Тынық мұхит және Мұхит аралдары

Тынық мұхит — дүние жүзіндегі ең үлкен және ежелгі мұхит. Тынық мұхит тек үлкендігімен ғана емес, мұхит табанындағы жер қыртысының өте күрделі болуымен, жиі қозғалғыштығымен, өте тереңдігімен, жанартау атқылау мен жер сілкіну құбылыстарының жиі байқалуымен, суында жылу қорының мол болуымен, аралдарының көптігімен, тіршілік дүниесінің алуан түрлілігімен ерекшеленеді.

Тынық мұхиттың ауданы — 178,6 млн. км. Оның айдынына Жер шарындағы барлық материктерді сыйғызуға болады;

Тынық мұхиттың ені батыстан шығысқа қарай 19 мың км, ұзындығы солтүстіктен оңтүстікке қарай 16 мың км-ге жетеді;

Тынық мұхиттағы судың көлемі 710 млн. км3-ге тең, бұл Дүниежүзілік мұхит суының 53%-ын құрайды;

Тынық мұхитта Дүниежүзілік мұхиттың ең терең бөлігі —

Мариана шұңғымасы (11022 м) орналасқан. Мұхиттағы орташа тереңдік 4 мың метрге жуық;

Тынық мұхит — ең жылы мұхит, оның суының орташа температурасы +19,4°С;

Тынық мұхитта аралдар өте көп, олардың жалпы саны 10 мыңнан асады.

Географиялық орны. Тынық мұхиттың негізгі бөлігі батыс жарты шарда, экватордың екі жағын ала орналасқан. Ол Африкадан бас-қа барлық материктердің жағалауларын шайып жатыр. Мұхиттың әсіресе Еуразия материгін шайып жатқан бөлігінде жағалау өте күшті тілімденген: мұнда жағалық теңіздер мен ірілі-ұсақты шығанақтар бұғаздар өте көп (картадан оларды анықтаңдар). Олардың көпшілігі (қай теңіздер?) материктік қайраңда орналасқандықтан онша терең емес. Ал кейбір теңіздер (қай теңіздер?) литосфералық тақталарды жымдасу аймағында орналасқандықтан өте терең және мұхитта аралдық доғалар арқылы бөлініп жатыр.

Зерттелуі. Тынық мұхиттың ашылуы және зерттелу тарихын Материктер мен мұхиттардың зерттелу кезеңдері» тақырыбынан оқып танысқансыңдар. XIX ғасырда арнайы жасақталған Ресейдің Витязь», ағылшындардың «Челленджер» ғылыми зерттеу кемелері Тынық мұхит табиғаты туралы көптеген жаңа мәліметтер жинақтады. Тынық мұхит табиғатын зерттеу мақсатында Ресейдің ХІХ ұйымдастырған 40-тан астам ғылыми-зерттеу экспедицияларының жинақтаған мәліметтері әлі күнге дейін маңызын жойған жоқ.

Тынық мұхит табиғатын нақты, ғылыми тұрғыдан зерттеу тек екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін XX ғасырдың екінші жартысында басталды. Экспедициялар негізінен Дүниежүзілік мұхит пен материк арасындағы өзара байланыстарды зерттеу мақсатында ұйымдастырылды. Алғашқы саяхатын 1947 жылы бальс ағашынан жасалынған жеңіл «Кон-Тики» салымен Перу жағалауынан бастаған атақты норвег саяхатшысы Тур Хейер-дал Тынық мұхит пен Мұхит аралдары табиғатының құпияларын ашуға арналған өз зерттеулерін әлі күнге дейін жалғастыруда.

1943 жылы француз әскери теңізшісі Жак Ив Кусто басшылығымен алғашқы аквалангтың жасалынуы мұхит табиғатын зерттеудегі зор жетістік болды. Акваланг киген ғалымдар су астында ұзақ уақыт емін-еркін жүзіп, зерттеулер жүргізуге мүмкіндік алды. Кусто және оның командасы «Калипсо» ғылыми-зерттеу кемесімен әлі де мұхит айдынында зерттеу жұмыстарын жүргізіп, мұхит табиғаты жайлы қызғылықты фильмдер топтамасын жасауда.

