Ауа райының элементтері мен құбылыстары

Атмосфераның жер бетіне таяу қабаты тропосфераның белгілі бір жердегі белгелі бір қысқа мерзімдік (тәулік, апта, ай) жай күйін ауа райы дейді.Атмосфера қысымы, температура, ылғалдылық ауа райының элементтері; ал жауын шашын, жел, тұман, бұлт ауа райы құбылыстары.

Ауа райының жай күйі тек қана бір белгісіне, айталық, температураға немесе жауын шашынға ғана емес, барлық элементтер мен құбылыстарының жиынтығына қарап анықталады.Мәселен, ауа райына тек қана «салқын» деп анықтама беру жеткіліксіз.Салқын ауа райы желді, бұлтты, жаңбырлы, бұлыңғыр және т.с.с. болуы мүмкін.

Ауа райы уақыт ішінде өзгеріп тұрады.Оның элементтері мен құбылыстарының барлық өзгерісі басқасының да өзгерісін тудырады.Екінші сөзбен айтқанда, ауа райы мүлде басқаша сипат алады.

Ауа температурасының өзгеруі қысымның өзгеруіне, ол желдің сипатына, бұлттылық температураға ықпалын тигізеді және т.с.с.Бұдан ауа райының толық сипаттамасын беру үшін оны түзетін элементтер мен құбылыстарды түгелдкй бақылау қажеттігі туады.

Ауа массалры.Ауа райы жер бетіндегі ауаның ауысып отыруына байланысты өзгереді.Ауаның қасиеті қалыптасатын жерінің ерекшелігіне байланысты.Полярлық аймақтардағы ауа күн сәулесінің аз түсуінен қатты салқындайды.Экватор мен тропиктер маңындағы ауа жақсы қызады.Құрлықтың үстүндегі ауа құрғақ , мұхиттың үстүндегі ауа ылғалды болады.Тропосфераның бір бірінен осындай қасиеті (температурасы, мөлдірлігі, ылғалдылығы) жөнінен ерекшелік жасайтын үлкен бөліктері ауа массалары деп аталады.Әрбір ауа массасы мыңдаған, тіпті миллиондаған шаршы километр жерді алып жатады.

Олардың қалыңдығы бірнеше км ге барады, тіпті кейде тропосфераның жоғарғы шекарасына дейін жетеді.

Ауа массалары жалпы алғанда бір бағытта ауысады, бірақ олардың әрқайсысының ішінднгі желдер түрлі бағытта соғуы мүмкін.

Ауа массаларының ең алдымен олардың белдеулік орнына байланысты.Пайда болатын ендіктеріне қарай әр жарты шарда 4 түрлі негізгі ауа массасы ажыратылады.

1.Экваторлық ауа экваторлық ыстық белдеуде қалыптасады.Жылдың барлық мезгілінде жылы әрі ылғалды болуымен ерекшеленеді.

2.Тропиктік ауа (солтүстік және оңтүстік жарты шарларда).Жылы және құрғақ ауа түрінде ықпал жасйды.

3.Қоңыржай ендік ауасы (екі жарты шардың да қоңыржай ендіктерінде қалыптасады, тропиктік ауаға қарағанда, салқын, бірақ ылғалды, ал арктикаалық немесе антарктикалық ауаға қарағанда жылы және ылғалды).

4.Арктикалық ауа (оңтүстік жарты шарда антарктикалық ауа) биік ендіктерде пайда болатындықтан суық.

Осы негізгі ауа массаларының әрқайсысы (экваторлықтан басқасы) континенттік (құрлық үстінде) және теңіздік болып бөлінеді.Мысалы, қоңыржай ендіктің континенттік ауасы, қоңыржай ендіктің теңіздік ауасы.Құрлықтың үстінде әр уақытта құрғақ ауа пайда болады (неліктен ?).Теңіздің үстінде қалыптасатын ауа ылғалы мол болуымен ерекшеленеді.Экваторлық аймақта теңіздің үстінде ғана емес, құрлықта да ылғал жеткілікті.Мұндағы батпақты ормандардың теңіздегідей молбулануға мүмкіншілігі бар.Сондықтан бұл өңірдегі теңіз беті мен құрлық үстінде әрі ыстық, әрі ылғалды бірдей ауа қалыптасады.Көпшілік жағдайда экваторлық ауаны континенттік және теңіздік деп бөлмейді.

Ауа массалары бір жерден екінші жерге орын ауыстырып отырады.Соған сәйкес ауа райы түзіледі.Мысалы, қыста біздің жерімізге солтүстіктен арктикалық ауа өткенде аязды ауа райы орнайды.Батыстан, Атлант мұхиты жағынан қоңыржай ендіктің теңіздік ауасы келгенде жылылық түседі және қар жауады.Сондай ақ жазда оңтүстіктен тропиктік ауаныңкелуіне байланысты ауа райының аптап ыстық кезеңі түзіледі.

