Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер

Жанартау лардың пайда болуы және құрылысы. Жанартау -көмейінен ыстық газ, бу, күл, тас, т.б. тау жыныстары атқылап тұратын және жер бетіне отты қоймалжың зат — лава тасып төгілетін конус форматы тау. Тереңде орналаскан магма жер қыртысында пайда болған жарықша саңылаулар арқылы жоғары қарай зор қысыммен атқылап, жер бетіне шырып төгіледі. Жер бетіне шыққанда ұшпа заттарынан айрылған магма лава деп аталады. Магма ошағынан жоғарыға қарай өңеші, яғни жанартау көмейі. Көмей жоғарыдағы тостаған тәріздес ұңғы — кратермен аяқталады (грекше кратер — тостаған).

Жанартау атқылаудың алдында жер астынан гүріл естіледі, кратерден газ бен бу бұрқырап шыға бастайды.

Бу мен күл биік бавана төрізді көтеріліп, жогары жағында жан-жағына бүлт түрінде жайылады. Күл өте ұсақ тозаңдардан тұрады, ол жанартаудың етегі мең маңайын қалың қпбат құрап басып калады. Жанартау үстінде пайда болған бүлттан несер жаңбыр жауады, күн күркіреп, найзағай жарқылдайды. Тау беткейлерінен күл араласқан лай тасқыны төмен қарай сел болып ағады. Сөйтіп етегіндегі елді мекендерді басып қалады. Іле-шала кратерден от шашқан ыстық лава тасып төгіледі.

Везувийжанартауының етегінде тұрған ежелгі Рим қалалары Помпеи мен Геркуланумды лава және лайлы тасқын мен күл осылайша басып қалғган. Көп жылдардан кейін тығыздалған күл мен қатқан лаваның бетін құнарлы топырақ жауып, оған қалың өсімдік өседі.

Сөнген және сөнбеген жанартаулар. Сөнген жанартауды қалай йжыратуға болады? Таудың конус тәрізді пішіні, басындағы кра­тер жанартаудың бір кезде белсенді әрекеті болғанын көрсетеді. Адамзат тарихында атқылауы женінде ешбір мағлұмат қалмаған жанартауларды сөнгенжанартау дейді. Мысалы, Кавказдағы Эльбрус пен Казбек сөнген жанартаулар қатарына жатады.

Кейде сөнген жанартаулар да кенеттен атқылай бастайды. Мы­салы, Чилидегі 1960 жылғы жер сілкіну кезінде сөнген деп есептелетін 9 жанартау атқылай бастаған. Сондықтан оларды «ұйқыға кеткен жанартаулар» деп атау дәлірек болар еді.

Ал ұдайы атқылап жататын жанартауларды сөнбеген жа­нартаулардейді. Мысалы, Камчаткадағы Ключи шоқысы

Жер бетіндегі жанартаулардың таралуы жер сілкіну және тау түзілу аймақтарымен байланысты болып келеді.

Сөнбеген жанартаулар тау жасалу әрекеттері жүріп жатқан аймақтарда кеңірек тараған. Мұндай жерде магма жер бетіне шығуға оңай жол табады. Жанартаулар жарықтарды бойлап тізбектеліп орналасады. Жеке жанартаулардың кездесуі өте сирек. Жанартаулардың көпшілігі Тынықмұхиттың жағалауында орналасқан. Мұны Тынык, мұхитжанартаулықбелдеуі деп атайды.

Жанартаулар құрлықта ғана емес, сонымен бірге мұхиттар мен теңіздердің түбінде де аткылайды. Мұндай жанартаудың кратері тұсындағы су кайнайды, көбіктенеді, бүркылдайды. Су астындағы жанартау атқылағаннан кейін жаңа аралдар пайда болады. Мысалы, Тынық мұхиттағы Курилъ аралдары сөнген жанартаулардың конустары болып табылады. Бұл аралдарда ондаған елді мекендер мен қалалар, өнеркәсіп орындары бар.

Жанартауды зерттеу не үшін қажет? Жанартау әрекеттерінің маңызы. Ғалымдар жанартаулар аткылауы нәтижесінде литосферадағы заттардың құрамы мен қасиеттері жөнінде деректер алады. Жанартауларды зерттеу пайдалы қазбалардың шығу тегін ашуға көмектеседі. Зерттеулердің арқасында жанартаулардың атқылайтын мерзімін болжап, апаттың алдын алуға болады.

Ғалымдар жер сілкінетін және жанартау атқылайтын аудандардың көбіне өзара ұштасып жататынын анықтаған. Бұл құбылыстар жер қыртысы тұрақсыз аудандарға тән.

Жанартау атқылаған кезде су буы мен газ шығатыны сендерге белгілі. Соңғы кезде кептеген ғалымдар Жер бетіндегі судың жөие атмосферадағы оттегінің біразы жанартау кұбылысымен байланысты деп есептейді.