1957 жылы Ресейдің «Витязь» ғылыми-зерттеу кемесі Тынық мұхитта зерттеулер жүргізіп, оның ең терең бөлігі — Мариака шұңғымасын ашты. Қазіргі кезде Тынық мұхит табиғатын зерттеу арнайы құрылған халықаралық ұйымның басшылығымен жүргізілуде.

Табиғаты. Тынық мұхит ең ежелгі мұхит, ол түгелдей дерлік Тынық мұхит литосфералық тақтасында орналасқан.

Ұзақ даму тарихы бар бұл литосфералық тақта өте күрделі құрылымдардан тұрады. Мүхиттық тақтаның көршілес жатқан материктік тақталармен жымдасқан жері мұхит табанының өтпелі аймақтарына сәйкес келеді. Бұл бөлік терең мұхит шұңғымаларынан, аралдар доғасынан, шеткі теңіздердің қазаншұңырларынан тұрады. Аралдар доғасы мұхит түбінен атқылаған жанартаулардан пайда болған, ол Тынық мұхит жағалауларында «Отты шеңбер» деп аталатын жанартаулар жүйесін құрайды. Тынық мүхит табанының басты ерекшелігі — оның ең терең бөліктерінің аралдар доғасы мен материк жағалауын бойлай орналасқан шұңғымаларға сәйкес келуі. Материктік қайраң Азия мен Аустралия жағалауларында ғана жақсы дамыған. Ал өте жіңішке, тік болып келетін материктік беткей сатылы түрде тереңдеп, қазаншұңқырларға ұласады.

Тынық мұхит табанындағы өте үлкен қазаншщқырлар жекелеген таулар мен су асты жоталары арқылы белініп жатыр. Қазан шұңқырлардың орташа тереңдігі 6000-8000 м аралығында болады. Шығысында орналасқан Шығыс Тынық мұхит су асты жотасы су асты жоталарының дүниежүзілік жүйесіне кіреді. Жекелеген су асты жоталарының саны 10 мыңнан асады, олардың басым көпшілігі жанартау атқылауы нәтижесінде қалыптасқан. Жоталардың су бетіне шыққан бөліктері аралдарды құрайды. Тынық мұхитындағы ең үлкен жанартаулық аралдар тобы — Гавай аралдары.

Тынық мұхиты солтүстік полярлық белдеуден басқа барлық климаттық белдеулерді қамтиды. Солтүстік Мұзды мұхиттың суық суларынан құрлық арқылы бөлініп жатқандықтан, судың температурасы мұхиттың солтүстігіне қарағанда оңтүстігінде төмен болады. Өте үлкен аймақты алып жатқан Тынық мұхит айдынында судың беткі температурасы полярлық ендіктердегі -1°С-тан экватор маңында +29°С-қа дейін өзгереді.

Мұхиттағы пассаттар басым болатын экватор бойында жылдық жауын-шашын мөлшері 2000 мм-ден кем болмайды. Тынық мұхиттың солтүстік-батысындағы Еуразия жағалауында муссондық циркуляция күшті байқалады. Жазғы муссон материк жағалауы мен аралдарға мұхиттан мол ылғал әкелсе, қыста материктен соғатын суық, әрі құрғақ муссон қоңыржай белдеудегі жағалық теңіздердің ұзақ уақыт қатып жатуына себепші болады. Ал сол ендіктердегі ашық мұхитта судың беткі температурасы әлдеқайда жоғары болады. Осы жағалаудағы тропиктік белдеуде жаздың аяғы мен күздің басында қысым айырмашылығы әсерінен қалыптасатын тайфундар байқалады. Ал қоңыржай белдеулерде жылдың салқын мезгілінде батыс желдерінің ықпалы күшейеді. Әсіресе жолында құрлық кездеспейтін оңтүстік қоңыржай ендіктерде ершелене соғатын бұл желдер дауылға айналып, биіктігі 25-30 м-ге жететін жойқын толқындар пайда болады. Жылдық жауын-шашынның ең көп мөлшері батыс желдердің жолында жатқан материктердің қоңыржай белдеулерінің батыс жағалауларында байқалады. Тынық мұхит бетінен буланудан гөрі түсетін жауын-шашын мөлшері көбірек болғандықтан, судың беткі қабатының тұздылығы басқа мұхиттармен салыстырғанда тәмен болады.

