Уақыт санау жүйесі

Жер бір уақытта талай қозғалыстарға қатысады. Ол өз осінен-айналады. Күн маңымен айналады, Айменен ортақ және бүкіл Күн системасымен ортақ ауырлық центрінің төңірегінде, Күн системасы құрамында Галактика- ядросы маңында қозғалады, бүкіл Галактикамен бірге Әлем кңіістігінде айналады. Бірақ жерде болып жатқан процестерге тигізетін әсері жағынан бастысы — біздің планетамыздың осьтік және орбиталық қозғалыстары. Бүкіл қозғалыстар бір уақытта болатындықтан, олардың тигізетін әсері шатысып жатады.

Жердің осінен айналуы. Егер Жерге солтүстік полюс жағынанқарайтынболсақ, Жербатыстаншығысқақарайсағат стрелкасына қарама қарсы айналып,23 с 56 минішіндеөз осінен толықайналыпшығады.Жердің барлық нүктелерінің айналубұрыштық жылдамдығы бірдей(15°/сағ).Айналудың сызықтық жылдамдығы жердің тәуліктік айналу периоды ішінде нүктенің өтетін қашықтығына байланысты. Жердің бетінде осьтің шығуын бейнелейтін, нүкте ғана — географиялық полюстер (солтүстік және оңтүстік) қозғалмайды. Экватор сызығындағы нүктелерүлкенжылдамдықпен(464 м/сек)айналады Экватор — екі полюстен бірдей қашықтықта, айналу осіне перпендикуляржазықтық Жердіқиюынанпайдаболғанүлкен шеңбегі «Егер Жерді ойша экваторға параллель жазықтықтармен қиятын болсақ, жер бетінде батыстаншығысқасозылған сызықтар — параллельдерпайдаболады.Параллельдердің ұзындығы экватордаң полюске қарай қысқарады, соған сай олар айналғанда сызықтық жылдамдық та азаяды. Бір параллельдегі барлық нүктелердің айналуына сызықтық жылдамдығы бірдей. Жердің айналу осі арқылы Жерді жазықтықтармен қиятын болса, оның бетінде солтүстіктен оңтүстікке қарай бағытта сызықтар — меридиандар(латыншаmeridianus — талтүстік) пайда болады.

Жердің өз осінен айналуына тербелу маятнигімен жасалған белгілі тәжірибе айқын дәлел бола алады.

Механика заңы бойынша кез келген тербелу денесі тербелу жазықтығын сақтауға тырысады. Еркін ілініп қойылған тербелу маятнигі тербелу жазықтығын өзгертпейді, мұнымен бірге, егер Жер бетінде осындай маятниктің астына бөлу белгілері бар шеңбер орнататын болса, онда осы шеңберге қарағанда, жердің бетіне қарағанда маятниктің тербелу жазықтығы өзгеретінін көреміз. Бұл тек қана маятниктің тербелу жазықтығының өзгеруі сағатына 150 болады. Экваторда маятниктің тербелу жазықтығының жағдайы өзгермейді, өйткені ол үнемі меридианмен дәл келіп отырады.; аралықтағы ендіктерде айналып тұрған сияқты тербелу жазықтығы сағатына 150 sin φ тең (φ – бақылау орнының географиялық ендігі).

Жер айналымының ауытқу әрекеті. Жердің осінен айналуының маңызды салдарының бірі – олардың қозғалысының бағытынан дене ауытқыған тәрізді көрінуі. Инерция заңы бойынша кез келген қозғалушы дене дүние кеңістігіне қарағанда қозғалыс бағытын (және жылдамдығында) сақтауға тырысады. Егер қозғалыс жылжып бара жатқан бет үстінде, яғни қазіргі жағдайда, айналған жерде болса, осы үстіңгі бетпен байланысты бақылаушыға, дене өз қозғалысының бағытын ауыстырған тәрізді көрінеді. Жер айналымы ауытқу әрекетін Кориолис күші деп атайды.

Кориолис күші дене қозғалысына әр уақытта перпендикуляр бағытталған, егер айналым сағат стрелкасына қарсы болса қозғалыс бағыттан оңға қарай, ал сағат стрелкасы бойынша болса, солға қарай бағытталған. Бұл күш дене қозғалысының жылдамдығына байланысты; қозғалыс тездеткен сайын ауытқу көбейе түседі. Айналу осіне қозғалыс перпендикуляр болғанда ауытқудың максимумы болады. Кориолис күші дене қозғалысы бет бойымен болғанда да құлап түскенде де әсерін тигізеді. Дене қозғалысы горизонтальды жазықтықта болса, ауытқудың максимумы керісінше полистерде, ал минимумы экваторда болады. Солтүстік жарты шарда ауытқу оңға, оңтүстікте – солға (егер оңтүстік полюс жағынан қараса Жер сағат стрелкасы бойынша айналады).

Уақыт. Жердің осімен айналу периоды – тәулік – уақыт өлшеудің табиғи бірлігі. Біз жердің осімен айналуын сезбейміз, бірақ аспан күмбезінің бізге көрінетін қозғалысы бойынша біз оны бақылай аламыз. Нақты күндік тәуліктердің ұзақтығы әр түрлі болады және ол дәл уақытты өлшеуге жарамсыз. Күнді белгілейтін нүкте. Орташа күндік тәулік – орташа күн уақытының 24 сағаты. Тәуліктің бастамасы болып орташа Күннің төменгі кульминация моменті, яғни түн ортасы алынады.

Тәулік барлық меридианның өзіндік жергілікті уақыты бар, ол шығысқа қарай орналасқан сайын, онда соғұрлым жаңа тәулік ерте басталады. Жер айналасында әрбір сағат сайын 150 – қа бұрылады; сондықтан бір-бірінен 150-қалып қойған мерилиандарда жергілікті уақыт 1 сағат айырма жасайды. Егер меридиандардың аралық қашықтығы 10 болса, уақыт айырмашылығы 4 мин. болады.

Дүние жүзілік уақыт ретінде бастапқы меридиан (гринвичтік) уақыты алынған. Жергілікті уақытты дүние жүзілікке болмаса керісінше келтіру үшін нүктенің бастапқы меридианнан бұрыштық қашықтығын— оның бойлығын — білу керек. Дүние жүзілік уақыт астрономияда пайдаланылады, ал ол нақты өмір- де қолданылмайды.

Жергілікті уақыт көршілес пункттердің уақыттарының әр түрлі болуынан қолайсыздық туғызады. Сондықтан да ХІХ ғ. өзінде бүкіл Жер бетін әрқайсысы 15° есебімен 24 сағаттық белдеуге бөліп белдеулік уақыт жүзеге асырылды. Белдеулік уақыт сол белдеудегі орта меридиан бойынша есептелінеді. Белдеу шекарасынан асқан кезде уақыт 1 сек. өзгереді.

Бастапқы немесе нольдік белдеуде гринвич меридианы уақыты болады, ол белдеуді қақ ортасынан бөледі. Бірінші белдеудің уақыты бастапқысының уақытынан 1 сек, екінші 2 сек айырмашылық болып отырады.

Белдеулердің шекаралары меридиандар бойынша емес, саяси, шаруашылық және басқа да шекаралар (сағаттық поястар картасын қараңыз) бойынша жүрізіледі.