ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА с СТРАТЕГИЯСЫ

Көпұлтты қоғамның бірлігіне қол жеткізуде саяси ұлт қалыптастыру маңызды болып табылады, ол ел азаматтарының жалпыға ортақ ұлттық мүдде мен мәдени құндылықтар аясына біріктіруді қамтамасыз етеді. Бұл мәселе бүгінгі күннің өзінде кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістіктегі көптеген мемлекеттер үшін, сонымен бірге территориясында шамамен 140 этнос өкілдері мекендейтін Қазақстан үшін де өзекті болып табылады.

Қазақстан Республикасын саяси ұлт қалыптастыру стратегиясының маңызын түсіну үшін, ең алдымен, «этнос» және «ұлт» түсініктерінің мәнін анықтап алған жөн. Этнос кеңінен тараған түсінік болып табылады (грек тілінен «ethnos» — халық, тайпа, сөзбе-сөз аударғанда – бөтен, жат, яғни грек емес), ол ортақ тарихы, тілі, мәдениеті, тұрмысы, салт-дәстүрлері бар, басқалардан өз айырмашылығын саналы түрде түсінетін психикалық күйібір, яғни этникалық сана сезімі бар, белгілі бір территорияда тұрақты, тарихи қалыптасқан адамдар қауымдастығы дегенді білдіреді. Бұдан, этнос дегеніміз – этникалық белгі негізінде қалыптасатын қауымдастық. Латын тіліндегі «ұлт» терминінің дәл мағынасы грек тіліндегі «этнос» терминінің мағынасымен ұқсасады да, «тайпа», «халық» дегенді білдіреді. Алайда ұлт термині – этнос терминімен салыстырғанда, кешеуілдеген тарихи даму өнімі. Әдетте ұлттардың қалыптасуын индустриалдық кезеңнің басталуымен байланыстырады, саяси және әлеуметтік-экономикалық ортақтық ұлттың басты критерийлері болып табылады. Заманауи халықаралық құқықта «ұлт» терминіұлттық мемлекет сөзімен синонимдес.

Қазіргі таңда ұлт сөзінің мағынасын түсінуде екі негізгі жол бар: біріншіден, ұлт – тілі мен сана сезімі бір этникалық адамдар қауымдастығы, екіншіден, ұлт – белгілі бір мемлекеттің этникалық қатысынан тыс азаматтардың саяси қауымдастығы.

Егемен мемлекет ретінде қалыптасуының алғашқы күнінен бастапҚазақстанның алдында адамның өзін мемлекетпен теңдестіру ұстанатын сана сезім формасы ретінде азаматтықты қалыптастыру мәселесі тұрды. Жағдай Қазақстанның көп этникалылығымен күрделене бастады. Адамдар жаңа тәуелсіз мемлекеттің заңды тұлғалары атанған соң да, көп жағдайда, өздерін осы мемлекетпен емес, жоқ мемлекет – Кеңес Одағымен немесе оның құқығын иеленуші Ресеймен теңдестіріп келді. Мұны 1993 жылы Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстандық қоғамды идеялық шоғырландыру – Қазақстанның ілгерілеуінің шарты ретінде» жұмысында атап өткен: «Өкінішке орай, біздің бүгіннен бұрынғы КСРО-ның немесе ТМД-ның емес, тәуелсіз, егемен ел Қазақстанның азаматтары екендігімізді түсіну үстіртін сипатқа ие болып отыр» [1]. Сондықтан Қазақстан үшін азаматтықты қалыптастыру мәселесі «Қазақстандықтар — біз кімбіз?» сұрағының жауабымен тікелей байланысты деуге болады.

