Тас дәуіріндегі Қазақстан

Неолит. Неолиттік тұрақтар. Қара үңгір. Батыс Қазақстандағы неолит тұрақтары. Келтиминар мәдениеті. Мақанжар мәдениеті. Энеолит. Ботай мәдениеті. Өнім өндіруші шаруашылықтың және түрлі шаруашылық аудандарының қалыптаса бастауы. Егіншілік. Мал шаруашылығы.

  1. Алғашқы адам басқа ірі жыртқыштарға қарағанда әлсіз болды, өйткені адамның күшті тістері мен тырнақтары жоқ. Оның есесіне алғашқы Гоминидтер еңбек құралдарын жасау мен қолдану арқылы сол әлсіздіктерін білдірмеді. Алғашқы құралдар — сүйек сынықтары, өткір таяқтар, дөрекі өңделген тастар болды. Тас ең ұзақ қолданылған құрал болды, ол осыдан 2,5 млн. жылдан бұрын б.з.д. 5 мың. дейін адамзат техникасында басты орын алды. Бұл кезеңді археологтар тас ғасыры деп атап, оны екі кезеңге бөледі — Палеолит

(ерте тас ғ.) және Неолит (жаңа тас ғ.). Олардың арасындағы өтпелі кезеңді Мезолит (орта т.ғ.) деп атады. Өз кезегінде палеолит те екіге бөлінеді: төменгі (б.з.д. 2 млн. — б.з.д. 40 мың) және жоғарғы (б.з.д. 40 — б.з.д. 12 мың).

Ең, көне бастапқы замандардағы адамдардың өмірі туралы түсінікке сүйене отырып, олардың тіршілігін зерттеу арқылы, олардың мекеніне, тұрақтарына қарағанда, тау үңгірлерінде сақталған қалдықтарын, яғни тастан жасалған еңбек құралдарын, тамақ қалдықтарын, жануарлардың сүйек қаңқаларын зерттеп білу қажет болды. Сондай-ақ, қоғамдық дамуда кешеуілдеп қалған қазіргі замандағы халықтардың өмірінен алынған этнографиялық мәліметтердің де мәні зор. Ол мәліметтер ең көне замандардағы адамзаттың материалдық және рухани мәдениетінің кейбір қырларын тура түсінуге мүмкіндік туғызады. Дегенмен, негізгі мәліметті, бастапқы адамдық қоғамның жалпыға ортақ материалы – тастан жасалған еңбек құралдары береді.

Тарих ғылымының өзекті мәселелерінің бірі – адамзат қоғамының даму тарихын кезеңдерге бөлу. Кезеңдер – бұл қоғамдық даму барысында бірін-бірі ауыстырып отырған дәуірлерді анықтау. Дәуірлерді анықтауда, қоғамдағы негізгі – үдемелі өзгерістерді қамтамасыз ете алатын факторлар алынады.

Тарих ғылымының қалыптасу барысында, тарихшы-ғалымдар кезеңдердің бірнеше, яғни айналым теориясы (Пифагор, б.э.б. VІғ.), формациялық (К.Маркс, ХІХғ.), өркениеттік (А.Тойнби ж.б. батыс ғалымдары, ХХғ.) және басқа варианттарын ұсынды.

Өркениеттің басталу мезгілін зерттеп тануда ғылымда кең қолдау тапқан археологиялық кезеңдер. Ол еңбек құралдарын жасауда пайдаланылған материалдар және жасау техникасындағы айырмашылықтарға сүйенеді. Сөйтіп, ең көне дәуірді үш кезеңгі бөлуге болады: тас ғасыры (адамның пайда болуынан б.э.б. ІІІ мың жылдыққа дейін), қола ғасыры (б.э.б. IV мың. б.э.б. І мың жылдыққа дейін), темір ғасыры (б.э.б. І мың жылдықтан бері).

  1. Тас ғасыры өз ретінде ерте тас (палеолит), орта тас (мезолит), жаңа тас (неолит) және қола ғасырына өтпелі арадағы мыс пен тас қатар тараған ғасыр (энеолит) болып бөлінеді.

