданады. Белгілі бір уақыт жеткенде үстіңгі тау жыныстарының қабаты салмағымен тұтасынан су өткізбейтін қабаттың ретімен төмен қарай лықсып түсіп кетеді. Өте көлемді сырғымалар Волга өзенінің бойында, Қырымның оңтүстік жағалауында, Кавказда кездеседі.1999ж. Іле Алатуының Кіші Алматының шетіндегі бірқатар үй-жайлар қирап қалды.

Егер жер асты суы өз жолында тез еритін жынысқа, яғни тұзға, гипске, әктасқа кездессе, оларды біртіндеп ерітіп, шаяды.Осылайша жер астындағы үңгірлер пайда болады. Үңгірдің төбесінен су тамшылап тұрады. Судың құрамындағы әк ірікіліп, жоғарыдан төмен қарай және оған қарама-қарсы үңгірдің табанынан жоғары қарай сүңгі тәрізденіп қатады.Олар бара-бара бір-біріне қосылып, бағаналар қатарын құрайды. Мұндай үңгірлердің ұзындығы ондаған метрден әлденеше километрге дейін созылып жатады.Дүние жүзіндегі ең ірі Мамонт үңгірі Солтүстік Америкадағы Аппалач тауларының батыс беткейінде табылған.Оның жалпы ұзындығы 530 км.

Жер асты суын қорғау. Жер асты суы дүниежүзілік тұщы су қорының аса құнды бөлігі болып табылады.Оның үлесіне бүкіл дүние бойынша жұмсалатын судың 2/3 бөлігінен астамы тиеді. ТМД елдерінде халықтың 800/0 тұщы жер асты су қорын пайдаланады. бұдан жер асты суын тиімді жұмсай отырып, ұқыпты қорғау қажеттігі туады.

Жер асты суының шексіз емес. Егер еспе судың мөлшері жауын-шашынның, өзен, көл суының сіңуінен жыл бойы өзгеріп тұрса, қабатаралық судың жиналуы үшін жүздген-мыңдаған жылдар керек.

Мұнай, химия кәсіпорындарының қалдықтары және сарқынды сулар табиғатты ластауымен бірге еспе суларға араласып , үлкен зиян

келтіреді. Кейде осындай ластанудан жер асты суы пайдалануға жарамай қалатыны да бар. Сондықтан қазіргі кезде жер асты суын қорғау және оларды ұқыпты пайдалану – заманның көкейкесті мәселесі.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!