Азаматтық, тұлғаның өзіндік интегративті сипаттамасы ретінде, адамның өзін, бірінші кезекте, нақты мемлекеттің азаматы деп, ал сосын қандай да бір этникалық топтың – қазақтың, орыстың, немістің және т.с.с. өкілі деп сезінуінен шығады. Сәйкесінше, Қазақстанның полиэтникалық мемлекет ретіндегі жағдайында, халықтың мемлекеттік ұқсастығы (яғни сол мемлекетке қатыстылығы) деп ұлтты этникалық қауымдастық емес, азаматтастар болатын саяси қауымдастық ретінде түсінгенде ғана айтуға болады. Сондықтан саяси ұлт қалыптастыру республикалық тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы күннен бастап-ақ мемлекеттік саясаттың ең маңызды басымдығы болды. Бірыңғай азаматтықты қалыптастырудың құқықтық мүмкіндігі Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясынан көрініс тапты, Преамбулада жазылған «Біз – тарихи тағдыры бір Қазақстан халқымыз…» [2] деген сөз осындай этникалық феномен қалыптастыру үшін қолайлы жағдай тудырған ұлттық саясат пен саяси платформа принципі болды.

Саяси ұлт қалыптастыру стратегиясын жасаудағы шешуші рөлді ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев атқарады. 1996 жылдың сәуірінде Қазақстан халқы Ассамблеясының III сессиясында ол «халқымыздың жаңа сәйкестігі, жаңадан өзін-өзі билеу» формуласының негізі болатын азаматтық қауымдастық қалыптастыру қажеттілігі туралы мәселе көтерді [3], ал 1997 жылдың маусымындаосы ұйымның IV сессиясында еліміздің Президенті саяси ұлтты қалыптастыруды мемлекеттілікті сақтау мен дамытудағы ең маңызды саяси мәселелердің бірі ретінде анықтады: «Жаңа қазақстандық азаматтықты қалыптастыру біздің мемлекеттігіміздің негізін қозғайтын саяси өзекті мәселелердің бірі болып келеді» [4]. Яғни Қазақстан халқы азаматтық бірлік нәтижесінде, қандай да бір жаңа этникалық супер қауымдастық емес, ұлттары әртүрлі азаматтар қауымдастығы, яғни саяси қауымдастық болу керек.

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен 1997 жылы әзірленген «Қазақстан-2030» елдің стратегиялық даму бағдарламасын қоғам бірлігі факторы ретіндегі мемлекеттік сәйкестікті қалыптастыру стратегиясының дамуындағы жаңа қадам деп есептеуге болады, ол қазақстандық қоғам жаңғыруының іргетасына айналды. «Қазақстан-2030» Стратегиясында көрсетілгендей, Қазақстандағы әр түрлі этникалық және конфессиялық топ өкілдерінің теңдігіне негізделген, яғни «еліміздің азаматтарына арналған мүмкіндіктер теңдігіне негізделген бірыңғай азаматтықты қалыптастыру»[5] қазақстандық қоғамды нығайтудың басты факторына айналу керек. Басқаша айтқанда, жаңа саяси қауымдастық ретіндегі бірыңғай қазақстандық халық қалыптастыру жайлы мәселе көтерілді.

Мемлекеттіліктің негізі ретіндегі жаңа «қазақстандықтар» қауымдастығын қалыптастру идеясын Президент 2000 жылғы Қазақстан халқы Ассамблеясының VII сессиясында қайта көтерді: «Қазақстанды көтердік, енді өз елінің патриоттары – қазақстандықтарды жасайық. Бұл мемлекеттік тәуелсіздіктің негізі болатын мәдени қауымдастық болады» [6]. Сонымен қатар мұндай қауымдастықты қалыптастыру үрдісінің этномәдени қауымдастықтың сіңісіп кетуін көздейтін этникалық не мәдени ассимиляциямен ешқандай да ортақтығы болмайтындығы, керісінше саяси ұлтты қалыптастыру нәтижесі болатындығы атап көрсетілді.

Қазақстанда мемлекеттік сәйкестік пен саяси ұлт қалыптастыру мәселесі Н.Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында» кітабында ерекше талдау нысаны болды, онда Президент Қазақстанның өзіндік бірегей ұлттық сәйкестік үлгісін іздеу мен табу қажеттілігін дәлелдейді және мемлекеттік сәйкестік мәселелерін шешудің негізгі принциптерін ұсынады.

