Күн жүйесі құрылысы

Күн жүйесі – Галактиканы құрайтын мөлшері және күрделілігі жағынан әр түрлі көптеген системалардың бірі. Ол Галактика орталығынан 10000п жуық галактикалық жазықтықтың солтүстігінде 25 п қашықтықта орналасқан. Оған ең жақын орналасқаны Проксима Центавра (шоқжұлдыз) жұлдызы, ол 1,31 п қышықтықта жатыр. Күн системасының орталық денесі – Күн ол ның құрамындағы жалғыз жұлдыз. Онда системаның барлық массасының 99,86 % жинақталған, қозғалыс санының жалпы моментінің тек 2% ғана қамтиды.

Күн жүйесіде Күннен басқа 9 үлкен планета, мыңдаған ұсақ планеталар (астероидтар), миллиондаған кометалар, метеорлар заттар – планетааралық газ бар. Барлық планеталардың жалпы массасы Күн массасының 1/745-індей. Кометалар мен астероидтар жалпы массасы Жер массасынан аз. Күн системасы үнемі қозғалыста болып тұрады.

Күн системасының барлық планеталары бір жазықтықта дерлік орналасқан эллиптикалық (шеңберге жақын) орбита бойынша Күн маңында айналады.

Орбиталары бойынша үдемелі қозғалыспен қатар планеталар (Шолпан мен Ураннан басқасы) және олардың спутниктері, орбиталық қозғалыс бағытында, өз осімен айналады. Мұнымен бірге кеңістікте осьтің айналу жағдайы ұзақ уақыт мүлдем дерлік өзгермейді. Әр түрлі планеталардың айналуы периодының әр түрлі мөлшері де сақталады. Күн өз осімен, яғни оның маңында орбиталар бойынша планеталар қозғалысы бағытында айналады.

Күн маңында планеталардың орбита бойынша қозғалысын қарағанда негізгі координаттық жазықтық ретінде жер орбитасының жазықтығы – эклиптика алынады.

Күн системасы планеталарының қозғалысын, системаларының бірлігін дәлелдейтін дұрыс шешімін тұңғыш рет Н.Коперник жасады. Оның ілімін И.Кеплер дамытты, ол планеталардың қозғалыс заңдарын ашты:

  1. Барлық планеталар эллипс бойынша қозғалады, фокустердің бірінде, бүкіл планетаға ортақ Күн бар.
  2. Планетаның радиус – векторы бірдей уақыт аралықтарында бірдей үлкен ауданды сызады.

Перигелийге таяу радиус – вектор арқылы t уақытта сызылған аудан (ST1T2) афелийге таяу радиус вектор арқылы сызылған ST3T4 ауданға тең.

Өйткені орбита бойынша планета қозғалысының шапшаңдығы T1T2 доғасы > T3T4 доғасынан үлкен, афелийге таяудан гөрі перигелийге таяғандағы артық; планетаның Күнді айнала қозғалысы біркелкі емес: бірде шапшаңдайды, бірде бәсеңдейді.

  1. Әр түрлі планеталардың Күнді айнала қозғалысының уақыт квадраттары олардың орбиталарындағы үлкен жарты осьтердің кубтарына пропорционал болып келеді немесе Күннен орта қашықтыққа сай болады.

Жерден күнге дейінгі қашықтық және оның айналу уақыты бірлік есебімен алынды;

а— орбитаның үлкен жарты осі, t – айналу уақыты.

Планета қозғалыстарының жылдамдығы Күнге дейінгі қашықтыққа бағынышты екендігін заң дәлелдеп отыр. Ол Күннің бүкіл планета системасын біртұтас байланыстырады.

Күн системасы денелерінің қозғалысын басқаратын негізгі күш – Күн тартылысы болып табылады: Күн өзінің тартуымен планета қозғалысын тездетеді, сондай – ақ планеталар да Күнді тартып оған біршама тездеткенін хабарлайды. Сондықтан планеталар Күнді айнала қозғалмайды, Күн мен планеталар бірдей периодпен оларға ортақ тарту центрін айнала қозғалады, бірақ планета үлкен эллипс жасайды, ал Күннің эллипсі мүлде кіші; бұл да планеталардың және олардың спутниктерінің қозғалысына жатады.

Планеталардың бір – бірін өзара тартуы Күн тартылысына қарағанда онша үлкен емес, бірақ соның өзі планеталар қозғалсының ауытқуына — ұйытқуына әсер етеді. Өйткені тартылыс күші тек қана тартатын денелердің массасына байланысты емес, ол сонымен бірге олардың арақашықтығына да байланысты, онша үлкен емес, бірақ өзара жақын орналасқан денелер едәуір ұйытқуды тудырады.

Кометалар мен астероидтар планеталар қозғалысында белгілі бір ұйытқу болдырмайды. Планеталардың әсері, бұл денелердің қозғалысына керісінше, зор болады.

Күн системасының мөлшері жұлдыздар арасындағы қышықтықпен салыстырғанда өте кіші. Олар туралы Күннен Плутонға дейінгі аралықтың 5905 млн. км екендігін анықтауға болады. Күшті созылған орбиталар бойымен қозғалатын кейбір кометалар Күннен 100000 а.с. қашықтайды. Күн системасының нақты шекарасы жоқ деуге болады.

