Ежелгі Новгород

Новгород –ежелгі орыс қалалары

Новгород –ежелгі орыс қалаларының бірі. Алғаш рет ол туралы мәлімет Новгород жылнамасында (859)айтылады.Х ғ-дың ақырынан Киев русьінің маңызды 2 орталығы,1136-1478 ж. Новгород феодалдық республикасының астанасы.Волга бойымен «варягтардан гректерге»бартын жол торабында орналасқандықтан қалада қолөнерінің,сауда мен мәдениеттің дамуына қолайлы жағдай жасалды. Ежелгі Новгород –орыс мәдениетінің көрнекті орталығы болған. Ол татар –монғол шапқыншылығы кезінде бүліншілікке ұшырамаған. Орыстың бір орталық мемлекетінің құрамына кірген (1478).Новгород 18-\ ғ-ға дейін Россиядағы ірі шаруашылық,сауда.орталығына айналған қалалардың бірі болған.Ол тұрғындарыныңсаны (35 мың) жөнінен 1546 ж. Орыс қалаларының ішінде 3-орында (Москва мент Псковтан кейін) тұрды. 17 ғ-дың басында швед шапқыншылығына қарсы жүргізілген күрес кезінде Новгород үлкен күйзеліске ұшырады.1932 ж.Н-та А.В.Арциховский негізін саоған Новгород археол экспедициясы үзбей зерттеу жұмысын жүргізуде.Зерттеу жұмысының барысында Н-тан көптеген қала құрылыстары (тұрғын үйлер және шеберханалар )зерттелді, қолөнер тарихынан, а.ш-нан т.б. бай коллекциялар жиналды.Тарих ғылымына үлкен маңызы баркөптеген самра жазулары табылды.1865 ж.Н-та музей ашылған ол 1958 ж. Тарихи-архит музей қорығына айналдырылды.

София соборы

ХІІ ғ-дың орта кезінен Н. өзенінің екі жағалауын қуалай салынған ірі қалаға айналды. Сол жағада София соборы т.б. ірі құрылыстар,оң жағада сауда ғимараттары орналасты.Құрылыс 17 ғ-ға дейін ағаштан,ішінара тас пен кірпіштен (бекініс қорғандары мен ғибатадханалары )салынды.Байырғы ескерткіштердің дені сол жағалауға шоғырланған.ХІІ ғ-дың басында ІІжартысында ірі ғибадатханалар (Петр мен Павелдің,Спастың т.б. )ірге көтерді. 13-15 ғ-да классицизм үлгісімен салынған ғимараттар:Гауптвахта (19ғ.),Сапар сарайы (1771;1824-28ж. Арх.В.Н.Стасов қайта салынған.),«үлгілі жобамен» тұрғызылған тұрғын үйлер т.б.Бас жоспар (1943-45,арх. А.В Щусев т.б. 1966 , «Гипрогор» ин-ты)бойынша Ленин,Москва көшелерінен жаңа тұрғын үй комлекстері сап түзеді.Музей-қорық ұйымдастырылып,байырғы ескеркіштер өңделді, В.И.Ленинге ескеркіш ( қола, грнаит,1926-56,мүсінші Д.П. Шварц, арх.Д.П Осипов ),азамат соғысы мен Ұлы Отан соғысы батырларының құрметіне мемориал (ббауырластар қабірі ,мәңгі шырақ) орнатылды.

Новгород мектебі –ХІІ ғ-дың ІІ жартысында мен 16 ғ-дың басында Новгородта қалыптасқан ежелгі орыс өнері мектептерінің бірі Н.м. өкілдері жасаған Нередица (1199)мен Волотова (1352) шіркеуіндегі фрескалар мен жазбалар (Феофан Грек жазбалары1378, иконалар ,минитюралар)және сыртқы тұрқы қарапайым әрі монументті архит құрылыстар (негізінен тастан тұрғылған )орыс мәдениетінің өркендеуіне үлкен үлес ықпал жасады.