Батыс мәдениеті және өркениетінің қалыптасу мен дамуының басты кезеңдері

Классицизм (лат. classicuisкөрнекті, үлгілі) – 17 – 19 ғғ. өнерде қалыптасқан бағыт. Классицизмге рационалдылық шығармашылықтың қалыпқа түскен түрі, монументальдық, стиль айқындығы, композициялық тепе – теңдік, форма үндестігі тән. Солай бола тұра, классицизмге үлгілі схема мен идеалдылық та тән. Классицизмнің бейнелері эстетикалық тұрғыдан көп түсті, түрлі құбылысты бола алмайды: оған көпқырлылық, әсемдік, иннттеллектуалдық эмоционалдық жағынан тығыздық тән емес. Классицизмде дүниенің көркемдік концепциясы рационалды және тарих кезеңіне тәуелді емес. Сондықтан да, классицизм туындылары, антиктік пе, римдік пе, қай дәуірдікі екеніне қарамастан, үздік көрнекті үлгі ретінде қабылданады. Классицизмде дидактикалық сарын, ғибрат айту, азаматтық пафос, мемлекеттік концепция ой қуатына сену, моральдық және эстетикалық бағалауда нақтылық пен айқындылық басым. Классицизм принциптері өнердің барлық түрлерінде берік орын алған.

Қоғамдық өмірдің қарама-қайшылықтары шиеленіскен Фрацияда «ағартушылық идеологиясы» 1789-1793 ж. ұлы француз ревалюциясының, ал одан кейін бүкіл Еуропаны жайлаған реформаторлық қозғалыстың теориялық және рухани алғышарттарына айналды. Шындығын айтсақ, бүгінгі заманның ең өркениетті елдерінің бірі Америка Құрама Штатын да «ағартушылық идеяларының» негізінде қалыптасып, іргелі мемлекетке айналды.

Ғылым саласында, бұрын механика математика сияқты ғылым салалары үстемдік еткен болса, енді оның қатарына физика, география, биология және т.б. ғылымдар қосылды. Ендігі жерде табиғатта, қоғамда болып жатқан түбегейлі өзгерістер ғалымдар назарынан тыс қалмады. Қоғамдық ғылымдар-саласында, әсіресе философия ерекше белсенділік танытты. Философтар қоғамдық өмірге көзбен қарап, терең философиялық пайымдаулар жасады. Олардың сынының негізгі обьектісі-қоғамдық (мемлекеттің) құрылыс және сол құрылыстың идеологиясы-дін болды.

Революция отаны Францияда да ағартушылық идеялары біртектес болған жоқ, олар реформизмнен (XVIII ғ бірінші жартысы) бастап, ашық революциялық қимылдарға (ХҮІІІғ 60-80ж) дейін нағыз эволюцияны басынан кешірді. Егер ағартушылырдың аға буынының өкілдері-Монтескье мен Вольтер конституциялық-монархиалық құрылыс орныққан көршілес Англияның үлгісімен феодалдық ағымды біртіндеп буржуазияландыру идеясын ұсынса, феодалдық құрылысқа жан-тәнімен қарсы келесі ұрпақтың өкілдері-Д.Дидро (1713-1784). К.Гельвеций (1715-1771) П. Гольбах (1723-1789) басқаша көңіл-күйде болды. Олар помешиктік меншік пен сослова иелік артықшылықтарды мүлде жойып, деспоттық өкіметі құлатуға шақырды.

XVIII ғ барокко мен қатар Батыс Еуропа өнерінде кеңінен тараған стильдердін бірі-рококо болды. Ол сарай зиялылары мәдениеттерімен тікелей байланыста қалыптасты. Рококо эстетикасынын басты ұраны, «Өнер-рахаттану құралы». Бұл ұран сол бір кезеңдегі «ертеңгісін ойламайтын аристократтардың (ақсүйектердің) дүниеге көзқарастарын дәлме-дәл көрсетеді». «Бізден соң не болса да мейлі» деген Людовик ХҮ-нің ұраны да осы дәуірде шыққан.

