Мәдениеттің түрлері: өнер, дін, құқық, саясат, ғылым

Әлеуметтік археологиялық және этнографиялық ғылым, табысына қарағанда өнегеліліктің алғашқы қарапайым формасының іздері б.з.д 40-20ж бұынғы тас ғасырында пайда болды.

Өнегеліліктің тарихи даму барысында мазмұны мен формасына қоғамның әлеуметтік экономикалық құрылысындағы өзгерістер әсер етіп отыратын өнегеліліктің эвалюциясы мәдениеттің дамуының мәселесі ретіндегі көзқарастарға сүйенсек онда өнегеліліктің эвалюциясы өзіне тән ерекшелігі бар. Олардың дамуының мәселесі болып табылады.

Өмір шындығын көркемдік тұрғыдан бейнелеу тәсілдері үшін кемелдене де тереңдей түсуі өнегеліліктің даму жолы. Өнегеліліктің дамуына материалдық формадан басқа, сол дәстүрдің саяси және рухани өмірінің ерекше ынтасы қажет.

Өнегелілік – адамзаттың бір – біріне, қоғамға деген міндеттері мен қарым-қатынастарын анықтағанда көрінетін, олардың тәлім-тәрбиелілігі, үлгілі, саналылығы ережелерінің жиынтығы.

Объективтік тұрғыдан қарағанда жақсы және әділ деп табылған өнегелілік моральды, ал жаман және әділ емес өнегелік моральды болып саналады. Сондықтан өнегеліліктің жақсысы да жаманы да бар. Ал “өнегелі бол – үлгілі бол” деген мәтелдің негізінде жақсы өнегелілік жатыр.

Өнегелілік қасиеттері: амалдық, кішіпейілдік, еңбексүйгіштік, қоғамдық міндетке дұрыс қарауы, коллективизм, гуманизм, натурализм, интернационализм т.б. жатады.

Еңбек процесімен тығыз байланысты бағасы алғашқы қауымдық құрылыс өнер адамды қоршаған ортаны біртіндеп білу мен оның сол бір жұмбақ жарық дүние деген көзқарасын көрсетеді.

Норма — ең маңызды қоғам, тұлға үшін өте қажет қатынастарды бейнелейді. Құқықтық норма- қоғам, тұлға үшін пайдалы, қажетті қатынастармен қатар, зиянды қатынастарды да бейнелейді. Құқықтық нормада қоғам, тұлға үшін өте қажет қоғамдық қатынастарды бейнелейді. Заң бұзушылық қоғамға тұлғаға шексіз зиян келтіруі мүмкін. Норманың екінші белгісі – ол реттелетін қоғамдық қатынастардың үлгісі (модельі) болып саналады. Үлгі – оң және теріс мінез құлықтың бейнесі болуы мүмкін. Тұлға өзіне жүктелген міндетті қалтқысыз орындаса, ол оң үлгіге жатады. Егер адам заң бұзса, ол теріс үлгіге жатады. Норманың жалпыға бірдей сипаты бар. Нормада нақтылы, жеке субъектілер көрсетілмейді. Ол реттейтін қоғамдық қатынастарға қатынастардың барлығы норманың талабына бағынуы қажет. Мемлекет, қоғамдық бірлестіктер, жеке адам заң нормасының талабын мүлтіксіз сақтауға, орындауға міндетті. Заң нормасының талабын өз еркімен орындамаса, оны бұзған тұлғаға мемлекет тарпынан мәжбүрлеу шаралары қолданылады. Демек, заң нормасын мемлекет қорғайды.

Эволюция (лат. Evolutio — өрістеу) кең мағынада қоғамдағы табиғаттағы және органикалық дүниедегі болып жатқан өзгерістердің ретін, бағытын, заңдылығын білдіретін ұғым.

Эволюция идеясы бойынша – белгілі бір жүйенің (қоғамдық немесе органикалық) бір қалыптан екінші бір қалыпқа келуі, оның бұрынғы қалпының айтарлықтай мерзімде біртіндеп өзгеруі нәтижесінен болады деп түсіндіріледі. Эволюция нақтылы мағынасында революция ұғымға қарама – қарсы баяу, сан өзгерістері мен дамудың бірте – біртелігін сиапттайтын түсінік.

Мәдениет – ең бірінші қызметте нәтижелерімен (мәдени шығармашылықтың нәтижелері, музыка, кескіндеме туындылары және т.б.) санаса да оның басты мақсаты – тереңде жатыр, дәлірек айтқанда, мәдениеттің рухын игеру болып табылады. Бұл жағдайда мәдениетті игерудің екінші – “коммуникативтік” жағы келіп шығады. Ол білім беру мен тәрбиенің, адамның адамгершілік тұрғыға қарым – қатынастарының дәрежесіне байланысты болып келеді. Ең соңында мәдениеттің негізгі, оның түйіні мен маңызы туралы мәселе келіп туындайды. Ғалымдар оны тілмен де, рәміздік жүйесін қабылдаған ұлттық психологиялық түрмен және акрализация тәсілімен және т.б. байланыстырады. Қалай болғанда да дүниенің тұтастығы, қоғамның интеграциялық негізі және этностың рухани кеңестік – мәдени дәстүрлерінің дамуына ең басты факторлар болып қала береді. Мәдениеттану ғылыми пән дәрежесіне жету мақсатында, сөзсіз мәдениет археологиясына сүйенеді, оның генезисін, өмір сүруі мен дамуының құпияларын ашып, мәдени мұрагерлік тәсілдерін ашып, мәдени мұрагерліктің тәсілдерін жетілдіреді. Бұл жұмыс үш дәрежеде жүзеге асырылады: 1) Мәдениетті, оның базистік негіздерін сақтау; 2) Мәдениетті жаңғырту, мәдениеттің дамуына жаңаша ықпал ету; 3) Мәдениетті трансляциялау, немесе мәдениет әлемін халықтың игілігіне айналдыру. Бұл үш дәреженің арқасында мәдениеттің сандық салалық (ғылым, техника, өнер, философия, экономика т.б.) сапалық сипатын тереңірек ашып көрсетумен қатар, мәдениеттің құрылымын, тұтұстығын, даму заңдылықтарын ашып көрсетуге мүмкіндік аламыз.