Қазақтың ұлы зиялылары – Шоқан, Ыбырай, Абай

Құран – мұсылмандардың ең қасиетті кітабы. Ондағы жазылғандардың барлығы Алланың көктен жіберген сөзі ретінде қарастырылады.

Құранның мазмұнынан мынадай төрт нәрсені бөлектеп қарауға болады. 1. Діни оқуды баяндаудың тірегі; 2. Заңды және адамгершілік нормалары; 3. Аңыздар, мифтер, ертегілер; 4. Тарихи географиялық этнографиялық ерекшеліктер жайлы мәліметтер. Сонымен Құран – VII ғасырда арабтардың өмірінің барлық салалары көрініс тапқан араб тілінде жазылған тұңғыш жазба ескерткіш.

Құран арабтың «Күрһән» деген сөзінің қазақша айтылуы, ол «оқытылатын жазу» деген мағынаны білдіреді. Арабша жалпы жазу біткенді «қараһә» дейді. Осы етістіктен пайда болған құран деген сөз оқылатын жазудың бәріне қолданылуға тиіс. Солай бола тұрса да құран деген сөз мұсылман дінінің тарауымен тек қана ислам дінінің қасиетті кітабына қолданылып келеді. Ол араб тілінде жазылған, ұзақ, қысқа, үлкенді – кішілі 114 тараудан тұрады. Бұл тараулар сүре деп аталады. Олар әртүрлі мазмұндағы аяттарға бөлінген. Сүрелердің бастапқылары ұзағырақ, кейінгілері қысқарақ болып келеді. Оларда тәңірінің сипаттары, алла атына айтылатын тілектер адамның болмысына, игі мұрат – мақсаттарына қатысы бар арман ойлары, алланың сипаттары, тіршілікке, ол дүниеге байланысты әңгімелер оның ішінде қылмыс, жаза, өмір, өлім, жұмақ, тамұқ, жанұя туралы ертегілер, аңыздар, тарихи сюжеттер де кездеседі. Олардың жазылуы тақпақтап, мақалдап оқуға бейімделген, тілі жеңіл болып келеді. Сүрелердің бір – бірінен ажырататын атаулары болады. Мәселен, қасиетті кітаптың алғашқы тарауы жеті аяттан тұратын «фатиха» деп аталатын («Кітапқа кіріспе») сүреден тұрады. Оған ислам «дінінің қағидалары енген. Оны оқып болғаннан кейін «аумин» деп ақырғы сөз айтылады. Ал сүрелер Би – Исми – Л – Лаһи рахмани – р – рахим» деген сөзбен басталады.

Алла тағала төрт пайғамбарға төрт қасиетті кітап жіберген дейді. Мұса пайғамбарға – Тәурәт (орысша Тора, пятикнижия). Дәуіт пайғамбарға – Зәбүр (орысша — псалтыры), Ғайса пайғамбарға – Інжіл (орысша — Евангелие), Мұхаммед пайғамбарға – Құран. Оның түпкі жазба нұсқасы алланың ләухұл– Махфуз деп аталатын қоймасында болады екен. Ал мұсылмандар арасында тараған Құран кітабын таратқан Осман Халиф. Ол жаздырған құранның бір данасы Мәдинада, екіншісі Дамаскде, үшіншісі Куфа, төртіншісі Басыра қаласындағы имандардың қолында болған. Осы 4 данадан кейін баспаханаларда басылып таралған Құранның нұсқалары бүгінгі күнге дейін жеткен. Ол көптеген шет тілдерге аударылған. Оның алғашқы латын тіліндегі аудармасы1143 жылыфранцуз тіліндегісі 1647 жылы, ағылшын тіліндегі 1649 жылы, неміс тіліндегісі 1772 жылы жарық көрген. Сол тілдерден ХVII – ХІХ ғасырда орыс тіліне аударылған. Араб тілінен орыс тіліне тікелей аударған Г.С. Саблуков деген кісі. Екіншірет оны арабшадан орысшаға аударған академикИ.Ю.Крачковский. Оның аудармасы 1963 жылы Мәскеуде жарық көрді. 90 – жылдарда ол бірнеше рет басылып шығып, Орта Азия мен Қазақстанға тарады.

Ислам — әлемдегі күшті дамыған діндердің үшіншісі және соңғысы. Ол Таяу Шығыста пайда болды. Ислам шығу тегі жағынан Иудаизм мен христиандағыдай қағидалардан және сондай мәдени дәстүрлерден бастау алған. Соған қарамастан ислам өзгеше, өзіндік ерекшелігі бар дін. Ерекшелігінің маңыздылығы сонша, мамандар «ислам әлемі» және араб ислам өркениеті жайлы жайдан жай айтпаса керек. Исламның орасан зор рөлін түсініп, бағалау үшін оның алғашқы әрі негізгі жақтаушысы болған арабтардың ғана емес, оған ғибадат ететін барлық халықтардың тарихымен мәдениетіндегі оның шариғаты мен діндегі ерекшеліктерін, адамгершілік принциптерін, оның мұсылмандардың тұрмыс тіршілігіне әсер ету әдістерін зерттеу керек. Тарихқа кішкене шолу жасай отырып мынадай мәселелерді қарастырған жөн:

  1. Исламның шығу тегі, оның пайда болуының әлеуметтік – экономикалық, идеялық алғы шарттары;
  2. Мұхаммед және оның исламды құру мен оның эволюциясындағы рөлі;
  3. Исламның Орта Азия мен Қазақстан аймақтарына таралуындағы өзіне тән ерекшеліктері;
  4. Діни оқу және исламның ғибадаты;
  5. Құран – Шығыстың орта ғасырдағы тарихи этнографиялық, әдеби ескерткіші;
  6. Исламның құқықтық және этникалық қағидалары.