Бұл бағдарламадағы басты назарды Н.Ә. Назарбаевтың, уақыт көрсеткендей, қырағылықпен әрі даналықпен этникалық қауымдастықты қалыптастырудан (бұл кеңестік кезеңнен кейінгі көптеген мемлекеттердің негізгі идеясына айналды және нәтижесінде этника аралық түсініспеушіліктер туындады) азаматтықты қалыптастыруға бұруын атап өтпеске болмайды: «Еліміздің көп ұлттылығы, көп конфессиялығы – мұның бәрі сәйкестік мәселесін екі деңгейлік тәсілмен шешу қажеттілігіне әкеледі», дәлірек айтқанда, біріншіден, «бірыңғай азаматтық және саяси қауымдастық ретіндегі Қазақстан халқына» қатысты, ал, екіншіден, «басты саяси құндылық – ортақ, территориялық толымды, тәуелсіз Қазақстан – барлық қазақстандықтардың Отанының айналасында азамат ұлтынан тәуелсіз қалыптасатын ұлттық-мемлекеттік идеяға» қатысты [7].

Осылайша, Н.Ә. Назарбаевтың ойынша, мемлекеттік сәйкестікті қалыптастырудың бірінші деңгейі Қазақстан халқын саяси қауымдастық ретінде қалыптастырумен байланысты. Егемен қазақстандық мемлекет бірте-бірте жалпы құндылықтарымен біріккен демократиялық бірлікке, бірыңғай қазақстандық халыққа айналу керек. Бұл жағдайда бірыңғай саяси құндылықтарға, өзінің азаматтық және саяси тағдырын тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасымен сәйкестендіруге негізделген елдің әр түрлі болса да, барлық тұрғындарының азаматтық және саяси бірлігі сәйкестіктің бірінші деңгейінің мәні болып табылады.

Мемлекеттік сәйкестік мәселесін шешудің екінші деңгейі «қазақтардың ұлттық сәйкестігімен» байланысты. сі, «ұлттық өзін-өзі билеуді, өзін-өзі рухани деңгейде анықтауды» дамыту, яғни ұлттық этномәдени сәйкестігін қалыптастыру жоғарыда аталған сәйкестікті қалыптастырудың негізі болу керек. Н.Ә. Назарбаевтың ойынша, этномәдени сәйкестік «халықтың тарихи жадынан, ұлт данышпандары мен батырларын құрметтеуден, «өзінің» рухани дүниесіне деген қатыстылығын күнделікті эмоционалды сезінуден» туындайды[8]. Бұл жағдайда мынадай пікірді де айта кету керек: мемлекет саясатында қазақ ұлтының ішкі ұлттық сәйкестігін қамтамасыз ету елде барлық қазақстандық халықтың бірыңғай азаматтық сәйкестігін қалыптастырумен тығыз байланысты.

Қазақстанды қай ұлт өкілі болып табылатындығына қарамастан барлық азаматтардың мемлекеттік өзін-өзі билеу формасы ретінде түсінуге берілген теориялық негіздеме этникааралық қатынастар облысындағы мемлекеттік саясат негізіне айналды және жаңа саяси қауымдастық – Қазақстан халқының қалыптасуына негіз болды.

Еліміздің бірыңғай қазақстандық ұлт деген негіздегі азаматтық қоғам қалпына көшу мәселесін Мемлекет Басшысы бірнеше рет көтерді.

