Адам мен табиғаттың ара қатынасы нәтижесінде туындайтын проблемалар

Адам баласы табиғи ортада өмір сүріп, оның ресурстарын пайдаланатын болғандықтан, табиғи ортаға тигізер әсері де алуан түрлі. Сондықтан ландшафтарды халық шаруашылығының жекелеген салаларында пайдалану қажеттілігі мен ерекшеліктеріне байланысты туындаған өзгерістер де әрқалай. Мысалы, биологиялық өнімділікті арттыру үшін егін шаруа-шылығындағы агротехникалық шаралар: қышқыл топырақ қабатын ізбестеу, терендете жырту, суару мсн батпақтан құрғату үшін жүргізілетін мелиоративтік жұмыстар, ауыспалы егістік, әр түрлі тыңайтқыштарды пайдалану, тау беткейлерін террасалау, су өткізгіштігі нашар сазды топыраққа құм себу сияқты шаралардан кейінгі өзгерістер.

Адамның табиғи ортаға әсер ету формасы әр түрлі болғанымен, әрқайсысының қарқындылығы мен масштабы бірдей емес. Мысалы, құрылыс жұмыстары мен қазба байлықтарды өндіру аз территорияны қамтығанымен, табиғи ортаны өзгертуі күрделі — бүкіл комплексте түбірімен өзгерістер туындатады. Келесі бір формасы, мысалы, ауыл және орман шаруашылығында үлкен аймақты қамтығанымен, ландшафтардың өзгеру деңгейі мардымсыз.

Кез келген территорияны пайдалану мен осының салдарынан сол аймақта антропогендік ландшафт типтерінің қалыптасуы, ең алдымен, табиғаи жағдайға байланысты. Құрлықтардағы қара топырақты жазықтардың суарылмайтын егістікте, қоңыр топырақты құрғақ далалардын, суармалы, ал құрғақ дала мен шөлейт зоналарының жайылымдық антропогендік ландшафт типінде пайдалануы тектен-тек емес.

Ф.Н.Мильков (1978) және басқа біршама ғалымдардың түсінігі бойынша, жер бетінде алғашқы жаратылысын сол табиғи күйінде сақтаған ландшафтар қалған жоқ, олардың тылсым көпшілігі антропогендік ландшафтар модификациясымен ауысқан. Бірақ қаншама өзгеріске ұшыраса да, антропогендік ландшафтар табиғи зандылықтарға бағынады, яғни тікелей табиғи процестердің әсерінде дамиды. Сондықтан адам баласы табиғи зандылықтарды ауыстыра алмайды тундра, шөл, таулар мен жазықтардың дамуындағы негізгі табиғи айырмашылықтарды жоққа шығара алмайды. Мысалы, тайгадағы егістіктер тайга зонасының, ал шөл зонасындағы оазис-тер зоналық зандылықтар барда осы зонаның бір бөлігі болып қалады. Өйткені, адам баласы күн радиациясын, атмосфера циркуляциясын және тектоникалық қозғалыстарды басқаруды меңгермейінше, зоналық зандылықтарды басқару мүмкін емес. Жекелеген компоненттерді: өсімдіктерді, су режимін қайта құру — «антропогендік ландшафтар» пайда болды дегенмен бірдей емес. Өйткені, біріншіден, тіпті ірі қоныстық антропогендік ландшафтар модификациясындағы қатты өзгеріске ұшыраған компоненттердегі (геологиялық фундамент, макрорельеф) табиғи ландшафтардың құрылысы мен дамуы табиғи заңдылықтардың ағымымен болады. Екіншіден, адам ландшафтардың жаңа компонентерін жасаған жоқ, тек соған жаңа элементтер енгізді: өсімдіктердің жаңа түрлерін, каналдар, су қоймалары, карьерлер мен террикондарды қалыптастырды. Оның ішінде «жасанды элементтер» — инженерлік құрылыстар, тұрғын үйлер, әр түрлі транспорттық жолдар; табиғи — адам әсерінен бір жерден екінші жерге орын ауыстыруы: өсімдіктер мен жануарлар акклиматизациясы. Дегенмен, кез келген жасанды элемент табиғат заңының, онын. процестерінің әсеріне ұшырайды. Мысалы, су қоймаларының тау жыныстарымен толуы, уақыт өте келе біртіндеп өсімдік түрлерінің қалыптасуы т.б. «Жаңа», адам әсерінен пайда болған элементтердің «байырғы» элементтерден айырмашылығы олардың тұрақсыздығы.

Геожүйелерді қайта құру үшін немесе оның орнына «жаңасын» қалыптастыру үшін «тұрақтылығы» басқаша ішкі және сыртқы байланыстар жүйесін құру керек. Геожүйелерге әрекет етудің (кенеттен және әдейілеп белгілі бір мақсатпен) екі тобын ажыратады: фундамент пен ауа массалары; екіншісі қалған компоненттер. Геожуйелердің құрылысындағы көптеген өзгерістерге бірінші топтағы компоненттерді өзгерту арқылы жетуге болады, өйткені олар арқылы геожүйеге зат пен энергия келеді. Өзгеріс болған жағдайда фундамент пен рельеф қайтып орнына келмейді, яғни олармен байланысты басқа компоненттер де қайтымсыз өзгеріске ұшырайды. Мы-салы, рельеф пішінінің өзгеруінен гравитациялық тепе-теңдік өзгереді, орнына келмейді. т.с.с.

Ландшафт немесе геожүйе деңгейінде екінші топтағы компоненттер көп өзгеріске ұшырайды, олар: биота, топырақ жамылғысы мен жануарлар дүниесі. Дегенмен, биотикалық компоненттердің өздігінен қайтып орнына келу мүмкіншілігі жоғары. Ландшафтардағы бір элементті екіншісімен ауыс-тыру: жаңа өсімдік түрлерін отырғызу немесе басқа аймақтардан жаңа жануарларды қоныстандыру нәтижесінде зат алмасу мен топырақ түзілу процестері өзгереді, бірақ түпкілікті өзгеріс болмайды.

Қазіргі кезде жер беті табиғи ландшафтарының 85%-га жуығы қатты өзгеріске ұшыраған. Бұл ең алдымен орманды алқаптардың ауданының азаюынан көрінеді: антарктиданы қоспағанда бүкіл дүние жүзі жер бетінін 25 пайызын ғана орманды алқаптар алып жатыр. Демек, орманды алқаптарды халық шаруашылығының әр түрлі саласында пайдалану салдарынан оның түрлік құрамы мен сапалық ерекшеліктері нашарлайды. Мысалы, тропиктік ылғалды ормандардың ауданы соңғы 10 жыл ішінде 55,3 пайызға дейін азайған. Егер де осьшдай қарқындылық сақталса, онда тропиктік ормандар 85 жылдан соң жер бетінен мүлдем жойылуы мүмкін.

Қоғам мен табиғи орта арасындағы қарым-қатынастың иәтижесі ертеден-ақ әр түрлі саладағы ғалымдардың назарын аударып келгенімен, осы уақытқа дейін толығымен шешімін таппаған мәселенің бірі болып отыр. Бұл мәселені дүрыс шешу бүкіл әлем халқының алдында тұрған міндет, өйткені бүгінгі таңда табиғи процестердің дамуында орын алып отырған жағымсыз құбылыстарды жою немесе мүлдем болдырмау шараларымен адамзаттың болашақтағы өмір сүруі тікелей байланысты екендігі мәлім.