Ауаның массалары өздерінің қалыптасқан орнынан жаңа орынға ауысқанда бірте бірте жылынады, немесе суынады, ылғалданады, немесе құрғайды.Соның арқасында олардың қасиеті өзгеріп басқа ауа массасына айналады.Еуразия материгіне батыстан, Атлант мұхиты жағынан өтетін қоңыржай ендіктің теңіздік ауасы орасан зор құрлықтың үстінде бірте бірте қоңыржай ендіктің континенттік ауасына айналады.Немесе солтүстіктен келетін арктикалық континенттік ауа жазда оңтүстікке қарай жүрген жолында тез жылынып қоңыржай ендіктің континенттік ауасына айналып кетеді т.с.с.

Ауа райын болжау.Ауа райын зерттеу адамның күнделікті тұрмысы мен шаруашылық әрәкеті үшін қажет.Әр адам ауа райы болжамын алдын ала білгісі келеді.Сендер де радиодан немесе теледидардан ауа райы хабарын тыңдап, соған сәйкес киінуге тырысыңдар.Ауа райы болжамынсыз ұшақтар аспанға көтерілмейді.Ауа райының жай күйін алдын ала білу алысқа жүзетін теңіз кемелерінің, автокөліктердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.Мұндай болжам көктемде егісті уақытында егуге, үсіктен, бұршақтан және т.б. қауіпті құбылыстардан сақтануға мүмкіндік туғызады.Ауа райын болжау бүкіл жер бетіндегі метеорологиялық станса бар.Бүкіл дүние жүзінің метеоролог мамандары бірыңғай Гринвич уақытмен бақылау жүргізіледі.

Адам тұрақты қоныстанбайтын полярлық аймақтарда, биік тау шыңында, ашық мұхиттарда өздері бақылау жүргізіп, нәтижелерін өздері хабарлап отыратын автомат стансалар болады.Олар құралдар мен атмосфераның жай күйін, ауаның температурасын, бұлттылықты, жауын шашынды және т.б. өлшеп отырады.

Атмосфераның жай күйі туралы деректер осымен бірге ауа райы кемелерінен, ұшақтардан, зымырандардан, метеорологиялық Жер серіктерінен келіп түседі.

Бақылау нәтижелері әр мемлекеттің ауа райы қызметі мекмесінде жинақталады.Онда келіп түскен әлденеше жүз мың сандық деректер электронды есептеу машиналарының көмегімен қорытылады.Соның негізінде ауа райы карталары жасалады.Ондай карталарда шарты белгілермен және цифрлармен ауа райының белгілі бір кезеңдегі жай күйі көрсетіледі.

Бұл айтылғандардан картаға ауа массалары, атмосфера қысымы облыстары , жауын шашын және басқалары түсіріледі.Бір тәулікке осындайкаралардың төртеуі жасалады.Оларды бір бірімен слыстыру арқылы салқын немесе жылы ауаның қалай қарай және қандай жылдамдықпен ауысып бара жатқаны анықталады.Соның негізінде қандай температура күтуге болатыны, желдің қай бағытта қандай күшпен соғатыны , жаңбыр немесе қар жаууы, тұман түсу мүмкіндігі және сол сияқтылар белгіленеді.Мұның бәрі ауа райын болжау картасында белгіленеді.

Ауа райы болжамы радио, теледидар, газеттер арқылы көпшілікке хабарланады.Осымен қатар қауіпті құбылыстар жайындағы арнаулы хабарлар (үсік, боран, қалың тұман, дауыл) түрлі мекемелерге телеграфпен дер кезінде жеткізілуі тиіс.

Таяуда ауа райын жергілікті белгілерге қарап шамамен болжауға да болады.

Алдағы ашық, жазда ыстық, қыста аязды ауа райының белгілері

1.Таңертең аспан шайдай ашық, түске қарай будақ бұлттар көтеріледі.Кешке қарай бұлт тарап кетеді.

2.Күннің шапағы шығарда және батарда сарғыш келеді.

3.Күн батқаннан кейін шөпке шық тұрады.Ол таңға жақын көбейе түседі де, күн шығысымен жоқ болып кетеді.Салқын мезгілде шықтың орнына қырау түседі.

4.Жазда күн желсіз тымық.Таңертең баяу жел өседі де, күндіз біраз күшейеді, түнге қарай қайтадан тынады.

5.Кешке және түнге қарай ойпаң жерлер қыраттарға қарағанда салқынырақ.

6.Жаңбырлы лайсаңнан кейін жел бірте бірте саябырлайды, жауын шашын тоқтайды, бұлт сейіледі.Жазда түнге қарай салқындайды.

7.Ауа қысымы жоғарылайды.

Ауа райы бұзылар алдындағы белгілер

1.Будақ бұлттар кешке қарай тарап кетпей, қайта көбейіп, қалыңдай түседі.

2.Ертеңгі және кешкі қарай тарап кетпей, қайта кәбейіп, қалыңдай түседі.

3.Түнгі және күндізгі температураның айырмасы азаяды.Кешқұрым таңертеңгіге қарағанда жылына түседі.

4.Кешке қарай жел тынбайды, қайта күшейеді.

5.Шық және қырау түспейді.

6.Ойпаң мен қырат жерлердегі ауаның температурасы теңеледі.

7.Күн немесе Ай қораланады.

8.Ауа қысымы төмендейді.

Ауа райын шамамен болжау үшін бұл айтылған белгілердің біреуінің ғана байқалуы жеткіліксіз, олардың көпшілігі сәйкес келуі керек.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!