Азия және Африка елдерінің дамуының негізгі тенденциялары

ХХ ғасырдың үлкен бөлігі адамзаттың даму тарихында «Батыс» деп аталған бірі үстем елдерден құрылған атпен белгілі (Ұлыыбритания, Франция, Германия, Италия,Испания,Ресей(КСРО),АҚШ,Канада әлемде еуроцентристік немесе еуро-американ центристік көзқарас қалыптасты.Қалған халықтар, аймақтар және мемлекеттер тек ғана Батыс тарихы мен байланысты болғаны үшін есепке алынды.

Азия,Африка,Америка жерлерін Европа халықтарының игеру дәуірі 15-16 ғғ теңіз жолдарының ашылғанынан кейін басталуы осының нәтижесінде ғасыр аяғында ұлы орталық елдер пайда болды.

Қазіргі таңда «империя» термины латынша «император» мағынасын берді.Ежелден империялар болған: Македонский,Шыңғысхан,Рим және Византия империялары.Жаңа кезеңде ол терминбірінші рет ХІХ ғасырдың 30-жж Францияда Напалеонға қатысты қолданылды.Европа ХІХ-ХХ ғасырда империализмді капитализмнің дамуының бір сатысы ретінде есептей бастады.Әлемде үстемдік ету үшін күрес басталды.Имериализм- бұл әлсіз халықтарды отарға айналдыру.Бір халықтар-ірі, басқасы ұсақ, біреулерінде дамыған өндіріс орындары бар, біреулері өте нашар,әлемде бір уақытта мықты мемлекеттер әлсіздер үстінен үстемдік еткен.

Тарих көрсеткендей әрбір мықты өркениет империалық сипатта болған. Соңғы 500 жылдыкга әлемді жаулап алу Еуропалықтар қолында болды. XIX ғасырдағы өндіріс революциясы Европалық державалардың экспансиясына жана турткі берді. Жерлерді жаулап алу, байлық арттыру, әскери күшін көрсету, дипломатиялық қарым-қатынаста үстемдік ету жағдайында қарастырылды.

Ірі өндіріс орындары дамыған державалар арасында аймақтар үшін, тауарларын өткізу үшін тартыс басталды. X1X ғасыр аяғы еуропалық ірі мемлекеттер арасында әлі де болса жаулап алынбаған Азия, Африка және мұхит жерлері үшін таластың күшейе түсуімен белгілі.

XX ғасьф басында үлкен отарлық елдер тізбегі пайда болды. Солардың ішінде ең үлкені -Ұлыбритания болып, шығыста Гонконгтан батыста Канадаға дейінгі жерлерді алып жатты. Еуропа экспансиясының ұлы дәуірі аяқталды.

Көптеген соғыстар нәтижесінде Еуропалық халықтар өзінің билігін барлық әлемге орнатты.

ХІХ-ХХ ғасыр басында еуропалық емес халықтар еуропалық ғылыми-техникалық экономикалық жетістіктерін игеруі нашар болды. Жапония 1868 жылы Мейдзи революциясының нәтижесінде капиталистік даму жолына тусті. Реформа нәтижесінде мемлекеттің экономикасы дамыды. 1941 жыл 7 желтоқсанда Жапон авиациясы Америкалық Перле Харбор эскери теңіз базасына шабуыл жасады, еуроцентристік әлемпіц күні біткенін дүтиежүзіне әшкереледі. Жаңа тарихи кезең басталды. Бірақ XX ғасырдың 2 жартысына дейін басты мемлекеттері әлемге өзінің ықпалын жүргізді.

Әлемнің мемлекеттерін отарына емесе жартылай отарына айналдырған монополиялар жүздеген миллион халықты қанау арқылы үлкен байлыққа ие болды.

бұл мемлекеттер шикізат жеткізіп беріп отырды. Бірақ отарлық құрылымның жаңа

әдісі-бұл капиталды енгізу болды, қарызға ақша беру нәтижесінде державалар үлкен каражат арттырды. Банктер бүкіл бір мемлекетті бақылауында ұстады.

Банктер мемлекеттегі кен орындарын, жер асты байлықтарын, өндіріс орындарын бақылауында ұстады. Мысалы Индонезияда апиын және теңіз монополиясына бақылау орнатты. Кореяда Жапон банкі мемлекеттік банк қызметін атқарды, банкроттар, облигациялар шығарды. Сондай қызметтерді Египеттегі белсенділері Лондонда болғап «ұлттық банк» атқарды. Туркия мен Иранда Ағылшын Француз «Осман банкі» мен ағылшын «Шахин-Шах» банкі жұмыс жасады. 1904 жыл Англияда 50 отарлы банктер болса, 1910 жыл олардың саны 72-ге жетгі. Банктер тек қана энономикаға емес саясатқа да ықпалын тигізді.

Метрополиялар озінің отарларына ауыл шаруашылығында кандай өнім өсіруге кұқылы болды. мысалы: Ява, Цейлон, Ассам-шай өсірді. Бенгалия -джут Вьетам күріш, Уганда, Египетте мақта өсірді.

Отарларда темір жолдар, телеграф тораптары, порттар құрлысына капитал бөлу арқылы державалар үлкен әскерн-стратегиялық маңызға ие болған орындарға бақылау орнатты. Неміс монополиясына Бағдат темір жолын құрды, тек кана Оңтүстік Африка Одағында Бельгия мен Француз отарларында 7000 миль темір жол құрылды. Отаршылдар Египетте Суэц каналына қызығушылық танытты.

Отар мемлекеттерде ондіріс орындарын ашқан, бұл жерлерде жер асты байлығын игеруге қызығушылық танытты. Сол мақсатпен монополиялар концессияларға ие бола бастады. Концессия территориясы бұл мемлекет ішіндегі мемлекет болып қалды. Ирандағы ағылшын -парсы мұнай компаниясы сондай концессия болатын.

Қытайдағы концесеиялярда державалардың соты, полициясы болған. Мұнай, фосфат, көмір руда, түсті металл барлығы шетел монополияларының қолында болды. Мұнай компанияларына Араб мемлекеттерінде бақылау орнатты. Шетелдіктер Египетте, Вьетнам, Туркияда тұз сату үшін монополия құрды.

Индиядағы, Африка мемлекеттеріндегі бай алмаз, алтын кен орындары ағылшын, француз, бельгия комипанияларының қолында болды.

Шетел компаниялары Шығыс мемлекеттерінде ішкі және сыртқы базарларын жаулап алды. Кедендерге бақылау орнатты.

Батыс Европа мен Солтүстік Америкада өндіріс төңкерісі болуына байланысты 19 ғасыр аяғында миллионданған халқы бар континенттер отарға айналды.

Шығыс елдерінің негізгі шаруашылығы бұл ауыл шаруашылығы болды. Ауыл шаруашылығында халықтың 3/2 бөлігі еңбек еткен.

Шығыста саяси процестер XX гасырдың 1 жартысында үлкен державалардың бақылауымен жүрді. 19 ғасырдың аяғында тек отарлар үшін соғыс емес, ол державалардың отар үшін соғысқан кезеңі. Испан-Американ соғысы, Ағылшын-бур соғысы, орыс-жапон соғысын мысал ретінде келтірсек жеткілікті.

Бірінші дүние жүзілік соғыстан кейін шығыс азия елдерінен ояну басталды. Осман империрясы Ресейге қарсы соғыста түркі халықтарыныц біріккен күшін пайдалануға әрекет жасады. Ал ол кезде Ресейде 20 мың мұсылман халқы болып, ол Осман империясынан да көп болатын.