Славяндардың археологиялық мәдениеті

Славлян халықтарының шығу тегі туралы жорамалдар.

Славяндардың тегі мен ертедегі тарихын зерттеу мен тарих, археология, этнология және лингвистика секілді түрлі ғылымдардың мамандары айналысуда. Славян қалықтарының қалыптасуы мен мәдени дамуы бірнеше кезеңнен өткен. Ең алғашқысы славяндыққа дейінгі кезең. Ол б.з.д. бірінші мыңжылдықты қамтиды. Сол кезде Еуропаның орталығы мен шығысының едәуір бөлігін өзара туысқан тайпалар мекендеген. Бұл кезеңді славян тайпаларының қалыптасуының басы деуге болады.

Екінші кезеңді ежелгі славяндық дәуір деуге келеді. Б.з. бастапқы кзеңі ежелгі славяндардың археологиялық мәдениеті қалыптаса бастаған тұс. Сол тұстағы Славян тайпалары туралы жанама мәліметтер жазба деректерден де кездеседі. Халықтардың бір-бірін ығыстыра отырып, батысқа қарай қоныс аударған аяқ алған осы тарихи кзеңде Шығыс Славяндар мәдениетінің қалыптасу процесі жүріп жатты.

Слвян мәдениетінің қалыптасуының үшінші кезеңі феодалдық дәуірде жүрді. Бұл кезең орталығы Киев болған ежелгі Славян мемлекетінің қалыптасуымен байланысты. Жалпы славян халықтарының тарихы әлемдік өркениеттің бір бөлігі саналады.

Ежелгі грек тарихшысы Герадоттың «тарих» атты кітабында Скифтердің солтүстігі мен шығысында егіншілікті кәсіп еткен бірнеше тайпалар жайлы айтылады. Ал, б.з. басында өмір сүрген римдік тарихшы Тацит ежелгі Слаяндарды Венеттер деп жазған. Византиялық авторлар сол венеттердің ұрпағы анттар мен склавиндер деп көрсеткен. Дегенмен бұл деректер анттар мен венеттердің нақты мекені жайлы толық мәлімет бермейді. Осы тұста археологиялық материалдар ерекше маңызға ие болады.

Археологиялық мәліметтер бойынша б.з.д. ХІІ ғ. Висла мен Одер өзендерінің аралығында лужицкі мәдениеті қалыптасқан. Сол мәдениеттің ескерткіштері солтүстікте – Балтық теңізінен, оңтүстікте – Висла мен дунайдың жоғарғы ағысына, батыста – эльбаның ортаңғы ағысынан, шығыста – Буга мен Припяттың жоғарғы ағысына дейінгі аралыққа таралды.

Б.з.д. І – мыңжылдықта аумағы бірнеше гектарды алатын лужайскілік қоныстар пайда болады. Олардың ішінде жақсы зерттелгені Познань қаласына жақын жердегі Бескупе көлінің маңында орналасқан кейінгі лужицкі қонысы. Мұнда бөренелерден салынған құрылыстардың қалдықтары ылғалды топырақта жатқандықтан жақсы сақталған. Мекен айнала үш қатардан тұратын қима бөренелерден қаланған қорғаныс қабырғасымен қоршалған. Бөренедердің арасы балшықпен толтырылған. Табанына бөренелер төселген қатар-қатар көшелер мен оларды жағалай орналасқан ағаштан салынған үйлердің орындары қазылған. Үйлер тігінен қағылған бөренелердің үстіне салынған. Бір үй бірнеше жеке бөлмелерден тұрады. Қазбадан көптеген ыдыстар мен ағаш соқаның қалдығы, мүйізден жасалған кетпен, темірорақтар тас дәнүгіткіштер табылған. Бескөпе қонысында арпа, бидай, ноқаттардың дәндері жиі кездеседі. Қоныстың жерлеу ескерткіштері де жақсы белгілі. Өлген кісіні өртеп, күлін арнайы құмыраға (сауыт) салып, бетін ыдыс сынықтарымен жапқаннан кейін қабірге қойған. Қасына кейбір заттар да салынған. Осындай зираттарды «жерлеу алаңы» немесе «жерлеу сауыттары алаңы» деп атаған. Осындай жерлеу дәстүрі б.з.д. І – мыңжылдықтың бірінші жартысында Шығыс Еуропаның көпшілік тайпаларында кең таралған.