Тынық мұхиттағы беткі ағыстардың таралуын 28-сурет бойынша анықтап, жылы және суық ағыстардың жағалаудағы материктер табиғатына тигізетін әсерін түсіндіріңдер.

Тынық мұхиттың өсімдіктер мен жануарлар дүниесі өте бай және алуан түрлі болып келеді. Олардың басқа мұхиттардағы тіршілік дүниесінен басты айырмашылығы — өте ежелгі және алып түрлердің көптеп кездесуі. Бұл ерекшеліктер мұхит суының көлеміне, табиғат жағдайларының алуан түрлілігіне байланысты. Тынық мұхитта басқа мұхиттарда кездеспейтін балықтардың өте ежелгі түрлері, теңіз кірпілері, семсерқұйрық, теңіз мысығы, теңіз қабыланы, теңіз қабыланы сақталып қалған. Өте бағалы албырт балық түрлерінің 95%-ы Тынық мұхиттың Еуразия жағалауында тіршілік етеді. Осы маңда суық және жылы сулар араласатындықтан минтай, камбала, майшабақ, таңқышаяндар көп ауланады, жалпы тіршілік дүниесі бай болады (не себепті?).

Екі жарты шар тропиктері арасында жатқан Зонд аралдары мен Аустралия жағалауындағы қайраңдарда ірі маржандық рифтер кездеседі. Рифтер пішіндері мен түстері жағынан бір-бірін қайталамайтын таңғажайып маржандық құрылымдарды түзеді. Олардың арасында әр түрлі бақалшақтар, тікентерілілер, шаянтәрізділер көптеп кездеседі. Мұхиттың экваторлық аймағындағы ашық бөлігінде ірі жыртқыш балықтар, ұшқыш балықтар, акуланың бірнеше түрі, кашалот тіршілік етеді. Осындағы қос жақтаулы алып бақалшақ – тридакнаның өзінің салмағы 300 кг-ға жетеді.

Оңтүстік Америка жағалауындағы жылы және салқын мұхит ағыстары түйісетін тропиктік белдеудің сулары балыққа ерекше бай. Мұнда майда шабақ тәріздес анчоус балықтары, ставрида, скумбрия, ашық мұхитта киттер, теңіз мысықтар теңіз құндыздары, калъмарлар мен сегізаяқтар көп кездеседі. Оңтүстік жарты шардың қоңыржай белдеуінде өсетін ұзындығы 200 м-ге жететін қоңыр балдырлар жалпы балдырлар әлемінің алыбы болып табылады. Антарктида жағалауындағы суық суларда теңіз қабыланы, итбалықтар, алып көк киттер, жағалауларда пингвиндермен су құстарының бірнеше түрлері тіршілік етеді.

Тынық мұхит жағалауларында Жер шары халқының тең жартысы мекендейтін 50-ден аса ел орналасқан. Бұл елдердің халықтары ежелден-ақ мұхит байлықтарын пайдаланып келеді. Дүние жүзінде ауланатын балықтардың тең жартысы Тынық мұхиттың үлесіне тиеді. Сонымен қатар мұхиттан әр түрлі бақалшақтар мен креветкалар ауланып, балдырлар мен теңіз орамжапырағы (капустасы) алынады. Көптеген елдер мұхит суынан түрлі пайдалы қазбаларды, ал мұхит қайраңдарынан мұнай өндіреді. Тынық мұхит арқылы материктерді жалғастыратын маңызды су жолдары өтеді, әсіресе материктерді бойлай жүзетін кеме қатынасы жақсы жолға қойылған.