Ежелгі тас ғасырының алғашқы құралы, бүтін тастан жасалған шаппа тастар болған. Олар дөрекі, өңделмеген болатын. Бұл көне құралдар шель мәдениетіне байланысты, кезінде австралопитектер жасап шығарған. Кейінгі кезеңдерде ондай шаппа тастардың өңделген түрлері табылды. Сонымен қатар құралдардың дифференциясы байқалады. Адамдар енді қырғыштар, тас пышақтарды, үшкір ұшты құралдарды жасай бастады. Құралдарды жасаудың екі жолы болған: біріншісінде тастардан шабу арқылы шақпақтар алынып, оларды қайта өңдеген. Бұл мәдениет ашель деп аталды. Тас құралдардан басқа тік жүретін адам еңбек құралдарын сүйек пен ағаштан жасаған. Отты пайдалануға байланысты ол ұшы күйдірілген найза мен қазықтар жасады.

Көп уақыт бойы ғалымдар Қазақстан жерінде тас ғасырының іздерін таба алмады. Ал бұл біздің жерімізді ежелгі адамдар өте кеш қоныстанды деген жансақ пікірге әкелді. Соңғы зерттеулер бойынша, ежелгі адамдар Қазақстан жерінде ашель кезінде қоныстанған. Сол дәуірдің ескерткіштері Оңтүстік Қазақстан жерінде, Қаратау бөктерлерінің жанынан табылған. Бұл Тәңірқазған, Бөрікқазған, Ақкөл тұрақтары.

Бүгін Қазақстанда палеолит мәдениетінің екі ауданы белгілі: Оңтүстік Қазақстан мен Сары-Арқада. Бұл аудандар тас құралдарын өңдеу мен оларды жасау үшін қолданылатын материалдардың әртүрлігімен ерекшеленеді. Жалпы Оңтүстік аудандарға қарағанда Солтүстік және Орталық Қазақстанда технологияның эволюциясы тез дамыды.

Палеолит — адамзат қоғамының дамуындағы ежелгі кезең грек тілінен аударғанда (палео — ежелгі, литос — тас) ежелгі тас деген сөз. Палеолит төменгі (шель, ашель, мустьер б.з.д. 800 — 40 мың.) және жоғарғы (б.з.д. 40-12 мың.) палеолит болып бөлінеді.

Орта Азия территориясын адамдар төменгі палеолит дәуірінде-ақ мекен ете бастаған. Ашель мәдениетінің (200 мың жыл бұрын) тас қарулары Қайраққұм мен Вахш ойпатынан табылды. Мустьер мәдениетіне (орта палеолит, 50-40 мың жыл бұрынғы) тән Тесіктас, Аманқұтан, Обарахмат, Жарқұтан, Қарабура т.б қоныстар бар. Бұл алғашқы адам табанының, алғашқы адам мен қауымының қалыптаса бастаған кезеңі еді. Олардың күнкөрісі терімшілік пен аң аулауға, тас пен сүйек қарулар жасалып, от жағуға қол жеткен кезең болды. Жоғарғы палеолит мәдениеті ( бұдан 40-10 мың жыл бұрын) есті адам пайда болған кез. Ал неолитте (б.з.б 6-5 мың жыл) егіншілік пен мал шаруашылығының алғашқы белгілері білінді. Түркіменияның оңтүстігінде Жейтун мәдениетіне ие болған жұрт- ең ежелгі (б.з.б. 5 мың жылдық) жер игерушілер. Б.з.б. 3 мың жылдықтың басында Теджен өзенінің бойында ежелгі егін суару жүйесі салынған. Жейтун мәдениетіне Өзбекстандағы Келтемір, Тәжікістандағы Гиссар мәдениеті (б.з.б 4-2 мың жылдықтың басы) жалғасады. Неолит дәуірінің тұрғындары матриархалдық-рулық құрылыста өмір сүрді. Қола дәуірінде (б.з.б 3-2 мың жыл) Орта Азияда жер игеру, мал өсіру негізге кәсіпке айналды (Түркменстандағы Анау, Намазғатепе, Қаратепе, Өзбекстандағы Заманбаба, Дальверзинскиое, Тәжікстандағы Қайраққұм, Вахш және Бешкент мәдениеті) Металлургиялық өндіріс, қала типіндегі елді мекендер пайда болып, жер шарашылығында қолдан суару жүйесі жүргізілген. Еңбектік қауымдық бөліс процесінің және жер игерушілер, арасында зат алмасудың күшеюінің нәтижесінде мүлік бөлісі пайда болды. Руда әкелік (патриархат) право орнады. Орта Азия халықтарының негізін құрған Хорезм, парфия, дах, сақ тайпаларының одағы құрылды. Б.з.б 1 мың жылдықтық 1 жартысында темір металлургиясы пайда болғаннан бастап өндіргіш күштер жедел дамып, алғашқы қауымдық құрылыс ыдырай бастады. Ойпатты аймақта суару жүйесі дамып, далалық және таулы аудандарда көшпелі мал шаруашылығының және қол өнері мен сауданың өркендеуі, қаланың пайда болуы таптық қоғамның мемлекеттік қалыптасуына ықпал етті.

