Мәдениет, мәдениеттанудың обьектісі және пәні ретінде қалыптасуы

Әлеуметтік өмірдің дербес құбылысы ретінде мәдениет тек XVIII ғасырда Ағарту дәуірінде ғана, және ол адамның ақыл-ойының төңірегінде қаралды. Жаңа адамның үлгісі-дербес, жігерлі, алдын-артын ойлайтын, тек өзінің жеке күші мен ақыл ойына ғана сенетін тұлға қалыптасты.

“Мәдениет” түсінігі осылайша пайымдалумен “прогресс” түсінігімен үйлесім тапты. Неміс класcикалық философиясының көш бастаушысы Иммануил Кант оны ақыл-ойдың мәдени жетілуі деп атады және прогресті мәдениетті дамытушы күш ретінде түсінді. Иоганн Фихтенің тұжырымдамасында мәдениет рухтың тәуелсіздігі мен еркіндігі ретінде түсіндірілді.

Ағылшын этнологы Э.Тайлор мәдениетті өнер, сенім, дін түрлерін, қызметтің құралдық формаларын сатылай жетілдіру процесі ретінде қарастырды.

Мәдениетті зертеуде австриялық психоаналитик Зигмунд Фрейдке негізделген психологиялық мектеп ерекше орын алды. Ол “әрбір мәдениет мәжбүрлеу мен әуестенуге тыйым салу принципі бойынша құрылуға мәжбүр” деп есептейді. Мәдениет З.Фрейдте нормалар мен тыйымдар жүйесі ретінде көрінеді, оларға жеке еркіндікке ұмтылушылар мен осы ұмтылушыларды мәдени нормалармен тежейтіндер арасындағы психологиялық шиеленіс тән. Неміс философы Эрнест Кассирердің пікірінше, мәдениет дегеніміз — адам өз ғұмырын өткізетін символикалық әлем.“Мәдениет” қазіргі түсінік бойынша — ашық категория. Өзініңкең мағынасында мәдениет Табиғатқа оппозиция ретінде түсіндіріледі. Табиғат пен Мәдениет “табиғи” және “жасанды” ретінде салыстырылады. Белгілі американ социологы Питирим Сорокиннің ойынша мәдениет “табиғатқа үстем” құбылыс. Мәдениет тақырыбы ХХ ғасырда ойын ретінде Нидерланд философы И.Хейзингтің шығармашылығын шабыттандырды. Ол “ойын мәдениеттен үлкен, мәдениет ойыннан туындайды, бүкіл көне формалар нанымдық, әлеуметтік, әскери сайыс дәстүрлерінен шықты”, — деп жариялады.

“Культ” (дінге табыну) және “мәдениет” сөздерінің ұқсастығынан бір кездері бұл түсініктер ажырағысыз болған.

“Культ” – латынның “құрмет тұту” сөзінен шыққан. П.А.Флоренскийдің пікірінше культ ежелгі дінге табынушылық туғызады және сол арқылы тіршіліктің құпия тереңіне ойлауға мүмкіндік берді.

Табыну нысандары (яғни, діни тәжірибені ұйымдастыру әдістерінің жиынтығы) қасиетті дәстүрлер мен рәсімдерді, қисынды практиканы қамтиды. Флоренскийше дін мәдениеттің бұтағы сияқты, ол содан өсіп шығады.

Культ әрдайым “әулиелік” сәт. Құдайға немесе құдайшылдыққа табыну ретінде түсініліп келді. Табыну тұтастай жоғары билеушінің құзіретіне берілген тұрақты жүріп-тұру кеңістігін жасады.

Алайда, тарих ақиқатқа тек қана діни көзқарасты ғана емес, сондай-ақ зайырлық (ақсүйектік) көзқарасты да білдіреді. Зайырлық мәдениет ғылымның сүбелі олжасына сүйенген нәрлі ой негізінде діннен тыс құрылады, сондықтан зайырлық мәдениет “культ” және “мәдениет” түсініктерін бір-бірінен ажыратпайды.

Субмәдениет — бұл әлеуметтік қауым анықтайтын қандай да бір жайтпен шектелген мәдениет, оның шектеулігі әлеуметтік байланыстарының жұтаңдығынан, жалпы мәдениетке жету қиындығынан туындайды. Жалпы субмәдениет құндылықтардың, мағыналар мен түсіндіру құралдарының жиынтығынан тұрады,оның көмегімен қоғамда ерекше жағдайда отырған жергілікті адам тобы үстемдік ететін құндылықтар мен мағыналардың жүйесін игеруге және ой елегін өткізуге талпынады. Субмәдениеттің субъектісі – жергілікті адамдар топтары, олардың әрқайсысы қандай да бір себеппен жалпы қоғамнан ажырап қалған, ақыр аяғында субмәдениет өзіне кіретін адамдарға олар үшін мүмкін өзіндік тану мен өзіндік әлпеттің жаңа құралдарын береді. Сондықтан да субмәдениет адамға өзінің ерекше әлеуметтік жағдайына мағына беретін рәміздер жиынын береді.

Субмәдениеттің айрықша белгілері: біріншіден, белгілі бір бейнені

Бұл терминді ғылыми айналымға американдық социолог Т. Роззак енгізді. Сөйтіп, контрмәдениетке түсінікті негізгі элементтер — “нашақорлық мәдениет” — “шығыс мистикасы”, “оккультизм” және “дененің жыныстық-революциялық мистикасы”

Контрмәдениет тұжырымдамасының жақтаушылыры, ең алдымен, батыс мәдениеттің өзекті принципі-жеке адамдық принципке жоғары құндылық ретінде жүгінеді. Отбасылық-некелік қарым-қатынаста христиандық қаталдықтан бас тартады, эротикалық саладағы тыйымдарды алады, тіршілікке мағынасыз уақыт өткізушілікті енгізеді.

Субьмәдениетті индустриалды дамыған елдердің жастары пір тұтады. Ал контрмәдениеттің аса белгілі өкілдері “хиппи”, “панки” тарихқа жастардың “бұқаралық мәдениетке” наразылығының жарқын мысалы ретінде енді. Бұл шындығында бар болғаны еңбек пен жауапкершілікті талап ететін “ересектер мәдениетіне” қарсы наразылық қана.