2007 жылдың тамыз айындағы сайлауда Н.Ә. Назарбаев ерекше қазақстандық сәйкестік үлгісін жасау идеясына берілгендігін тағы бір рет дәлелдеді: «Осы 16 жыл ішінде біз өзімізге тән ұлтаралық келісімді сақтау мен нығайту, қазақстандық сәйкестік қалыптастыру үлгісін жасадық… Тәуелсіздігіміздің алғашқы күндерінен бастапэтникалық емес, азаматтық принцип қазақстандық сәйкестікке негіз болды … Біздің стратегиялық міндетіміз – қоғамды әрі қарай нығайту жәнебірыңғай қазақстандық, бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыру» [9]. Ал 2007 жылдың қазан айында «Қазақстан-2030» Стратегиясының 10-жылдығына арналған конференцияда ол мемлекет саясаты мен қоғамдық бірлестіктердің басты міндеттерін көрсетті: «Біздің болашаққа деген стратегиялық міндетіміз – қоғамды әрі қарай нығайту жәнебірыңғай қазақстандық, бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыру» [10].

Мемлекет Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2009 жылдың қазан айында Қазақстан халқы Ассамблеясының XV сессиясының делегаттарына сөйлеген сөзі ұлт бірлігін қамтамасыз етудегі, жалпы қазақстандық ұлт қалыптастырудағы жаңа кезеңнің тууына себеп болды, ол қазіргі заманда «білім және тәрбие беру жүйесі арқылы қазақстандық қоғамда азаматтық сәйкестік пен толеранттылық дамыту…» [11] мемлекеттік саясаттың басты бағыты болып табылатындығын атап өтті. Осы бағыттың маңыздылығын ескере отырып, Елбасы Ұлттық бірлік Доктринасын жасау мен қабылдауға арналған теориялық және әдістемелік негіздемелер ұсынды.Н.Ә. Назарбаев атап айтқандай, «қазіргі заманда ұлттық бірлік ортақ мемлекеттік бірге құру, толеранттылық, азаматтық және сол елдің мемлекеттік тілін міндетті түрде білу сияқты шарттармен анықталады». Яғни еліміздің Президенті ұлттық бірлік түсінігіне ұсынған мына пікірі: «Біздің мемлекетімізде тұратын этникалық, діни және басқа да әлеуметтік мәдени топтар қауымдастығы болу деген сөз» Ұлттық бірлік доктринасы үшін маңызды да басты негіз болу керек.

Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасының егеменді дамуының жиырма жылдан астам уақытында саяси ұлт қалыптастыру стратегиясының мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен жасалып қана қоймай, республиканың ішкі саясатының басты артықшылығы ретінде бірте-бірте жүзеге асырылып отырғандығын көруге болады. Бұл ұлтаралық келісім мен ішкі саяси тұрақтылықтың қажет деңгейге дейін жетуін қамтамасыз етуге және қазақстандықтар деген жаңа саяси ұлтты қалыптастыру жағдайын жасауға мүмкіндік берді.

Мемлекеттік сәйкестікті қалыптастыру және қазақстандық ұлттың саяси азаматтар қауымдастығы ретінде орнығу үрдістерінің сәтті өткендігінің көрсеткішін түсінік аппаратының қалыптасуынан байқауға болады, ол қазақстандық қоғамды билік деңгейінде де, күнделікті қарым-қатынас деңгейінде де үйреншікті және кеңінен қолданылатын сипатқа ие болды: «ұлттық қауіпсіздік», «ұлттық мүдделер», «ұлт саулығы», «ұлт болашағы» және «Ұлт көшбасшысы». Сонымен қатар бұл терминдердің қандай да бір этникалық топқа емес, барлық Қазақстан халқына қатысты айтылғандығы белгілі.

2014 жылдың17 қаңтарында еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауын ұсынды, ол Жолдауда республикамыздың 2050 жылға дейін даму стратегиясын ұсынып, «Мәңгілік Ел» атты ұлттық идеяның негізгі принциптерін көрсетті, бұл да этникалықсипатқа ие. Еліміздің Тұңғыш Президентінің Жолдаудағы мына сөзі бұған дәлел бола алады: «Біздер, қазақстандықтар – бір халықпыз! «Мәңгілік Ел» –жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы…» [12].