Өзендердің бөліктері және адам шаруашылығындағы маңызы

Өзен бөліктері .Жер бетінде өзендер көп. Олардың бірі жазықты бойлай кең жазылып , баяу ағады. Екінші бірі тастан-тасқа секіре буырқанып , көбік шашып жатады , бұл – тау өзені

Қыраттың етегінен немесе тау шатқалының түкпір-түбінен ағып шыққан бұлақ бірден көзге түсе бермейді. Бірақ су күні-түні тынбай шығып жатқандықтан, одан тұрақты ағыс, яғни жылға пайда болады. Ол өзенннің бастауы болады. Осымен бірге өзен көлден немесе батпақтан да басталады. Биік таулы жерлерде өзен басын қар мен мұздықтың шетінен, еріген судан алады.

Өзеннің ағып шығатын жері оның бастауы деп аталады.

Өзен жер бетінің еңістігіне сәйкес ылдиға қарай ағады. Оған жолшыбай басқа шағын өзендер келіп қосылады.Негізгі өзенге жолда қосылатын өзендер оның саласы болып табылады. Ағыс бағытына қарап тұрғаныңда оң қол жағың – өзеннің оң жағасы , сол қол жағың сол жағасы болып табылады.Осыған сәйкес салалар да оң және сол болып бөлінеді. Мысалы,Есіл өзені –Ертістің сол жақ саласы , ал Арыс-Сырдарияның оң жақ саласы .

Өзен көлге немесе теңізге барып құяды.Осымен бірге шөлді аймақта құмға барып сіңіп кететін өзендер де бар. Өзеннің құяр жері оның сағасы деп аталады.

Өзендердің ағысының жылдамдығы сағасына банғанда төмендейді,

Сөйтіп онда тосқындар жиналып, өзен сағасы тармаққа бөлінеді, яғни атырау пайда болады.

Өзен бастауынан бастап сағасына дейін әрі кең, әрі ұзынша ойыс алқапты бойлап ағады. Бұл – өзеннің аңғары. Аңғардың табынындағы өзен суы ағып жататын ойыс арна деп аталады.Су тасыған кезде өзен арнасынан асып, аңғардың іргелес жайдақ бөлігін басады.Аңғардың өзен тасығанда су басатын бөлігі жайылма деп аталады.Оның ені ағын өзендерде 3-4 ь ғана болады.Ал Обь сияқты ірі өзендерде 30-40 километрге дейін барады.Жайылма өзен тосқындарынан тұрады. Ылғалдың молдығына байланысты онда жайқалған шалғын өсімдігі өседі.Жайылма шалғыны пішен дайындауға, мал жайылымына пайдаланылады.

Өзен ағысы ұзына бойымен алып қарағанда шамамен 3 бөлікке бөлінеді.Бастауына жақын жағы – жоғарғы ағыс,саға жағы – төменгі ағыс, екеуінің аралығы орта ағысына жатқызылады.

Өзен барлық салаларымен бірігіп өзен жүйесін құрайды. Өзенге және оның салаларына су ағып келетін жердің бәрі өзен алабына жатады.Өзен алаптарын бір-бірінен көбінесе қыратты болып келетін суайрықтар бөледі.Бірақ суайрықтар әрдайымкөзге анық крінерліктей қырат болып тұрмайды.Кейбір жағдайларда суайрығының сызығын айырып білу оңай емес, әсіресе бұл жазықтағы өзен алаптары аралығында қиынға түседі.

Өзен ағысының бағыты мен сипатына жер бедерінің әсері.

Өзен ағысының бағыты мен жылдамдығы сол өзен ағып өтетін жер бедеріне байланысты. Мысалы, Жоңғар Алатауынан басталатын Қаратал өзені бас жағында тар шатқалды бойлап ағады. Таудан шыққан соң, өзен құмды жазықты басып ағады. Көлге жақындаған сайын өзеннің аңғары кеңейіп, ағсы баяулайды.Содан кейін жайылып,бірнеше тарамдарға бөлініп барып,Балқаш көліне құяды.Қазақстанның оңтүстігіндегі және шығысындағы өзендердің көбі басын таулардан алады. Олар бас жағында гүрілдеп, көбік шашаып ағады.Сонан соң,жазыққа шыққаннан кейін ағыстары баяулайды.Тау өзендері беткейлері тік,жартасты тар аңғармен ағады.Мұндай тар аңғарды шатқал деп атайды.Жазық жерлермен ағатын өзендердің ағысы баяу келеді.Ондай өзендерге – Іле ,Сырдария, Жайық , Есіл, Нұра жатады. Жазықтағы өзендер кеме қатынасы үшін қолйлы болып келеді.

Шоңғалдар мен сарқырамалар.Өзен аңғарының түбі кей жерлерде қопсыған, жұмсақ құм, саз жыныстарынан тұрады. Ондай жұмсақ тау жыныстарынан тұратын жерді өзендер біркелкі шайып отырады. Ал кей жерлерде қатты кристалдық тау жыныстары кездеседі. Олар кейде судың бетіне шығып кетеді. Осындай өзеннің арнасындағы қатты жыныстарды шоңғалдар деп атайды.

Су шоңғалдардың үстінде ақ көбік шашып, сарқырай ағады.Өзен суы тек шоңғалдардан өткеннен кейін ғана баяулап, қайтадан бірқалыпты аға бастайды.Шоңғалдар кеме қатынасына үлкен кедергі жасайды.Егер жартас өзен арнасын кесе-көлденең алып жатса, су одан төмен қарй құлай ағып сарқырама жасайды.

