Қазақстан өнеркәсібінің дамуы

Минералдық қазба байлықтар қорынан дүниежүзіндегі 170-тен астам елдердің арасында Қазакстанның алатын орны мынадай:

вольфрам — 1 орын

хромит — 2 орын

фосфор — 2 орын

марганец — 3 орын

уран — 3 орын

қорғасын — 4 орын

молибден — 4 орын

мырыш — 5 орын

мыс — 6 орын

күміс — 7 орын

темір рудасы — 8 орын (371 жылға жетеді)

көмір — 9 орын

никаль —10 орын

мүнай — 12 орын (81 жылға жетеді — 7 орын)

Қазақстан жерінің көлемі жағынан өлемде 9-орын, халқының саны жағынан — 71- орын алады1.

Бүрынғы Совет елінде Қазақстан қазына байлықтар қоры жағынан алдыңғы орынды алатын.

Екіншіден, Қазакстанда «Тікелей инвестицияларды мемлекетгік қолдану туралы» заң қабылданған. Ол республи-кадағы инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарта түсуге бағытталған. Бүл күжат инвесторлардың мүдделерін қорғайды. Жаңа кепілдіктер инвесторлардың бәсекеге түсу еркіндігін, бір жағынан өз бәсекелестеріне деген қарым-қатынас жасау күқықтарын, екінші жағынан — көсіпкерлік қызмет түрлерінің еркіндігін, яғни, олардың мемлекетке деген қарым-қатынас жасау қүқықтарын қамтамасыз етеді2. Үшіншіден, Қазақстанның инвестициялар үшін тартым-дылығы мынада. Әлемде 50-ден астам сирек металдар бар. Олар жер бетінде аз, коп кездеспейді. Бірақ алынуы қиын,

қолға қиямет-қайым қиындықпен түседі. Шартты айтқанда, өтіп бара жатқан XX ғасырда түсті металдар заманы десек, келе жатқан XXI ғасырды сирек металдар ғасыры деп атауымызға болады. Бүл жаңа ғасырдың басты бір бағдары.

Сирек металдар кез келген жерде кездесе бермейді, олар таза күйінде жалпы үшыраспайды, басқа түсті метаддардың қүрамынан жоғары технология жәрдемімен алынады. Қазақстанда олар Алтай таулары мен Сарыарқа даласында шоғырланған. Қазақстан жер бетінде сирек метаддар бойынша Оңтүстік Африка мен Оңтүстік Америка секілді аса бай өлке. Біздің кен орындарында кездеспейтін сирек металл жоқ десе де болады. Уран мен вольфрамды (екеуінен де Қазақстан дүние жүзінде бірінші орынды алады) былай қойғанда кен орындарынан тантал мен титан, ниобий мен цирконий, рений мен гелий, молибден мен ванадий алынады.

Бүл ғасырды уран мен берилийдің заманы деп атайтын боламыз. Қазақстандағы бүл қазыналы қуаттың мол екені келешегіміздің көкжиегін де аңғартады. Президент Н. Ә. Назарбаев 2000 жылы қыркүйекте Америкаға барып БҮҮ саммитіне катысқан кезде американдық фирмалармен бірнеше маңызды келісімдерге қол қойылды. Соның ішінде берилий мен уран жөніндегі қол қойылған шарт ерекше аталды. Уран да, берилий де ғасырдың аса ғажап та қажет қымбат метаддары. Бүл екеуіне ғана арнайы келісім-шарттың жаса-луында үлкен мән-мағына жатыр.

Әлемдегі бар уран корының төрттен бірі Қазақстан жеріңде жатыр. Оның мөлшері 926 мың (яғни миллиондай тонна), ал әлемдік қоры 4 миллион тоннаға барады1. Қазір дүние жүзінде бір жылда 50-60 мың тонна уран шығатын болса, қазақ жерінің қазынасы қаншаға жететінін осыған қарап-ақ есептей беріңіз.

Одан қуатты мүнайға қарағанда он мың есе көп алуға болады. Әзірге бар уранның он пайызы да пайдаланылып отырған жоқ.

Бір тонна рудадан 0,045-0,06 грамм таза уран алуға болады. Бүл кен орнын 1976 жылы Волков экспедициясының геологтары Н.Петров пен Л.Павлов ашқан. Ал қазір Созақ жерінде үш рудник істейді. Оларда уранды жер астынан қышқылдың күшімен ерітіп, сорғытып алады.

Қазақстанның таулы-тасты аймақтарының бәрі уранғатолып түрған секілді. Уран ондіру қарт Қаратау қойнауынан басталған, Қазақстан ғана емес, бүкіл Кеңес одағының тұңғыш руднигі елуінші жылдардың басында Қордай даласында орнаған. Оған ілесе Шу — Сарысу, Іңкәр, Буденновск, Мыңқүдық кеніштері осы Қаратау мен Бетпакдала оңірінде, уран қорының тең жартысы Созақ ауданында жатыр.

Ондағы уранның сапасы қандай?

Жерінің беті көріксіз болса да асты қазына екен. Содан әрі Маңғыстау даласында, Көкшетау, Атбасар аймағында табылып, Ақтауда, Ақмолада аса ірі комбинаттар жүмыс істеді.