Қазақстан мен Орта Азияны тұрақ еткен ең ежелгі адамдардың айғағы қазір Қайраққұм мен Вахш ойпатынан Кіші қаратаудың солтүстік шығыс өғіріндегі Шарбақты Тәңірқазған, Ақкөл, Қазанғап деп аталатын жерлерден табылған. Мустьер мәдениеті Тесіктас, Аманқұртан, Жарқұтан Қарабурадан табылды. Ғалымдар мұны ежелгі палеолиттің белгісі ретінде шелль-ашель дәуіріне жатқызады. Бұл осыдан 800 мың жыл бұрынғы уақыттан бастап 100 мың жыл бұрынға дейін уақыт аралығын қамтып жатыр. Ежелгі палеолиттің адамдары Орталық Қазақстан өңірін, байтақ жатқан Сарыарқаны да тұрақ еткен. Оның археологиялық айғақтары Жезқазған облысындағы Обалысай, Мұзбел, Талдысай Жаман Айбат, Қосмола, Қызылжар деп аталатын жерлерден табылған. Көптеген зерттеушілер бұл айғақтарды осыдан 140-100 мың жыл бұрынғы орталық палеолит немесе мустьер дәуірінің адамдары тұтынған дейді. Ғылым тілінде неандерталь деп аталатын адамдар міне, осылар.

Қатал табиғат аясында тірілшілігін үзіп алмау үшін әрекет еткен палеолиттің адамдары мезолит, одан кейінгі неолит дәуірі\леріндегі сана деңгейіне жеткенше дамудың ең ұзақ, ең қиын қыстау жолын бастан кешті. Бір ғажабы сол жерден бауырын көтерген адамзат әулеті ғасырдан ғасыр, дәуірден дәуір, заманнан заман озған сайын жалпы даму қарқынын ұдайы үдетіп келеді.

Бұл-өмір үшін басты бәйгеге тіккен күрес жолы, зорлық пен қорлықтың, ізденіс пен шыңдалудың жолы. Тек қана жеке адамдардың шыңдалуы емес, тұтас қоғамдардың, байтақ құрлықтардың формациялық алмасуларының, тарихи тіршілік иеснің тілі мен наным сенімін, салт дәстүрі мен моральдық-этикалық қалыптарын, ақыл-ойы мен тарихи тәжірибесін шыңдаудың шытырман жолдары.

Бұл тас дәуір өңдеу тәсілі мен одан еңбек құралдарын жасау тәжірибесінің жетілдіріліп,осыған байланысты еңбек өнімділігінің өсімен, белгілі дәрежеде материалдық, рухани мәдениеттің дамуымен сипатталады.

  1. Тас дәуірінде тас құралдарымен қатар сүйектен,ағаштан жасалғандары да қолданылады. Ежелгі полеолит адамдары бірігіп аң аулады,бірігіп терімшілік етті және адамдар үңгірлерден басқа жер үйлер мен жертөлелерде тұрды. Ежелгі полеолит кезінде дінге сенушілік болған жоқ. Тастан жасалған құралдар формасы,көлемі және қолдану қызметі жағынан әр түрлі болды, түрлі мақсатта пайдаланылатын арнайы құралдар шыға бастады. Сүйектен жасалған бұйымдар — біз, ине, шот, гарпун, найза, сүңгі жасау кең игерілді. Аңшылыққа қажетті лақтырғыш құралдары — тор, тұзақ құру ойлап табылды. Жергілікті жердің материалынан жасалған тас қарулардан мыналарды бөліп айтуға болады: жебе мен найзаның ұштықтары, балталар, қашаулар, пышақтар, қырғыштар. Плеолиттен мезолитке өту кезеңі садақ пен жебенің пайда болуымен, алғашқы жануарлардан иттің қолға үйретілуімен белгілі. Кейінгі мезолит, ерте неолитте балта, қашау, шот ретінде қолданылған тұрпайы өңделген тас құралдары кең тарады.