Скиф дәуірінде Днепрдің ортанғы ағысы мен Буганың жоғарғы ағысы аралығын жайлаған чернолескі, Оңтүстік Беларуссия мен Днепрдің оң жағалауына таралған милоград археологиялық мәдениеттері өкілдерінің ежелгі Славяндарға қатысы қаншалықты екендігі анық емес. Бұл археологиялық мәдениеттердің де шаруашылығының негізі егіншілік пен бақташылықтан тұрды. Қоныстары мен жерлеу ескерткіштерінде жүргізілген қазба жұмыстары оларда темір өндіру мен қол өнерінің жақсы дамығандығын көрсетеді. Славяндардың этногензінде б.з.д. ІҮ ғ. Ерекше белес болып есептеледі. Осы уақытта лужицкі мәдениетінің түрлі топтарының негізінде Полша, Беларуссия және Украинаның территориясында клешті жерлеу мәдениеті қалыптасты (клеш – төңкерілген қоңырау ыдыс). Осы мәдениетке тән ерекшелік өлген кісіні өртеп, күлін жерлеу сауытына, яғни клешке салып жерлеу. Мұнда жерлеу заттарының ішінде әшекей бұйымдары жиі кездеседі. Қоныстарының сыртында ешқендай қорғаныс құрылыстары болмайды.

Б.з.д. ІІ ғ соңы мен б.з. ІҮ ғ. Аралығында клешті мәдениетінің орнында Пшевор мен Оксыь мәдени қауымдастықтары қалыптасты Құрамына ежелгі славяндар кірген венедтердің ескерткіштері соларға жатуы мүмкін. Пшеварлықтардың қоныстары биік жерлерге орналасқан. Мәдениеттің тұрғындары жертөлелер мен мазанкаларда (мазанка – қабырғасы жіңішке ағаштардан тоқылып сырты балшықпен сыланған үйлер) тұрған. Негізгі шаруашылығы егіншілік пен бақташылық. Пшеварлық қоныстардың мәдени қабатынан темірден жасалған орақтар, балталар, шоттар, түрендер және көптеген жапсырма ыдыстар табылады. Ежелгі кельттер мен германик тайпаларында да дәл осындай құралдар болған. Жерлеу дәстүрінде мәйітті өртеу, сауытқа салып және сауытсыз жерлеу басым. Қабірлерге жапсырып жасаған ыдыстар мен жерлеу салтына сай әдейі бүлдірілген, кесілген немесе майыстырылған құралдар қойылады.

Б.з.д. І мыңжылдықтағы жоғарыда айтылған мәдениеттер ежелгі славяндардың қалыптасқан территориясын шамалауға мүмкіндік береді.

