Антика дүниесінің мәдениеті

Б.з.д, ІҮ-ІІІ ғасырларда Рим этрус қалаларымен қоса, бүкіл Апенин түбегін өзіне бағындырады, ал ІІІ-І ғасырлардағы қантөгіс соғыстарда римдіктер өздерінің басты бәсекелесі Карфагенді күйретіп, одан соң іле шала Грекия мен Шығыс Жерорта теңізі өңіріндегі біраз мемлекеттерді жаулап алды. Бұл жайында аса көрнекті грек тарихшысы Полибий былай деп жазды: «Римдіктер белгілі дүниенің бәрін дер лік өзіне бағындырып алды, сөйтіп өз құдіретін ата – бабаларының үш ұйықтаса түсіне кірмеген, ал кейінгі ұрпақтары басып оза алмайтын шырқау биікке көтерді». Б.з.д. І – ғасырда Рим ежелгі дүниенің аса ірі құлиеленуші мемлекетіне айналды.

Дүниежүзілік өркениетке гректердің де, римдіктердің де қосқан үлесі ұшан теңіз, бұл ұлы халықтар бірін – бірі толықтырып отырады. Міне сондықтан да болар қазіргі Европа мәдениетінің іргетасын қалау – бұл ұлы халықтардың ортақ мақсаты, ортақ ісі болды. Әрине гректер өнердің қай саласында болса да көп үлес қосты, диалектика саласында да шеберліктерін көрсете білді. Рим өнерінің тұтастай алғанда грек өнерінің туындағанын тарихи тұрғыдан дәлелдеуге де болатын шығар.

Рим республика дәуірінде сәулет өнерімен қатар ежелгі дүние өнерінде ерекше орын алған реалистік мүсіндік портрет те дамыды. Римнің саяси өміріне белсене араласқан, ал осы саясат саласына байланысты «Мемлекет туралы» және т.б ғылыми трактаттар жазды. Осы кезеңдегі әлемнің ойшыл алыптарының бірі – аса көрнекті қоғам қайраткері, от тілді, орақ ауызды, күміс көмей шешен, дарынды заңгер, философияның білгірі, тамаша жазушы, ұлы ғұлама – Цицерон болды. Ежелгі дүниенің соңғы, ал орта ғасыр деп аталатын жаңа тарихи дәуірдің бастамасы болды, сөйтіп мәдениет тарихының тағы да бір жаңа беті ашылды.

“Отан отбасынан басталады” дейді халық. Отбасының екі тірегі әлпештеген әке мен аялаған ана. Әке – шеше арқылы өрбіген тұқымның туыстық адамгершіліқ қатынастары жүйеленіп, әлеуметтік, қоғамдық құрылысқа байланысты қалыптасқан.

Жанұядағы туыстық қатынастар әкенің жақындығына байланысты қалыптасқан. Жанұядағы әрбір адамның туыстық қатынасқа байланысты міндеттері, парыздары, борыштары бар. Міндет – күнделікті іс — әрекет арқылы имандылық пен қайырымдылық рәсімдерін орындау әрекетін іске асыру жолы. Парыз – міндетті іске асырудың қалыптасқан рәсімдері. Борыш – ата –анаға, үлкен адамдарға қызмет етіп, әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу үшін жүргізілетін салтқа арналған қайырым іс — әрекеттер және ол — “қарыз” деген сөздің де баламасы. Яғни бала өзін әлпештеп өсірген ата – ана алдында олардың жан аямай жасаған еңбектерін өтеуге қарыздар. Егер ол нағыз адам болса, ең әуелі ата –ана алдында борышын өтеуді өмір жолына мақсат етіп қойып, сол мақсаттарды орындауға жан – тәнімен әрекет жасап, еңбек етеді.

Жанұяның қос шынары — ала таудай атасы және аналардың анасы — әже. Ата – береке, мейірім, өнеге даналықтың қайнар көзі, ата салтын алға апарушыларға үлгі беретін, қасиетті ісімен сый — құрметке бөлінген қадірлі қария. Атаны сыйлау ата – бабаны елді сыйлау, ал әжені құрметтеу өмірді құрметтеу болып табылады.

