Кеңестік Қазақстан мәдениеті

Дәстүрлі саз – халықтың шығармашылықтың бір бөлігі. Қазақтың дәстүрлі саз және материалдық мәдениетінде халықтық саз аспаптары ерекше орын алады. Оларға домбыра, қобыз, сыбызғы, ысқырық, қос сырнай, саз сырнай, керей, шертер, даңғара, қоңырау және басқалар жатады. Өткен уақыттағы дәстүрлі саздық тұрмыста әсіресе, қазақтардың көшпелі ортасында қурайдан дайындалған сыбызғы аспабы айрықша әуенімен жұртшылықты айрықша жаулап алады.

Қазақтың белгілі сыбызғышылары: Құрымбай, Қанқожа, Ысқақ, ХХ ғасырда Б.Ысқақов, О.Қожабергенов, М.Оңғаров, Ш.Ауғанбаев т.б. болды. Халық арасына аса кең тараған екі шекті аспаптардың ішінен қылқобызды атауға болады. Қылқобыз туралы VIII – ІХ ғасырларда «Қырық ата» кітабында мәліметтер берілген. «Қыл» сөзі жылқының «жалын» білдіреді. Қылқобыз бақсылар мен халық емшілерінің негізгі аспаптары еді. Қобыз бақсылардың рухты шақырушы серігі болды. Олар орындаған шығармалар «Бақсы сарыны» деп аталады. Қобыз күйлеріне қасқырдың ұлуы,, аққудың сыңсуы, жылқының шабысы тән. Аңыз күйлерден басқа күйші – сазгерлер де айрықша шығармалар туғызады. Оларға Қорқыт, Ықылас, Баубек, Көзбен сияқты өнер алыптары жатады. Қазіргі уақытта Қорқыттың 11 күйі белгілі.

Халық аспаптарының ішіндегі ең құдіреті домбыра болып табылады. Бұрынырақта домбыра, қобыз шектері ешкінің ішегінен, ал бағзы заманда мүйізді тау ішегінен жасалды. Домбырада орындаудың бір ерекшелігі – осы аспапта құйқылжытып ән шырқау. Домбыра мәдениеті ауызша өнер тарландары – күйшілері шығармашылығының негізгі арқауы болды. Аса көрнекті күйшілер шоғырына Байжігіт (ХVII – ХVIIІ ғ.ғ.), Бағда (1765 – 1845 ж.ж.), Махамбет(1804 – 1846ж.ж.), Құрманғазы (1818 – 1889ж.ж.), Қазанғап (1854 – 1927 ж.ж.), Тәттімбет, Сайдалы Сары Тоқа, Қыздарбек, Аққыз, Сүгір сияқты айрық ша қайталанбас табиғи өнер саңлақтарын жатқызуға болады.

Өлең құдіретінің игі дәстүрлері біздің күнге дейінгі халықтық сазгерлік дәстүрдің сабақтастығы және асқан орындаушылықтың арқасында жетті. Халық шығармашылығы бастауын әуеліде саздан, содан кейін барып поэзиядан алады. Сахналық – драммалық және шығармашылық өнердің күре тамыры осы өнерден шығады. Қазақтардың ән өнері білімнің, жақсылықтың, әсемдіктің және көтеріңкі көңіл – күйдің діңгегі болды. Өлең қоғамдық жанұялық өмірдің барлық қырларын қамтыды. Әсіресе, әдет – ғұрыптық поэзия қарыштап дамыды. Өмірдегі елеулі оқиға өлеңнен тысқары қалған жоқ. Мысалы, айтылуы «жар — жарды», «тойбастарды», «беташарды» және «қоштасу», «сыңсуды» алайық, бәріде қоғамдық өмірдің сан – саналы қырларының ішкі сезімдерін қамтыды. Ақан сері Қорамсаұлының (1843 – 1913 ж.ж.) «Маңмаңгер», «Қараторғай», «Балқадиша» әуендері халықтың жүрегіне, сіңісіп кеткен әндер. Ол атақты «Құлагер» әнінің авторы. Жаяу Мұса Байжанов (1835 – 1929ж.ж.) домбырамен және қобызбен қатар,скрипка мен сырнайды ойнайды. Оның әндерінің басты тақырыбы – адамгершілік мұраты, оның «Шолпан», «Қаулау» сияқты лирикалық әндері бар.

Құрманғазы Сағырбаев (1806 – 1879ж.ж.) өз шығармашылығында халық өмірінің шынайы ауқымды қырларын асқақтықпен көрсете білді. Оның «Сарыарқа», «Адай» күйлері осы заманғы сазгерлердің кәсіби шығармашылығының бастауы іспеттес. Е.Брусловскийдің (1905 – 1981 ж.ж.),

«Қыз Жібек» (1934ж.) және «Жалбыр» опералары қазақ опера өнерінің ірге тасын қалауға негіз болды. Қазақ фольклорының шұрайлыларын ол «Дудар — ай» операсында пайдаланды. Нұрғиса Тілендиевтің, Шәмші Қалдаяқовтың, Әсет Бейсеуітовтың, Ескендір Хасанғалиевтің қайталанбас туындылары өнер құдіретінің биік тұғыры. Күләш Байсейітованың «Қыз Жібек», «Еңлік — Кебек», «Абай», «Біржан-Сара» операларындағы әндері мен әншілік орындау машығы өзіндік орындау талантының қайталанбас шыңы болып саналады. Бибігүл Төлегенова (1929ж.) – КСРО халық әртісі, Қазақстанның халық әртісі, халық қаһарманы. Әншінің репертуарында «Гауһар тас» сияқты халық туындылары, Чайковский мен Рахманиновтың әлемдік тұғырдағы шығармашылығы қайталанбас мәнерде өнер қауымын дүр сілкінтті. 1980 жылдары Қазақстан эстрадасында «Үркер», «АВК», «А — Студио», «Дуэт» тобы сияқты дәуірге сай саздық толқын келіп қосылды. Қазақстанда «Азия — Даусы», «Жас қанат» сияқты ірі ән байқаулары дүниеге келді.

Ең думанды мереке ретінде күн мен түннің теңесуі – Наурыз жыл басы мейрамы бұрын көшпенділердің пір тұтар рәсіміне айналады. Барлық мұсылман елдеріндегідей жыл сайынғы екі діни мереке – ораза айт пен құрбан айт әлі де дәстүрден қалған жоқ.

Халық арасындағы еркін күресті еске түсіретін күш алыптарының арасындағы қазақша күрес тамырын кенге жайып келеді. Сахналық және сауықтыру ойындарының арасынан Алтыбақанды атап өтуге болады. Алтыбақан кешкі уақытта өткізіледі. Жігіт пен қыз еркін тербеле отыра, көңіліне келген қуанышты әнді айтуға тиіс. Ақсүйек – далада, қараңғы түнде жігіттер мен қыздар ерекше сүйетін ұлттық ойын. Ойын құралы ретінде ақсүйек алынады. Қатысушылар екі топқа бөлінеді. Олардың жетекшілерінің бірі сәттілік тасы – ақсүйекті алысқа лақтырады. Бұдан кейін дабыл қағылғанда ойыншылар ақсүйекті іздеуге кіріседі. Жастар ойындарымен қатар балалардың ойындары да кең тараған. «Жұмбақ шешу», «Соқыртеке» сияқты танымдық ойындармен қатар тоғызқұмалақта өзінің өміршеңдігін сан мәрте дәлелдеді.