Жер туралы мәліметтер

Ежелгі дүние халықтары Жер туралы не білген? Жер туралы мәліметтер адамзат тарихының барлық кезеңінде карта жасау және сипаттап жазу түрінде жиналып отырды. Алғашқы қауымдық құрылыста өмір сүрген адамдардың өзі-ақ жер бетіндегі өзен, көл, орман, тау-тасты ағаштың қабығына, сүйекке, тасқа сызып, белгілей бастаған. Алғашқы адамдардың бұл әрекетін жер бетін картаға түсірудің бастамасы деп қарауға болады;

Ежелгі мәдениет орталықтары — Қытай, Үнді, Персия, Мысыр (Еги­пет) мемлекеттерінің өкілдері әскери жорықтар, сауда-саттық сапарлары кезінде алыс елдер жайында мәліметтер жинаған. Бұл мәліметтер жаңа жерлердің табиғаты, шаруашылығы, халқы жөніндегі географиялық сипаттағы жазба еңбектерге енді.

География ежелгі Грекия мен Римде жаңа сатыға көтерілді. Грек және Рим ғалымдары сол кезде белгілі болған жерлерге географиялық сипаттама берумея бірге, олардың картасын да жасады (1-сурет). Гректер ғылымға тұңғыш рет дүние бөліктері туралы ұғым енгізіп, Еуропа мен Азияны бөлді. Рим ғалымдары оған Африка дүние бөлігін қосты. Жердің шар тәріздес екендігі туралы пікір де осы уақытта туды.

Орта ғасырдардағы географиялық түсініктер. Ұлы географиялық ашулардың басталуы. ХV ғ. соңы мен XVII ғ. ортасының аралығы тарихқа «Ұлы географиялық ашулар заманы» деген атпен енді. Осының алдындағы орта ғасырлар адамдарының Жер туралы түсінігі 2-суреттен айқын көрінеді. XV ғ. атақты неміс картографы Мартин
Бехаймның глобусында Еуропа, Азия және Африка бейнеленген. Онда Америка туралы түсінік жоқ. Оның орнын, яғни Еуропадан Шыгыс Азияға дейінгі аралықты мұхит алып жатыр. Бұдан теңізшілердің арасында «Еуропадан батысқа қарай жүзе берсе, Азияның шығыс жағалауына жетуге болады» деген пікір туған.

«Ұлы географиялық ашулардың нәтижесінде дүние жүзі картасына Африканың бүкіл оңтүстік бөлігі, СолтүстікОңтүстік Америка, Аустралия материктері, Тынық мұхит енді.

Бүкіл Батыс жарты шарды алып жатқан Америка дүние бөлігінің ашылуы Христофор Колумбының экспедициясынан басталды.

Ф. Магелланның дүние жүзін айналу саяхаты. Ұлы географиялық ашулардың тұтас бір кезеңін дүние жүзін айналу саяхаттары құрайды. Мұндай саяхаттардың ұйысдастырылуы ежелгі грек ғалымдарының «Жер -шар тәріздес» деген ұмытылған пікірінің қайта жаңғырып, таралуымен байланысты болды.

1519-1522 ж. Испаниядан шыққан Фернан Магелланның экспедициясы тұңғыш рет дүние жүзін айнала жүзді.

Магелланның экспедициясы география ғылымына теңдесі жоқ жаңалық қосты. Саяхат нәтижесінде Жердің шар тәріздес екендігі іс жүзінде дәлелденді. Азия мен Американың аралығын Атлант мұхитынан әлде қайда үлкен, орасан зор су алқабы — Тынық мұхит алып жататындығы ашылды. Жер шарының көпшілік бөлігі құрлық емес, судың үлесіне тиетіндігі анықталды. Магелланның саяхатынан кейін біртұтас Дүниежүзілік мұхит туралы ұғым орнады.

Материктердің ішкі бөліктерін зерттеу. Ш. Уәлиханов. XIX ғ.
бас кезінде Жер шарындағы барлық материктер мен мұхиттар ашылып бітті. Ендігі жерде саяхатшылар мен ғалымдардың алдына материктердің ішкі бөлігінің табиғатын егжей-тегжейлі зерттеу міндеті қойылды. Бұл міндетті жүзеге асыруды әр елдерде құрылған
географиялық, қоғамдар қолына алды.

1845 ж. Санкт-Петербургте Орыс геогра­фия қоғамы құрылған еді. Қоғам Азияның ішкі бөлігін зерттеуге айрықша көңіл бөлді.

Жаңа замандағы географиялық зерттеулер. Ғарышты игерудің басталуы. XX ғ. 2-жартысында Жер шарындағы ең соңынан ашылған материк — Антарктиданы және мұхиттар мен атмосфераны зерттеу қолға алынды.

Антарктидада 16 ел ғылыми станцияларын орнатып, оның табиғатын жан-жақты зерттеді. Мұзды материктің тұңғыш географиялық атласын жасаған бұрынғы Кеңес Одағының ғалымдары болды.

Мұхиттық зерттеулер көптеген ғылыми жаңалықтарға қол жеткізді. Мұхиттардың түбінен бұрын белгісіз су асты жоталары мен шұңғымалары ашылды. Солардың бірі — Солтүстік Мұзды мұхитының орта тұсын басып, оның бүкіл өн бойына созылып жатқан Ломо­носов жотасы. Мұндай орталық су асты жоталары барлық мұхиттардан табылды.

Ертеңгі және одан арғы уақыттағы ауа райы жағдайын алдын ала білу адамның жан-жақты шаруашылық өрекеті үшін өте қажет. Әсіресе атмосфераның сүрапыл дауыл, боран, қатты аяз, нөсер, т.б. түрлі кауіпті күбылыстарын, алдын ала білу олардан сақтануға мүмкіндік береді. Мүндай болжамдар дүние жүзінің барлық елдеріндегі мыңдаған станцияларда ауа райының жай-күйін бақылау нәтижесінде жасалады. Бірақ дұрыс болжам жасау үшін ауа райын тек жер бетінде жүріп бақылау жеткіліксіз.

Зымыран техникасының табыстары, жасанды Жер серіктері мен ғарыш кемелерінің үшырылуы Жердің ауа қабығы жөнінде де жаңа ғылыми мәліметтер берді. Олар үлкен биіктікте Жер бетінің ауқымды аймағындағы ауа райы жағдайын, қауіпті құбылыстардың өрбуін хабарлап отырады.

Ғарыштан түсірілген суреттер, сонымен катар Жер қыртысының құрылысын, құрлық беті түрлерінің таралу заңдылықтарын, ауа қабығының түрлі қоспалардан ластануын және т.б. анықтауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде ғарыштық құралдар Жерді зерттейтін барлық ғылым салаларында кеңінен қолданылады.