Әкенің негізгі мақсаты – баланы өмірге баулу, тәлім беріп тәрбиелеу. “Мен балам үшін өмір сүремін” дейді әзіз әке. Әкенің үлгі- өнегесі, арқылы, нұсқаулы, талап етуі – бала үшін бұлжытпай орындайтын заң іспетті.

Ақ сүт берген ана баласы үшін жанын да аямайды. “Түн ұйқысын төрт бөліп, суық бесік таянған, түнде шошып оянған” ананың ақ мейірімі, оның қызметі, ересен еңбегі бағаланбаса, ол – қорлық. Бірақ ана бәрін де кешіреді, аналық міндеттерін айнытпай орындай береді. Әпке – екінші ана. Ол — әрі анаға көмекші, әрі өзінен кіші ұрпақты тәрбиелеуші. “Ағасы бардың жағасы бар” дейді халық. Аға — әкеден кейінгі отбасының иесі. Ол — әрі әкеге көмекші, әрі отбасындағы барлық тірлікті басқарушы, тәрбиеші, тәлімгер. Аға ініге, қарындасқа үлгі өнеге көрсетіп, оларға қамқаоршы болуға міндетті.

“Інісі бардың тынысы бар” деп, халық інінің ағаға көмек көрсетіп, оған сүйеніш болатынын уағыздайды. “Аға – бордан, іні зордан” деген мақал ағаның кешірімділігін іні пайдалана бермей, іні одан да зор болып, яғни асып түсуге тиіс деген ұғымды білдіреді. Іні ағаны ардақтап, ақылана тәнті болып, кеңесіп отыруға міндетті.

Інісі мен қарындасы ағасын әкесіндей сыйлау керек.

“Бір үйде қанша болсаң, бір – біріңмен меймансың”, “Бір – біріңді жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін” деп, халық жанұядағы сыйласымды жоғары бағалайды.

Жанұядағы сыйласым – қуаныш, бақыт, қызықты өмір.

Әртүрлі халықтардың көне мәдениетін өркениеттерге өту мәдениетінің дамуындағы заңды құбылыс. Егер көне мәдениет инотиптік сипатта болса онда өркениет уақыт табиғат аясынан әлеуметтік тарихи заңдар аумағына жылжиды. Салт – дәстүр, ырымдар мен табиғи түсініктері талаптың және оның қасиетті текстерінен ғасырлар бойы қалыптасқан дүниенің философиялық және экономикалық талпыныстармен табиғаттың жетістіктері мен және т.б айқындалады.

Дәстүр әдет – ғұрп пен салт — сана қоғамдағы әлеуметтік қатынастар түрлерін, қоғамның мәдени деңгейін көрсетеді. Сонымен қатар, тәрбие талаптарының негізін құрайды, адамдардың қоғамдағы өмір сүруінің және ұйымдасуының маңызды формаларын көрсетеді. Жер жүзінде екі мыңнан астам ұлттар мен ұлыстар тіршілік етеді, салт – дәстүрлері бар. Олар халық мәдениетінің аса мәнді құрамдас бөлігі, одан сол халыққа жататын адамдар мәдениетінің деңгейі, рухани байлығы, бір – бірінен айырмашылығының барлық белгілері айқын танылады. Сонымен қатар салт – сана, дәстүр қатып – сенген, мәңгі өзгермейтін нәрселер емес, елдің экономикасының, мәдениетінің өркендеуімен бірге олардың азықтары одан әрі дамып жаңғыра түседі, тозықтары қолданыстан қалып, ұмыт бола береді. Дәстүр ұғымы барлық халықта бар. Ол тарихи негізде қалыптасып, ұрпақтан – ұрпаққа берілетін әдет – ғұрып жалпыға бірдей тәртіп, әдеп – инабат нормасы болып табылады.

Дәстүр өзінің негізі мен қалыптасуы, өмір сүруі жағынан барынша ұлттық сипатта болады. Дәстүрлердің жалпыға ортақ ең маңызды қызметі – адамдар арасындағы өркендеп және өзгеріп отыратын тұрақтылықты ретке келтіріп отыру болып табылады.