Сондықтан да біздің еліміз уран қоры жағынан дүние-жүзінде бірінші орын алып отыр. Кеңес заманында атом қаруы шүғыл қажет болғанда іздегенде уранның мащқоры осы қазақ даласынан табьшған. Содан сол ураннан жасалған атом бомбалары сыналып, жарылып сол мол уран жатқан алқапқа алапат әкелді.

Енді уран қатер әкелер бомба емес, бейбітшілікке қуат берер атом электр станцияларына отын болып, адамдарға қызмет етеді.

Мүнай сарқылып, кейін көмір таусылған кезде (ол да осы XXI ғасырдың ішінде болатын оқиғалар) адам жылу мен жарықты атом қуатынан алатын уақытта уранның қажетілігі арта түседі.

Төртшшіден Мемлекет басшысының сыртқы саяси қызметі мен Қазақстанның әлем мемлекеттерімен сыртқы экономикалық байланыстарын дамыту мәселелерін шешумен тығыз сабақтасып жатыр.

Экономикалық ынтымақтастық туралы шарттарға іс жүзінде Шығыс және Батыс Еуропаның барлық мемлекетгерімен, арабтық Шығыс еддерімен, Үңдіқытаймен, Корей түбегімен, Түркиямен, Иранмен және Пәкістанмен қол қойылды. Экономикалық ынтымақтастық үйымы шеңберінде көрсетілген елдермен ынтымақтастық табысы жүзеге асырылуда. Қазақстан мен Германия арасындағы белсенді әрі үзақ мерзімді ынтымақтастық дамуда, Балтық және Қара теңіз жағалауы елдерімен байланыс жолға қойылды. «Шеврон», «Мобил», «ЭНИ», «Бритиш Газ», «Мицуи», «Харрикейн», «АЕС» және басқа жетекші корпорация, компаниялармен жемісті ынтымақтастық дамуда. Ірі келісімдерге қол жеткізіліп, Каспий мүнайы мен газын өндіру, Қарашығанақ пен Теңіз кеншілерін, сондай-ақ Екібастүз көмір разрездерін пайдалану жоніндегі жобалар іс жүзінде іске асуда. Каспий қүбыр жүргізу консорциумының

жобасы іске асуда. Трансазиялық көлік дәлізі жасалып, байлығы мен жер асты кендерін игеруге әлемнің дамыған елдерімен ынтымақтастық кеңейе түсуде.

Қазақстанда іргелі әлемдік компаниялардың пайда болуы — Мемлекет басшысының елге шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі табанды қызметінің нәтижесі. Қазақстан жетекшісінің Давостағы дүниежүзілк экономикалық форум-ның, Кранс-Монтана мен Зальцбургтағы инвестициялық саммиттердің жүмысына белсенді қатысуы да осыған бағытталған.

Қазақстанның Еуропалық қоғамдық, Халықаралық валюта қоры, Халықаралық және Еуропалық кайта қүру және даму банктері, Азиялық банк және басқа көптеген іргелі әлемдік институттармен ынтымақтастық нығайып келеді.

Президент Н.Ә. Назарбаевтың әлем елдеріне сапарлары барысында Қазақстандағы қүрьшған жеткілікті нормативтік-қүқықтық база негізінде өзара тиімді ынтымақтастық жобаларына назарлары ауған әлемдік бизнес-элитаның өкілдерімен көптеген кездесулер өткізілді.

Қазақстанда Алматы инвестициялық саммиті және кәсіпкерлік форумы өткізілді; Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетеддік инвесторлар кеңесі табысты жүмыс істеп келді. Бірақ мүнай қүбырының кілтін үстанғандардың билікке ықпал етуге мүмкіндігі мол.

Мүнай — саясат. Себебі ол — байлық. Ал байлыққа барлығының қол артатыны тағы мәлім. Десе де келер ғасырдағы дау-дамайдың да, жетістіктің де, геосаясаттың да кокесі мүнай айналасында болатын тәрізді. Мүнай саясатының күрделілігі сол, кейде алып мемлекеттірдің өздері қатаң үстанған басым бағыттан ауытқуына да мәжбүрлейді. Мәселен, мүнайға деген мүдделік АҚШ-тың да, түбегейлі Батыстың да демократия, адам қүқығы деген айқындамасы түрғысынан «ез тағдырын өзі шешіп алған» Түркіменстанға көзжүмбайлықпен қарауға итермелейді. «Қалғанының қажеті шамалы, ең бастысы энергоресурстарға қол жеткізу керек». Саясаттың сан қүбылмалылығы осы жерден тағы бір байқалады.

Каспий теңізіндегі мүнай әлемдік ықыластың нүктесіне айналғаны қашан. Әуелі Ресей теңіздегі өз үлесіне қоса басқа мемлекеттердің еншісіне ықпал етуге үмтылып отыр. Мүхиттың арғы бетіндегі алпауыт АҚІП та Каспийдегі энергетикалық қорларға қол жеткізуді «АҚШ Әкімшілігінің шешуші басымдығы» ретінде бағалайды. Сол себепті, Баку-Тбилиси-Жейхун бағытына барын салып үмтылуда.