Күн. Күн – орта мөлшердегі және жарық беретін жұлдыз, ол сутегі (70 %) мен гелийлен (29 %) құралатын аса зор газды шар, әр түрлі жылдамдықпен айналады: экваторда ол жердің 25 тәулігінде, полюс маңында 30 тәулікте бір рет айналып өтеді. Күннің шекарасы ретінде Жерден оның дискінің көрінетін шекарасын шамамен алады. Күннің диаметрі – 1392000 км (жердің 109 диаметрі), көлемі 1,41х1033см3 (Жердің көлемінен 1,3 106 есе көп), массасы 2 1033 г (Жердің 333000 массасы), орташа тығыздығы – 141 г/см3 (жұлдыздардың ішкі бөліктерінің тығыздығы 100г/см3 жетеді, ал сыртқы қабаттарының тығыздығы жер бетінің атмосфера тығыздығынан кем болады).

Күннің бетіндегі күннің қызған заттарын ұстап тұрған салмақ күші жерге қарағанда 28 есе артық. Оның бетінің температурасы 6 мың градусқа жуық, ал оның ішкі бөлігінде 16 миллион градусқа жетеді. Онда қысым 100 млрд. Асқанда ядролық реакция жүреді. Бөлініп шыққан энергия Күннің бетіне 10 млн. жыл шамасында жетеді. Мұнымен бірге ол бірнеше рет сіңіріліп қайтадан сәулеленеді, оның сипаты өзгеріп, отырады; сіңірілген гамма – сәулелердің орнына рентген сәулесі, оның орнына – ультракүлгін, ең соңында көрінетін және жылу сәулелері пайда болады. Күннің әлем кеңістігіне шашқан сәулесінің энергиясының жалпы мөлшері 3,91033 эрг/сек. Күннің сіңірілуі және қайтадан сәулелену арқылы энергия бөліп шығаратын облысы сәулелік тепе – теңдік зона деп аталады. Одан жоғары конвекция зонасы жатыр; мұнда энергияның алмасуы күн заттарының араласуы арқылы жүзеге асырылады.

Сәулеленуі бізге көрінетін, Күннің сыртқа қабаттары, күн атмосферасын түзеді, ол фотосфера, хромосфера және күн тажынан тұрады.

Фотосфера (жарық қабығы) — жұқа түссіз газ қабаты (200-300км), оның тығыздығы жоғарылаған сайын азая түседі. Осы бағытта фотосфераның температурасы 6000 – нан 45000-қа дейін төмендейді, бұл бүкіл күн атмосферасының ең төменгі температурасы. Фотосфера сәуле тепе – тең жағдайында болады, ол Күннің орталық облысынан қанша энергия бөлініп шықса соншалықты энергияны сәулелендіріп отырады. Бұл күн атмосфераның негізгі бөлігі.

Фотосфераның үстінде хромосфера орналасқан. Оның үнемі қозғалыста болатын сыртқы бетінің биіктігі 15000 – 20000 км жетеді. Одан жоғарыда (150000 км) қызған газ – протуберанецтер «фонтандары» көтеріледі.

Күн атмосферасының – сыртқы шексіз қабаты – тажы – сирек плазмадан тұрады (кинетикалық температурасы 1 млн.) градусқа жуық оң және теріс зарядталған бөлшектердің қосындысы.

Тажыдан 300 – 400 –ден 800 км/сек жылдамдықпен плазма (тажының ұлғаюы) үздіксіз бірқалыпта ағып отырады. Бұл күн желі деп аталады. Күнде оталған кезінде 2000 км/сек шапшаңдықпен Жерге жетерлік корпускулдар енсіз ағындары космос кеңістігіне тарайды.

Күннің көрінетін сәулелерінің 10% жуығы нейтрино — бөлшектері екені анықталды, онда электр зарядтары жоқ және ол затты жарып өтетін таңғажайып қасиеті бар. Электрмен зарядталған және бейтарап бөлшектер ағынадарынан басқа Күннен дүние кеңістігіне электр магнитті толқындар: гамма сәулесі, рентген, ультра күлгін, жарық, инфрақызыл, радио толқындары тарайды. Күн сәулелерінің негізгі бөлігі жарық және инфрақызыл сәуле ретінді бөлініп шығады.

Күннің көрінетін сәулелері аса тұрақтылығымен ерекше (оның жарқырауының өзгеруі

2 % аспайды). Күн спектрінің ультра күлгін және рентген бөліктері Күн автивтілігіне байланысты өзгеріп отырады. Сондай – ақ корпускулярлық сәулеленудің интенсивтілігі де өзгереді. Күн активтілігі, күн атмосферасында пайда болған әр түрлі түзілістер қатарында: күн дақтары, факелдер, флоккулдар оталулар байқалады. Оның барлығы Күннің жалпы әлсіз магнит өрісігің фонында магниттік өрісі қуатының күшеюіне байланысты (қуаттылық 1 эрстеда).

Күн дақтар – фотосфералардың салыстырмалы суық учаскелері, олардың температурасы қоршаған кеңістіктегіден шамамен 15000 төмен және олармен салыстырғанда қарайып көрінеді. Күн дақтары пайда болғанға дейін оның орнында күшті магнит өрісі орнайды, ол газ конвекциясын баяулатып, сол арқылы энергияны фотосфераға төменнен өткізеді. Дақтар топ – тобымен пайда болады және олар бірнеше сағаттан бірнеше айға дейін өмір сүреді.