Ауаның температурасы

Жербетіндегі жылудың негізгі көзі – Күн.Бірақ күн сәулелері ауадан кідіріссіз өтіп кетеді де,оны тікелей қыздырмайды.Күн сәулелері алдымен жер бетін қыздырады,содан кейін барып жылу ауаға таралады.Сондықтан ауаның жер таяу қабаты көбірек жылынады да,биіктеген сайын температура төмендей береді.Тропосфера қабатында температураның биіктік бойынша төмендеуі содан.Әрбір 100м биікке көтерілгенде температура орта еснппен 0,6м0С төмендейді.

Жер бетіндегі ауаның темпеатурасы үнемі бірқалыпты күйінде қалмайды,ол тәулік және жыл ішінде өзгеріп тұрады.

Темпеатураның тәулік ішіндегі өзгерісі Жердің өз білігінен айналуына,соған сәйкес күн сәулесінің түсу мөлшерінің өзгеруіне байланысты.Тал түсте күн сәулесі төбеден түседі,күн ертеңгісі және кешкісін төмен тұрады,түнде көкжиектің арғы жағына батып,көрінбей кетеді.Күннің аспандағы орнына байланысты ауаның температурасы да жоғарылап немесе төмендеп отырады.Түнде күн сәулесі түспеген кезде жер беті үнемі жылу шашудың нәтижесіде бірте-бірте суына береді.Сөйтіп тәулік ішіндегі ең төмен температура Күн шығар алдындағы уақытқа тура келеді.

Күн шығып, кқкжиектен биіктеген сайын жер беті жылына түседі де,соған орай ауаның температурасы да жоғарылайды.Түстен кейін Күннен келетін жылудың мөлшері азая бастайды.Бірақ ауаның температуасы көтеріле береді.Өйткені Күннен келетін жылудың орнын жерден таралатын жылу әлі де молынан толықтыра түседі. Сондықтан ауаның тәулік ішіндегі ең жоғарғы температурасы 2-3сағат кейін байқалады.Осыдан соң температура біртн-бірте келесі Күн шыққанша төмендейді.

Тәулік ішіндегі осы ең жоғарғы және ең төменгі температуралардың айырмасын температураның тәуліктік амплитудасы дейді(латынша амплитуда –кеңдік, жайылушылық).

Амплитуда –температураларды көрсететінцифрлардың жай айырмасы емес, олардың бір-бірінен алшақтығы.Бұл айтқанымыз түсінікті болу үшін екі түрлі ауытқу жайынан мысал келтірейік.1-мысал.Тәуліктегі ең жоғарғы температура +30С, ең төменгі температура +20С.Амплитуда 10С.2-мысал.Ең жоғарғы температура +10С, ең төменгі температура -10С.Амплитуда 20С.

Жер шарының әр жерінде ауа температурасының тәулік ішіндегі өзгерісі түрліше. Бұл айырма әсіресеқұрлық пен су үстінде айқын көрінеді. Құрлық беті суға қарағанда екі есе тез жылынады. Жылынған беткі қабаты астына түсіп, оның орнына астынан суық су көтеріліп сапырылысып жататындықтан, су беті баяу жылынады. Оның есесіне терең қабатына өтетіндіктен, су жылуды құрлыққа қарағанда көп сіңіреді. Осыған сәйкес құрлық бетіндегі ауа тез жылынып, тез суынады да, су бетіндегі ауа баяу жылынып, баяу суынады.

Тәулік ішіндегі ауа температурасының ауытқуы қысқа қарағанда жазда әлдеқайда үлкен.

Неғұрлым төмен ендіктерден жоғарғы ендіктерге қарай барған сайын температураның тәуліктік амплитудасының мөлшері азая береді.Сондай-ақ бұлыңғыр күндері бұлт күндіз жер бетін қатты қызудан, түнде қатты суынудан сақтайды,яғни температураның амплитудасын азайтады.

Ауа райын бақылайтын станцияларда ауаның температурасы тәулік ішінде 4 рет өлшенеді.Тәуліктік орташа температураны табу үшін өлшеу нәтижелері қосылып, бақылау санына бөлінеді.0 С-тан жоғары (+) және төмен (-) температуралар болса, олардың әрқайсысы бөлек жинақталады.Көп саннан аз сан алынады да, шыққан айырма бақылау санына бөлінеді.Алынған нәтижеге көп санның таңбасы « + »немесе « — »қойылады.

Мысалы, сәуірдің20 күні ауаныңтемпературасынбақылаунәтижелері сағат 1-де +5с, 7-де -2с, 13-те+10с,19-да+9с.

Тәуліктік жиынтығы 5с-2с+10с+9с-22с. Тәулік бойынша орташатемпература+22с – 4- +5,5с.

Тәуліктікорташа температурадан айлық орташа температурашығарылады . Ол үшін тәуліктік орташа температуралардың жиынтығын айдағы күн санына бөледі.

Мысалы, қыркүйектегі тәуліктік орташа температуралар жиынтығы +210 0 С болды делік . Қыркүйектегі күн саны 30 . Сонда айлық орташа температура 2100 С : 30 = +70C

Температураның жыл ішіндегі өзгерісі Жердің Күнді айналу жолындағы орнына байланысты (жыл мезгілдерінің ауысу себептерін естеріңетүсіріңдер.)

Жазда күн сәулелері жер бетіне тік түседі де, оны жақсы жылытады.Оның үстіне күн ұзақ.Қыста керісінше күн сәулелері жерге көлбей түседі.Әрі күн қысқа.Сондықтан жер бетіне жылу аз келеді.Солтүстік жарты шардағы ең жылы ай –шілде,ең суық ай-қаңтар.Оңтүстік жарты шарда керісінше.Ең жылы аймен ең суық айдың орташа температураларының айырмасы ауа температурасының орташа жылдық амплитудасы деп аталады.

Әр айдың орташа температурасы бір жылдан екінші жылға ауытқып отыруы мүмкін.Сондықтан неғұрлым көп жылдық орташа температуралар алынады.Бұл жағдайда бірнеше жылғы орташа айлық температуралар жиынтығы жыл санына бөлінеді. Сонда айдың көпжылдық орташа температурасышығады.

Әр айдың көп жылдық орташа температураларының негізінде жылдық орташа температуралар есептеп шығарылады.Ол үшін айлық орташа температуралардың жиынтығы ай санына бөлінеді.

Оң (+) температуралар жиынтығы + 900С.Теріс (-) температуралар жиынтығы -45ос.

Ауаның температурасы термометрмен өлшенеді.Термометрге күн сәулелері тікелей түспеуі керек.Өйткені тікелей күн көзіне қойған жағдайда термометрдің өзі қызады да, ауа температурасының орнына өзінің шынысы мен сынабының температурасын көрсетеді.

Ауа райын бақылайтын станцияларда термометр жан-жағында желбезек тәріздес саңылаулары бар қораптың ішіне қойылады.Желбезектер термометрге ауаның еркін өтіп тұруына қолайлы жағдай жасайды, сонымен бірге оған күн көзін түсірмейді.Қораптың есігі міндетті түрде солтүстік жаққа қарап ашылады.