Мәдениет ұғымы және оның мәні

Латынның “культура” сөзінің бастапқы мағынасы жерді өңдеу, оны күту, мұқтажына бейімдеу дегенді білдіреді. В.Дальде біз “культура” сөзінің мынадай мағыналарын кездестіреміз: “өсіру”, “өңдеу” және “күту”, “білім, ақыл-ой және ізгілік”.

Цицеронда біз бұл терминнің ізденуден туған міндеттерге, адам миының дамуына байланысты барынша кеңірек қолданылғанын көреміз. Одан да бұрынырақтағы мұндай теңестірулерді қытай (“ЖЭН”) және үнді (“дхарма”), сондай-ақ грек (“пайдейя”) жылнамаларынан кездестіруге болады.

Қазіргі тіршілік деңгейінде «мәдениет» сөзінің кең мағынасы адам өмірі мен қызметіндегі барлық көріністердің жиынтығын, оны қоршаған ортаны өзгертуге ғылыми негізде адамдардың қолданысын білдіреді.

Мәдениеттің толығырақ мағынасын неміс философы Г.Ф.Гегель табиғи көзқарасқа орайластырылған адамның “екінші табиғаты” және “екінші ақиқат” деп атап көресетеді.

Терминнің мазмұны табиғаттың, адамның және оның қызметінің ажырамас бірлігін білдіретін бастаудың мәдениетте екендігін көрсетеді.

Мәдениеттануда міндеттердің орындалуының ортақ нәтижесін қоғамдағы мәдениеттің ролі деп атайды. Мәдениеттің негізгі міндеттеріне мыналарды жатқызуға болады:

  • көндіктірушілік;
  • құндылықты нормативтік;
  • әлеуметтендіргіш;
  • ұйымдық реттегіш;
  • ізгілікті;
  • комуникативті ақпараттық.

Көндіктірушілік міндет тетіктер, құралдар, әдістер, тәртіптер әзірлеуге байланысты олардың көмегімен адамның табиғат пен әлеуметтік ортаға көндігуі жеңілдейді, барынша тиімді бола түседі. Әлеуметтендіргіш міндет адамның алдана оның қоғамның толыққанды мүшесіне айналуына қажетті білім мен дағдыларды игеру мақсатын қояды. Ол қоршаған ортаға сәйкес әрекет етуге, өзінің өмір салтын дербес қалыптастыруға; әлеуметтік мәдени орта жағдайының ұдайы өзгеріп отыратын ахуалына бейімделіп қана қоймай, өз мұқтажына қарай оған әсер ете білуге тиіс.

Мәдениеттің ұйымдық элементтеріне бірлестіктің мына үлгілерін жатқызуға болады: биоәлеуметтік (отбасы, ру, тайпа, жыныстық, одақ), әлеуметтік (тайпа, ру одақтары) әлеуметтік саяси (мемлекет, саяси және кәсіби одақтар). Ұйымдық — реттеушілік міндет сол мәдениеттің барлық субъектілеріне теңдестірілген талаптарды әзірлеуге байланысты. Бұл міндет моральдық, діни, құқықтық құндылықтар мен нормалардың көмегімен іске асады.

Мәдениеттің маңызды міндеттерінің бірі — ізгіліктік болып табылады. Адамдар ерте заманнан-ақ мәдениеттің басты міндетін адамзатты рухани жетілдіру деп түсінді. Мәдениет жеке адамды дамытуға, оның рухани өсуі мен еркіндік деңгейін қамсыздандыруға тиіс. Қытайда мәдениетті “ЖЭНЬ”-адамгершілік түсінігімен мағыналас деп қарастырады. Қазіргі уақытта оның ең дәл мәнін А.Швейцардың мына сөзімен беруге болады. «Бірде-бір адам зат ретінде жағдайға орай құрбандыққа шалынуға тиіс емес және осы этикалық заң адамның өзінен оның мәдениетінің басты принципі — өмірдің кез-келген нысаны алдында имандылықта сақтауды талап етеді»

Дәстүр адам қоғамының, мәдени өмірінің іргетасын қалайды. Дәстүр сөзі латынша «құндылықты ұрпақтан-ұрпаққа беру» дегенді білдіреді.

Рухани дәстүр адамдардың талай ұрпағын бөліп келген уақытша кедергілерді бұзады. Рухани дәстүрлер істерінің құпиясы сақтай білу өнеріне байланысты, яғни оның мәнісін сәл жоғалта отыра мәдени құбылыстарды уақыт талабына орай қайта түлете білуде. “Сақтау” сөзінен шыққан “храм” сөзінің әртүрлі халықтардың мәдениетінде дәстүр жай ғана жасалып қоймай жанды дүние ретінде нақты әсер етуін жалғастыратын қасиетті орынды білдіруі тегін емес.

Көне Римдіктер Эллиндерге осындай көзқараспен қарады. Қайта өрлеу дәуірі өз мұраттарын көне классикада ХХ ғасырдағы романтиктер Орта ғасыр әлемінде жоғалтты, ал ХХ ғасырдағы Еуропалықтар жұртшылық Көне Шығыстың мұрасына бас назар аударды.

Дәстүрдің өмір сүру үшін тәжірибенің ұрпақтан-ұрпаққа сенімді берілуін күшейту қажет, яғни оны қайта түсіндіру мен бұрмалаушылықтан сақтау қажет.