Мұхит байлықтарын ретсіз пайдалану, сулардың мұнаймен, радиоактивті қалдықтармен ластануы соңғы жылдары белең алуда. Әсіресе өнеркәсібі күшті дамыған елдер орналасқан жағалауларда ластану дәрежесі жоғары. Ластанған сулар ағыстармен бүкіл мұхит айдынына таралады, тіпті Антарктида жағалауындағы жануарлардың денесінен зиянды заттар табылған. Тіршілік ортасының шамадан тыс ластануынан және шектен тыс аулаудың нәтижесінде ерекше теңіз жануарлары — су сиырлары жойылып кеткен. Қазіргі кезде теңіз мысықтары мен киттердің санының азаюына байланысты оларды аулауға тыйым салынған.

Мұхит аралдары.Тынық мұхитта аралдардың көп екендігін алдыңғы тақырыптардан білесіңдер. Мұхиттың орталық және оңтүстік-батысында шоғырланған аралдардың тобын Мұхит аралдары деп атайды. Бұл аралдардың саны 7 мыңнан асады, жалпы ауданы 1,3 млн. км2 болады. Мұхит аралдары экватордың екі жағында, солтүстік жарты шардың субтропиктік белдеуі мен оңтүстік жарты шардың коңыржай белдеуі аралығын алып жатыр. Ірі аралдарына Жаңа Гвинея, Жаңа Зеландия, Гавай, Фиджи және т.б. аралдар жатады. Тарихи-географиялық ерекшеліктеріне байланысты Мұхит аралдары Меланезия (‘қараарал-дар»), Микронезия (‘кіші аралдар»), Полинезия (‘көп аралдар») және Жаңа Зеландия болып бөлінеді.

Мұхит аралдары еуропалықтарға Ф.Магеллан саяхатынан кейін ғана белгілі болды. Кейіннен бұл аралдар туралы мәліметтерді Джеймс Кук пен орыс саяхатшылары жинақтап, толықтырды. Әсіресе Жаңа Гвинея аралында 12 жыл тұрған орыс ғалымы Н.Н.Миклухо-Маклай Мұхит аралдарының табитаты мен халқы жөнінде құнды ғылыми еңбектер жазып қалдырған. Мұхит аралдарында саяхатшылардың құрметіне қойылған географиялық атаулар көп таралған (оларды картадан табыңдар).

Табиғаты. Мұхит аралдарының әсем табиғаты алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Аралдардың кейбірінде асқақтаған таулар басым болса, кейбіреуін теп-тегіс жазықтар алып жатыр. Аралдардағы жер бедерінің әркелкілігі және оларды құрайтын жыныстардың әр түрлілігі аралдардың қалыптасуы мен шығу тегіне байланысты болады.

Мұхит аралдары Тынық мұхит табанындағы қозғалыстардың нәтижесінде түзілген. Аралдардың басым көпшілігі жанартаулық әрекеттерден түзілген. Жанартаулық аралдардың ең ірісі — Гавай аралдары. Мұндағы сөнбеген Мауна-Лоа жанартауының биіктігі 4170 м. Ал екі литосфералық тақталардың жымдасу аймағында қалыптасқан аралдар геосинклиналдық аралдар болып табылады. Олардың ең ірісі — Жаңа Зеландия аралдары. Жанартау атқылауы геосинклиналдық аралдарда да күшті байқалады. Жаңа Зеландияның Солтүстік аралындағы сөнбеген Руапеху жанартауының биіктігі 2796 м-ге жетеді. Доға жасап орналасатын геосинклиналдық аралдарды бойлай мұхит табанының терең шұңғымалары жатыр. Мысалы, Дүниежүзілік мұхиттыңеңтереңойысыболып есептелетін Мариана шұңгымасы Мариана аралдары маңында орналасқан. Сонымен қатар, Жаңа Гвинея, Жаңа Каледония сияқты ірі материктік аралдар да кездеседі. Судың температурасы жыл бойы жоғары болатын екі тропиктік сызық аралығында маржандық аралдар басым. Маржандық құрылымдар осы бөліктегі жанартаулық аралдардың түзілуіне де қатысады. Мұхит табанындағы қозғалыстар (жарықтардың пайда болуы, жанартау атқылауы, жер сілкінулер) нәтижесінде ұсақ жаңа аралдардың түзілуі немесе кейбір аралдардың жойылуы, цунами әсерінен қалыптасқан биік толқындардыңмаржандык құрылымдарды шайып кетуі — Мұхит аралдарына төн құбылыстар қатарына жатады.