Орын алған осындай келеңсіз жағдайларға қарамастан, Еуропадағы «Ағартушылық» дәуірі-дүниежүзілік мәдениет тарихындағы ең жарқын кезеңдердің бірі болды. Ағартушылық идеяларының нәтижесінде пайда болған мәдени өзгерістерді сол дәуірдің адамдарының өздері де мақтаныш етті. Ғасыр ақыны аталған Гетенің өзі де осы бір тарихи кезеңдегі уақиғаларды шаттана жырлады. «Ағартушылық» дәуірі-Еуропаның қоғамдық өмірдің барлық саласын (қоғамдық-саяси, мәдени және т.б) айтарлықтай әсерін тигізді. «Утопияның алтын ғасыры» деп аталатын бұл дәуірдің мәдени мұрасы өзінің жан-жақтылығымен, жанрлармен стильдердің көптігімен, оптимистік сарыны мен және адамзаттың ақыл-ойы деген шынайы сенімі мен осы уақытқа дейін таң қалдырып келді.

Жаңа заман мәдениетінде ХІХ ғасыр мәдениеті ерекше орын алады. «Классикалық ғасыры» деп аталады бұл кезде буржуазиялық өркениет кемелдену шағына аяқ басуымен қатар, тоқырау кезеңін де басыннан кешірді. Мұндай әділ бағаның авторлары заманымыздың ойшылдары: О.Шпенглер, И.Хейзинга, Х.Ортега-и-Гассет және т.б.ХІХ ғасыр, мәдениеті – бүкіл жаңа заман мәдениетінен рухани нәр алып, көне дәуір мәдениетінің негізінде қалыптасты. Олар – рационализм, антропоцентрелизм, сциентизм, еуропоцентрелизм және т.б. болды. Еуропа мәдениетінің тағдырына дәуірдің үш ұлы уақиғасы: Англиядағы өнеркәсіп төңкерісі, Солтүстік Америка орталығының тәуелсіздік үшін күресі және Ұлы Француз ревалюциясы ерекше ықпал етті. Дәлірек айтқанда, бұл ұлы тарихи уақиғалар еуропалық мәдени бетбұрыстың жүзеге асыру процесін одан әрі жылдамдата түсті. ХІХ ғасырдың бетпердесі адамзат тағдырының өзгерістерге ұшырауына тығыз байланысты болады. Өз кезегінде жаңа дүниенің қалыптасуы да негізінен үш факторға байланысты болады. Олар: демократия, тәжірибелік ғылым және индустрияландыру. Екінші және үшінші факторларды бір сөзбен «техника» деп атауға да болады, ал бұл факторлар осыдан екі ғасыр бұрын пайда болды да, ХІХ ғасырда қоғамдық өмірдің барлық салаларына еркін ене бастады.

Капиталистік индустрияландыру немесе классикалық бржуазиялық өнеркәсіп төңкеріс ең алғашқы Англияда жүзеге асырылды.

XIX ғ. ортасына қарай капиталистік индустрияландыру Еуропаның кептеген елдерімен қатар Солтүстік Американы да бірге қамтыды. Жаңа заман мәдениетінде рационализм мен утилитаризмнің үстемдігінің заңды жалғасы болып табылатын өнеркәсіп төңкерісі ғылыммен техниканың даму қарқының жылдамдатып, жаңа серпін берді. Белгілі ғалым П.Сорокиннің есептеуінше, тек XIX ғасырда ашылған ғылыми жаңалықтар мен өнер табыстарының саны, бұған дейінгі ашылған ғылыми жаңалықтар мен өнер табыстарын қоса есептегенде әлде кайда артық болып шыккан, яғни бұл кезеңде техника үстемдігі қоғамының, табиғаттың сан-саласын қамтиды.