Литосфера. Жер құрылысы

Жердің сыртқы құрылысы. Жер қабықтары. Жердің ғарыштан түсірілген суретіне қарасақ оның шар тәріздес екендігін айқын көреміз. Шардың беті буалдыр, көп жерін ақ шарбы бұлттар жауып жатыр. Жер шарын ауа қабығы коршағандықтан ол буалдырланып көрінеді. Ал ақ шарбы — ондағы бұлттардың көрінісі. Ауа Жер шарын қалың қабат түрінде ең сыртынан қоршап тұрады. Оны атмосфера деп атайды (грекше атмос — бу, сфера — шар). Ауа Жерді үздіксіз, біртұтас қабық түрінде қоршап жатыр.

Ғарыштан қараған адам жер бетінің көбін су алып жатқанын байқайды. Шынында да судың үлесіне жер бетінің жалпы ауданының 2/3-сі тиеді. Ауа сияқты су да жер бетін біртұтас жауып жатады. Оны гидросфера (грекше гидро — су), яғни Жердің су қабығы деп атайды.

Гидросфераның басым кепшілік бөлігін мұхиттар мен теңіздер құрайды. Сонымен қатар оның құрамына өзендер, көлдер, жер асты сулары, батпақтар, мұздықтар кіреді.

Жерде тіршілік ететін микроскоптық бактериялардан бастап адамға дейінгі — түрлі ағзадар Жердің айрықша қабығы — биосфераға жатады (грекше био — тіршілік). Ол атмосфера мен гидросфера сияқты оқшау қабық құрамайды. Тіршілік ауада, суда және Жердің беткі қатты кабығында таралған. Жердің ішкі құрылысы. Адам Жердің сыртқы кабықтары — атмосфера, гидросфера және биосфераны тікелей зерттей алады. Ал Жер қабатының өзін мардымсыз, аз тереңдікке дейін ғана тікелей бақылай алады. Ең терең деген скважинаный өзі әзірге 15 км тереңдікке дейін ғана жеткен. Мұнан әрі қарай Жердін терең қабаттары қандай жыныстардан тұрады, олар қандай күйде деген сұрақтарға тек қосалқы белгілер бойынша, болжамды түрде ғана жауап беруге болады. Мөселен, жанартау атқылағанда Жердің терең қойнауынан түрлі жыныстар сыртқа шығады. Олар Жердің тереңірек қабаттарын құрайтын жыныстар туралы мәлімет береді.

Жердің ішкі құрылысын анықтауда, әсіресе жер сілкіну толқындарының таралуын бақылаудың маңызы өте зор. Жер сілкінгенде пайда болатын толқындар Жердің ішкі құрылысының ерекшеліктеріне қарай белгілі бір тереңдіктерде таралу жылдамдығын өзгертетіндігі анықталған. Ғалымдар мұндай толқындардың таралуын колдан жарылыс жасап та бақылайды. Соның нәтижесінде Жер шарының ішкі құрылысы 3 қабаттан тұратындығы анықталған.

Жердің ең сырткы қабаты Жер қыртысы деп аталады. Оның материктік және мұхиттың түрлері ажыратылады. Олар қалыңдығы және тау жыныстарының құрамы жөнінен бір-бірінен айырма жасайды. Материктік жер кыртысының қалыңдығы жазықтарды 30-40 км, тауларда 70-80 км құрайды. Мұхиттардың астында қалыңдық 5-10 км-ге ғана жетеді. Мұхиттық жер қыртысы жұқа болғанымен тығыз тау жыныстарынан тұратындықтан материктік жер қыртысына қарағанда ауыр.

Жер қыртысында ұдайы тау түзілу қозғалыстары жүріп жатады. Оның беті құрлықтағы және мұхит табанындағы жер бедерінің ой қырына сәйкес келеді.

Жер қыртысынан әрі шамамен 2900 км тереңдікке дейін мантия орналасқан (латынша мантия — шапан, жамылғы). Жер қыртысы және мантияның жоғарғы кристалдық тау жыныстарынан тұратын қабаты литосфера деп аталады (латынша литос — тас).

Ғалымдар температура мантияның жоғарғы жағында +100-150°С-тан төменгі шекарасында +3800°С-ка дейін баратын болу керек деп болжайды. Сондықтан литосфераның астыңғы қабатындағы тау жыныстары қоймалжың затқа айналады.

Жердің ең орталық өзегін ядро алып жатады. Оның радиусы 3500 км шамасында. Ядро темір мен никельден тұрады. Ол сыртқы және ішкі ядроға бөлінеді. Сырткы ядро балқыған күйде, ал ішкі ядро қатты заттан тұратын болуы керек.