Жер шарындағы ең биік сарқырама – Анхель, ол Оңтүстік Америкадағы Ориноко өзенінде. Оның биіктігі 1054м. Екінші биік сарқырама – Африкадағы Замбази өзеніндегі Виктория. Онда су 120 м

биіктіктен құлап ағады.

Ал дүние жүзіндегі ең ірі сарқырама жүйесі Игуасу каскадтары болып табылады.Оның ені 2700м , биіктігі 72м . Онда 275 бөлек сарқырама бар .Ол Оңтүстік Америкадағы Бразилия мен Аргентинаның шекарасында орналасқан.Сарқырмада құлап ағатын судың күші сондай зор, ол өте ауыр машиналарды да қозғалысқа келтіре алады.Сондықтан сарқырамаларға қуатты электр станциялары салынады.

Солтүстік Америкадағы Эри Онтарио көлдерінің арасындағы Нигара сарқырамасының биіктігі 50м .Ол жыл сайын Эри көліне қарай орта есеппен 1,5 м-ге жуық шегініп келеді.Өйткені жартасты құрайтын жыныстар опырылып сынып, судың ағысымен төменге қарай ағып кетіп жатады. Болжам бойынша, бұл сарқырама 20000 жылдан кейін жойылады.Сарқыраманың гүрілдеген дауысы 25 км қашықтықтан естіледі. Ал оның жанында тұрғанда су гүрілінің қаттылығы сондай, тіпті адамның дауысы естілмейді. Бұл сарқыраманың үндістер тілінде Нигара – «гүрілдеген су» деп аталуы содан.Тереңге құлап жатқан су пердесі адамның есінен кетпейтіндей тамаша көрініс береді .Онда су тозаңдарына күн сәулелері мың құбылып, алуан түсті шұғыла ойнап тұрады.Сарқыраманың бұл тамаша көрінісі туристерді қызықтырып өзіне тартады.

Өзендердің суға молығуы.Өзендерге жер асты сулары,мұздық ,

жаңбыр, еріген қар суы қосылады. Бұл су көздерінің әрқайсысының

үлесі өзенге су жиналатын алаптың климат ерекшеліктеріне тікелей байланысты.

Экватор маңындағы өзендердің молдығуында жаңбыр суы басты орын алады. Оларға суы аса мол Амазонка мен Конго өзендері жатады.Алабына жаңбыр барлық маусымда бірқалыпты жауатын-

дықтан, бұл өзендердің деңгейі жыл бойы өзгермейді.

Қыста қар тұрақты жататын аймақтардағы өзендер негізінен қар суымен молығады. Биік тау басындағы мәңгі қар мен мұздықтардың

етегінен басталатын өзендер сол еріген қар мен мұздың суымен молығады.

Өзендегі судың мөлшері жыл ішінде өзгеріп отырады.Ол өзеннің

молығу сипатымен тікелей байланысты.Мысалы,қыстай жиналған қардың еріген суымен молығатын жазық жердің өзендері – көктемде,

ал басын тау басындағы қар мен мұздың еріген суынан алатын өзендер жазда тасиды. Судың тасуынан тасқынды айыра білу керек. Су тасуы деп жыл сайын белгілі бір маусымда қайталанып отыратын өзендегі су

мөлшерінің едәуір көбеюін айтады.Бұл кезде өзен арнасынан ұзаққа шығып жайылады. Ал өзендегі су деңгейінің кенет көтерілуін тасқын дейді.Тасқын нөсер жаңбырдан немесе таудағы қар мен мұздың күрт еруінен пайда болады.Жазғы қуаң кезде өзен едәуір тайыздайды. Өзендегі судың ең төменгі күйін өзеннің сабасына түсуі деп атайды.

Мұндай жағдайда өзенге көбінесе тек қана жер асты сулары қосылады.

Өзен суы мөлшерінің жыл ішінде өзгеру ерекшелігін өзеннің режимі.

Адамның шаруашылық қызметіндегі өзендердің маңызы.

Адамзат тарихының белгілі бір кезеңінде өзендер айрықша орын алған.Ең ерте замандардағы өркениеттің өзі Ніл,Тигр,Евфрат,Ганг,Хуанхэ,Янцзы өзендері бойыеда дамығандағы бізге тарихтан белгілі.

Көшпелі қазақ халқы да Еділ мен жайықтың, Сырдария мен Ертістің,

Тобыл мен Есіл сияқты ірі өзендердің бойын жайлаған.Әсіресе біздің заманымызда зендердің шаруашылық маңызы өте зор.

Құлап аққан өзен суынан электр қуатын өндіреді.Біздің елімізде Ертіс,Іле,Сырдария өзендерінде су электр станциялары жұмыс істейді.

Өзен кемелері жолаушы мен жүк тасымалдайды.Өзен суын зауыттар мен фабрикалар көп пайдаланады.

Су көп мөлшерде тұрмыс қажетіне жұмсалады. Жауын-шашын аз түсетін, құрғақшылық аудандарда көптеген өзендердің суы жер суаруға жұмсалады. Қазақстан мен Орта Азия шөлдерінде Сырдария

мен Әмудария өзендерінен каналдар қазылған, олармен егістік жерлерге су жіберіледі.Мақта, күріш, жүзім, қарбыз, қауын дақылдары түгелдей суармалы жерлерде өсіріледі.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!