Батыс Буганың жоғарғы сағсы мен Днепрдің ортанғы ағысы аралығында, яғни Оңтүстік Беларуссия мен Солтүстік Украйна жерінде б.з.д. ІІ ғ. зарубинец мәдениеті қалыптасқан. Осы мәдениеттің орталығы айтылған территорияның батыс бөлігі деп есептелінеді. Еуропаның шығысындағы ежелгі славяндар қалыптасқан аймақта Зарубинецтіктер төрт жүз жылға дейін ең көп таралған тайпа болған. Бұл бірнеше туысқан мәдениеттердің дәстүрін бойына сіңірген тайпар. Олардың қоныстары өзендердің қиын қырқаларына орналасқан, сыртында қорғаныс құрылыстары жоқ мекендер. Қоныстар ағаш қабырғалар тындармен (тын – бөренелерден тұрғызылған дуалдар) қоршалған. Үйлері тік бұрышты мазанкалар. Б.з. басында үйлердің басым көпшілігі аумаға 10-15 м кв. келетін жартылай жертөлелер түріне көшкен. Шатырлары ортасынан екі жағына қарай құлама. Қоныстардың мәдени қабатынан қолдан жапсырып жасалған қыш ыдыстардың сынықтары, гарпундар, темірден жасалған орақтар, пышақтар, найзалар, жебенің ұштары, дәнүгіткі, қолдирмен және ігіш секілді түрлі заттар көп табылады. Шаруашылықтың негізі кетпенді егіншілік пен мал өсіру. Осы мәдениеттің қоныстарының ішінде белгілілері Гомелдің қасындағы Чаплин мен Киевке жақын жерде, Днепрдің жағалауында орналасқан.

Ежелгі славяндардың тұрғын жайлары мен жерлеу орындарының зерттелуі.

Мәдениеттің өзіндік ерекшелік белгісі – жерлеу сауыттары алаңдарында. Бұл дәстүр осы мәдениет тұсында кең таралды. Киевтің маңында екі үлкен мола Корчеватов пен Зарубинец жақсы зерттелген. Жерлеу қабірлерінен жартылай жанған сүйектер қыш ыдыстар шығады. Археологиялық материалдардың ішінде темір пышақтар, қоладан жасалған ілмектер, түйреуіштер, білезіктер көп. Зарубинец мәдениетінің этникалық тегі жайлы мәселеде ортақ көзқарас жоқ: зерттеушілердің бір бөлігі олардан славяндарды, екінші бір бөлігі балттарды көреді. Ғалымдардың үшінші бөлігі осы екі көзқарасқа да қарсы.

ІІ – ІІІ ғғ. Халықтардың Ұлы қонысаударуына байланысты Еуропаның көпшілік аудандарында саяси, мәдени және этникалық байланыстар жүрді. Осындай қатынасқа Зарубинец мәдениеті де түскен.Ұдайы қоныс аудару мен өзара ассимиляция ІІІ ғ. басында Зарубинец мәдениеті өкілдерін Днепрден Донға қарай ығысуға мәжбүр еткен.

Төменгі және ортанғы Днепр, Оңтүстік Буга мен Днестірден Қара теңізге дейінгі аралықта Черняхов мәдениеті пайда болды. Осы мәдениеттің археологиялық негізгі ескерткіштері болып ашық типтегі үлкен мекенжайлар есептеледі. Жерлеу ескерткіштерінде «жерлеу сауыттары алаңы» мен бірге қабірге мәйіттің сүйегін қою дәстүрі де кездеседі. Жерлеу дәстүрінің әр түрлі болуы черняхов мәдениеті өкілдерінің этникалық аралас сипатын білдіреді. Олардың мекендерінде сыртқы қорғаныс құрылыстары жоқ. Қоныстар егіншілікке қолайлы кіші өзендердің жағалауларында орналасқан. Тұрғындар мазанка үйлерде тұрған.

Жерлеу дәстүріндегі кейбір сыртқы ұқсастықтарына қарап кейбір ғалымдар оларды славяндардың арғы тегімен атт тайпасымен байланыстырады. Мамандардың екінші бір бөлігі оларды готтармен байланыстырады. Черняхов тайпасында қол өнері, сауда байланыстары, жыртпалы егіншілік, шарықта ыдыс жасау кәсіптері жоғары қарқынмен дамыды.

375 ж. Донды кесіп өткен Ғұндардың шапқыншылығынан Черняхов мәдениеті ыдырап, қоныс аударушы және көршілес тайпалармен сіңісіп кетті. Олардың орнында Гот тайпалық одағы қалыптасады.