Қазақстан нарықтық экономикаға барар жолда

Соңғы онжылдықтағы Қазақстан экономикасының негізгі бағыты жүргізілген реформалар мен оның орындалуымен байқалды. Экономика реформасы терең дағдарыс жағдайында жүргізілді.

Бірінші кезең (1992—1994) реформалар экономиканы либерализациялау, нарықтық қатынастың заң шығарушылығы мен институциональды базасын құруға бағытталды.

Жекеменшік, салық, бюджет, сыртқы экономика қызметтері мен банк істерінде нормативті құқықтық базалар негізі салынып құрыла бастады. Сонымен қатар шет елдік капиталдар мен кеден ісі, банкротқа ұшыраған мемлекеттік өндірісті нарықтыққа көшіру істері алға қойылды.

Осы кезеңде өндіріс өнімдерінің барлық салаларында қысқартулар байқалды. Бұрынғы өндірістің құнын инфляция аз уақыт ішінде төменге құлдыратты. Өндіріс орындары сыртқы және ішкі рынокқа қажет емес өнімдерді шығаруын тоқтатқан жоқ. Дайын өнімдер өндіріс қоймаларын мен өндіріс ғимараттары ішінде толып қалды. Өндірістің сыртқы және ішкі рынокқа төмен дәрежеде болу — оның негізгі себебі болды.

1994жылы 1990 жылға қарағанда өнеркәсіптердің өндіріс өнімдерінің көлемі 47,7% кеміді. Жеңіл, химия және машина құрылысы өнеркәсіптерімен қатар құрлыс материалдары өнеркәсіп өнімдері тез қысқартылды.

1994 ж. бастап өнеркәсіп орындарына шетелдік компаниялардың келуінен бастап, инвестицияның өсуі байқалды. Инвестицияның негізгі капиталда өсуі мұнай-газ саласында структуралық өсуіне әкелді. Мысалы 1991ж. 31%-тен 1994ж. 51% көтерілді. Металлургия өндірісінің инвестициялық үлесі 17% деңгейінде қалды.

Екінші кезең (1995—1999жж.) нарықтық реформалар өндірісте жүргізілуі, өндіріс салаларының тұрақталануы мен экспорт өнімдерінің ішкі рынокты қамтамасыз ету болып табылады.

Экономикалық реформалар экономика секторының негізіне айналды, елдің ішкі өнімі жалпы 25,6% болды.

Өндірістерді реформалау оларды реструктуризация жолымен және қаржы жағдайы төмен өнеркәсіптердің банкроттануы Қазақстанның стратегиялық экономика саласында шетелдік инвесторлар келуіне жағдайлар жасалды.

1996—1997жж. реформалануы негізінде өнеркәсіп өндірістерінің дамуы қамтамасыз етілді. 1999—2000жж. бұл өсу 2,7 және 14,6% жетті.

Қазіргі кезең өндіріс саясатында отандық өнімдерді қолдау, отандық нарық өнімдерін шет елге шығару және оны сапасыз өнімдерден сақтау жұмыстары жүргізілді.

Салалы бағдарлама бойынша ұлттық компанияларға қолдау көрсету.

Оның негізгі мақсаты экономикалық өсу негізін өнеркәсіптерді дамыту, жоғары технологиялы өнімдердің сапасын көтеру.

Соңғы 10 жыл уақытында Қазақстанның экономикалық картасында маңызды өзгерістер болды деп айтуға болады.

Өндірістік кәсіпорындар саны 19769 дан 14781-ге дейін қысқартылды; оның ішінде 92,1% жеке мемлекеттік 5,1%, шет елдік меншік 2,8% болды.

Таукен өнеркәсібінің мұнай өндіру саласы 85%-ті қамтиды. Қазіргі таңда Қазақстан ТМД елдері арасында Ресейден кейінгі мұнай өндіруде екінші орында, ал әлемдік бірлестіктегі 90 мемлекеттің ішінде алғашқы 30 мемлекеттің қатарында. “Тенгиз” және “Қарашығанақ” мұнай көздерінен жақын арада 40 млн. тонна мұнай және 30 млрд.куб.м. газ жыл сайын беру көзделуде.

Қазақстан әлемдік рынокта көмір өндіру саласы бойынша ең ірі ондыққа кіреді. (2000ж. 74,8 млн.тонна, немесе жалпы әлемдік көлемде 2,0% шамасында).

Қазақстандағы қара металлургия негізін темір, хром, марганец өндіру орындарынан көруге болады. Темір рудасының қоры бойынша Қазақстан әлемде сегізінші орында. Темір рудасының негізгі аудандары Қостанай мен Қарағанды облыстары болып табылады. Рудаларды шығару мен өңдеу Қостанай облысында ААҚ “ССГПО” және ААҚ “Лисаковский ГОК”, сонымен қатар Қарағанды облысындағы ААҚ “Атасуруда” болып табылады.

Қазақстан марганец рудасы қоры бойынша ЮАР, Украинадан кейін үшінші орында, бұл руданы өндіруде әлемдік стандарт бойынша 7 орынды иеленеді.

Түсті металл өндіруде, барлық металл түрлері қысқартылды, тек мыс өңдіруді қысқарту жай жүргізілді, оған себеп бұл металдың әлемдік бағасының жоғарылығы мен нақты шикізат көз болып табылды.

Қорғасын өндірісін өндіруді қысқарту жоғарғы шапшаңдықпен жүргізілді.

1994ж. Павлодар глинозем заводы, Өскемен титаномагний комбинаты және Шығыс Орталық пен Оңтүстік Қазақстанның барлық өндіріс орындары тоқтатылуға шақ қалды.

Қара металл өндіру ісінің төмен түсуі өте терең болды. Оған себептер болған жағдайлар өндірісті сату рыногін жоғалту, өндіріс технологиясын жаңартуда инвесторлардың жоқтығы және өндіріс басшыларының орынан көп ауыстылуы болды.

1994 жылы 1990 жылға қарағанда; электроэнергия 1990ж. — 8,3%, 1994ж. 18,9%, отын өндірісі 10,2% және 21,9%, металлургия 15,6% және 24%. Жеңіл өндіріс 1990ж. 15,6%, 1994ж 3,8%, машина жасау 15,9%, 1994ж. 7,3%, тамақ өндірісі 1990ж. 15,9%, 1994ж. 9,9%, химия өнеркәсібі 1990ж. 6,3%, 1994ж. 3,7% болды. 1995ж. бастап металл өнеркәсібі мен мұнай өндіру іс жоғарылады.