Түрлі карталарда меридиандар мен параллельдердің бейнелену ерекшеліктері

Меридиан бойынша тілімдерден құрастырылған дүниежүзі картасыда меридиандар – өзара тең, түзу сызықтар. Параллельдер оларға кесе-көлденең түзу сызықтар түрінде жүргізілген. Олардың ұзындықтары экватордан полюстерге қарай глобустағыдай қысқара бермейді, бір – бірімен тең қалпын сақтаған.

Жарты шарлар картадағы экватор және әрбір жарты шардың орта меридианы – түзу сызықтар. Басқа меридиандармен параллельдер әртүрлі қисық сызықтар түрінде жүргізілген. Орта меридианнан шетке қарай меридиандардың ұзындығы арта түседі.(бұл нені көрсетеді?).

Қазақстан картасында параллельдер шеңбер доғалары түрінде бейнеленген. Меридиандар картаның жоғарғы жағына қарай бір-біріне жақындай түсетін түзу сызықтар құрайды.

Карта меридиандардың шетіне – бойлық параллельдердің шетіне ендік жазылып қойылады.Жарты шарлар картасында бойлық меридиандардың экватормен қиылысқан жерінде жазылады.

Глобусың және карталардың өн бойында меридиандандар мен параллельдер тұрақты түрде белгілі бір градус сайын жүргізіледі (глобуста,жарты шарлар картасында және Қазақстан картасында неше градус сайын жүргізілгенін өздерің анықтаңдар).Сондықтан меридиандар мен параллель сызықтарының қиылысуынан пайда болған тор градус торы деп аталады.

Картадан географиялық координаталарды анықтау.

Меридиан және параллель сызықтарының көмегімен картадан графикалық координаталарды оңай анықтауға болады. Ол үшін алдымен нүктенің қандай ендіктегі параллельдердің және қандай бойлықтағы меридиандардың аралығында орналасқандығын білу керек. Мысалы: нүкте 400 пен 450 солтүстік ендіктердің, 700 пен 750 шығыс бойлықтардың аралығында жатыр делік. Ендікті дәлірек анықтау үшін сызғышпен екі параллельдің ара қашықтығын (АВ) және төменгі параллельден нүктеге дейінгі қашықтықты (АН) өлшейміз.Картада АВ 50-қа тең.

АВ – 50

АН – х

АН қашықтығының градус мөлшерін 400-қа қосамыз.Егер картадан АН қашықтығының орнына ВН қашықтығын өлшесек,табылған шаманы 450-тан алып тастар едік. Бәрібір нәтижесі бірдей.

Бойлықтыда осы әдіспен есептеп табамыз,Сызғымпен СД және СН қашықтықтарын өлшейміз.

СД – 50

СН – х

Шыққан градус есебін 700-қа қоссақ. Н нүктесінің бойлығы шығады. Ендікті анықтағандағы сияқты СН қашықтығының орнында ДН қашықтығын да өлшеуге болады. Ондай жағдайда табылған шаманы 750-тан алып тастаймыз.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!