Исламды мойындаушылар саны жағынан христиан дінін ұстағандардан кейін екінші орынды алады. Ол Таяу Шығыс елдеріне, Солтүстік Африка мен Оңтүстік Шығыс Азияға кең тараған. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына – Орта Азия мен Қазақстанға, Кавказға, Поволжьеге, Сібірге кең таралған.

Ислам біздің дәуіріміздің VII ғасырының басында Батыс Арабиядағы жергілікті араб тұрғындарының арасында пайда болған. Ислам пайда бола бастаған тұста араб қоғамының әлеуметтік құрылымы күрделі де біртекті емес еді. Арабтардың арасында көшпелілер де, отырықшы тайпаларда болды. Біреулері малмен, екіншілері жермен, шеберлікпен, саудамен айналысты. Құл иеленушілер кең дамыған еді.

Араб тайпалары жеке – жеке өмір сүрді. Олардың арасында қанды қақтығыстар жиі болып, нәтижесінде анағұрлым мықты тайпалар әлсіздерін өздеріне бағындарып, құл етті немесе тұтқында ұстады.

Арабияның барлық аймақтарында V – VІ ғасырларға дейінгі тайпалардың туыстық қатынастары билік етіп тұрады. Тек VII ғасырдың басына қарай топтық қатынастар түзіле бастады. Арабияның солтүстік бөлігі мен Хиджзд арқылы ескі керуен жолы өтетін. Осындай сауда өрістеп, оның ішінде құлдарды сату да өрши түсті. Мекке сауда орталығы болды. Ол діни орталық саналды. Зәм – зәм бұлағы мен көптеген тайпалардың пұттарын сақтайтын Қабба да осында орналасқан болатын. Әр тайпа өз құдайларына сыйынатын.

VII ғасырдың басында Арабияда Халифтер көп болды. Тіпті, әр тайпаның өз халифі болы. Әсіресе, олардың арасында келешек ұлы пайғамбар, ислам теократикалық мемлекетінің ірге тасын қалаушы жас Мұхаммед ерекше көрінді. Мұхаммедтің өмірбаянындағы кейбір сәттер, оның уағыздарының арабтар арасында табысқа жетуіне үлес қосты.

Өз заманының озық ойшылдары ретінде Шоқан Уәлиханұлы, Ыбырай Алтынсарин мен Абай Құнанбайұлы қазақ қоғамының алдында ғасырлық артта қалушылықты жеңіп шығумен Ресей мен Батыс Еуропа елдерінің әлеуметтік–экономикалық деңгейінің жетуі. Қазақ ағартушасының ісі идеалогиясының негізін қалаушы Шоқан Уалиханов болды. Қазақтың ұлы зиялыларын сөз еткенде алдымен Шоқан, Ыбырай, Абай сондай -ақ Бөкей ордасынан шыққан Мұхамбет Салық Бабажанов сияқты Ислам діні қазақ даласына кеулеп еніп келе жатқан ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүріп, қазақ халқының тарихын зерттеп – зерделеуге үлкен үлес қосқаны, мәдениетіміз бен рухани өміріміздің ұлағатты ұстаздары саналатын адамдарды айтамыз. Шоқанның еңбектерінен оның ислам дінінің тарихын және оның қазақ жеріне қалай тарағанын, жете білгенін аңғару қиын емес. Табиғатты, отты, суды, тәңірі санап үйренген олар мұсылманбыз дей жүріп, ата – бабалардан мұра, мирас болған дәстүр бойынша отқа май тамызып көктемгі күнді, аспанда айды дәріптеуден қол үзбеді. Шоқан қазақтардың ой- санасын діннің қандай да бір түрінен аман сақтауды қалайды. Ол туған халқының діни фанатизмге салынбай, салихалы, салауатты өмір кешкенін көргісі келді. Шоқанның дін жөніндегі көз – қарастарын қазақтың ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсарин жақсы білді. Ыбырайда Шоқан сияқты қазақ халқының тарихы мен тағдырына мықтап көңіл бөлді. Ыбырай ұлы ағартушы болды. Ыбырай азаматтық мектептер ашты. Математика, физика, география, азаматтық тарих сияқты пәндердің оқытылуын іске асырды. Ол ұйымдастырылған 14 мектепті бітірген 100 деген жастар қазақ даласына ұрығын септі. Ыбырай қазақ мектептерін ұйымдастырушы ғана емес, ол сонымен бірге мектептерге арнап оқулықтар, методикалық құралдар жазып бастырды. Осындай оқу құралдармен жабдықталған жаңа мектептердің қанат жаюы діни оқу орындарының бірыңғай үстемдік етуіне тосқауыл болды.Бабажанов Мұхамбет Салық Петербург, Мәскеу, Орынборда шығатын басылымдарда жарық көрген мақалаларында молдаға барып діни оқуға ден қойған балалардың 4 жыл оқып қара танымай шыққынын қынжылап жазады. Ал Абай дін мәселесіндегі өз пікірін, өз көз – қарасын одан гөрі анық, айқынырақ айтты. Абай имандылықты әрбір кісінің ішкі жан дүниесі, адамдық келбеті, ар – ұяты, ождан тазалығымен байланыстырды. Ал Абайдың түсінігінше адам – ақылдылық, еңбек сүйгіштік, әділдік пен адалдық, білімділік, парасат пен махаббат сияқты қасиет иесі. Осындай қасиеттерді бойына сіңірген ары, ұяты бар кісі – иманды адам. Ұят кімде болса, иман сонда, ұяты жоқ адамда иманда болмайды – дейді Абай. Сондықтанда әр адамның иманы түзу болу керек – дейді. Абай ислам дінінің тарихында жақсы білген екен.