Географиялық орнына сәйкес, Мұхит аралдарында ауа температурасы жыл бойы жоғары болады, бірақ мұхиттан соғатын ылғалды желдер климатты жұмсартады, ылғал бір қалыпты түседі. Жаңа Зеландия аралының қоңыржай белдеуге енетін оңтүстік бөлігінде ғана температура біршама төмен болады. Экватор бойында жатқан аралдарда жел болмайды. Ал екі тропиктердегі циклондар жолында жатқан аралдар тайфундардың жойқын ықпалына жиі ұшырайды.

Ірі материктік аралдар – ЖаңаГвинея мен Жаңа Зеландия географиялық орнының айырмашылықтары мен жер бедеріне сәйкес өзіндік табиғат ерекшеліктеріне ие болады. Жаңа Гвинея өсімдігінің түр құрамы жағынан Азияға, ал жануарлар дүниесі жөнінен Аустралияға ұқсайды. Өсімдіктерден саго, пандан және кокос палъмасынан тұратын орман, ал оңтүстігіндегі жазықтарда Аустралиялық казуарина, эвкалипт, акация өсетін саванна таралған. Жануарлардан кенгурудың бірнеше түрі, кускус, қалталы борсық, ехидна, казуар, какаду, жұмақ құстары, кесірткелер мен тасбақалар мекендейді. Ал жер бедері таулы болып келетін Жаңа Зеландия аралдарында гейзерлер мен қазіргі мұздану таралған, тіршілік дүниесі эндемиктерге бай. Діңі 3 метрге жететін жаңа зеландия қарағайы мен қызыл, сары, аққарағайлар, жаңа зеландия зығыры сияқты өсімдіктер мен аралдарды мекендейтін құстардың 250 түрі басқа ешбір жерде кездеспейді. Жаңа Зеландияда сүт қоректілер, бауырымен жорғалаушылар мүлде жоқ. Еуропалықтар мұнда жануарлардың 54 түрін әкелген, олардың көбісі жабайыланып, жергілікті табиғатқа зиян тигізуде.

Халқы мен елдері. Адамдар Мұхит аралдарын ежелден қоныстанған. Олардың аралдарды қоныстануы мен шығу тегі жайлы көптеген жорамалдар болғанымен, ғалымдардың көпшілігі оларды Оңтүстік-Шығыс Азиядан қоныс аударғандар деп есептейді. Аралдықтардың тұрмыс-тіршілігі ежелден-ақ теңізде жүзумен байланысты болған. Сондықтан да олар өте жылдам, оңтайлы жүзетін жеңіл қайықтар (каноэ) жасауды шебер меңгерген. Мұхит аралдарының негізгі халқы — папуастардың тұрмыс-тіршілігі туралы нақты ғылыми деректерді орыс саяхатшысы Н.Н. Миклухо-Маклайдың еңбектерінен табуға болады.

Байырғы халықтар бір-бірінен сыртқы пішіні мен тілдік ерекшеліктері, өзіндік мәдениеті мен салт-дәстүрлері жөнінен айырмашылық жасайды. Жаңа Гвинея мен оған таяу жатқан аралдарда экваторлық нәсілге жататын папуастар тұрады. Олардың өңі қара, қалың бұйра шашты, ұзын бойлы, денелері шымыр әрі куатты келеді. Ал Жаңа Зеландия мен оған жалғас жатқан аралдарда ерекше полинезиялык топқа жататын байырғы жаорц халқы тұрады. Олардың әңдері анағұрлым ақшыл болып келеді. Байырғы халықтардың саны дамыған елдердің отаршылдық саясатының нәтижесінде азайған.