Ливия тарихынан естеліктер

Солтүсттік африкадағы италия герман әскері жеңіліске ұшырағаннан кейін Ливия территориясында ағылшын және француз әскери бүлігінің бақылауы орнады. Британдықтар Киренаика мен Триполитанияны «дербес» провинцияларға айналдырып, онда оккупациялық әкімшілік құрылды. Ежелден қалыптасқан сауда –экономикалық байланыстарды бұза отырып, ағылшындар бір провинцияны екіншіден оқшаулауға ұмтылды. Фецуанда Француз әкімшілігі орнады. әскери қимылдар нәтижесінде Ливияның әкономикасы әлсіреді.

Ұлт –азаттық қозғалыс өршіді. 1945 ж Трипомиде он мыңдаған Ливиялықтар қалыптасуымен бірнеше демонстрациялар болып өтті. Бірінші астыртын ұйымдар, саяси партиялар құрылды. 1946 ж Ұлттық партия, Еркін ұлттық бөлігі, біріккен ұлттық майдан, Египеттік –Тринопитаниялық одақ т.б. 1947 ж «либералистік партия» ал 1945 ж «либералдық партия» құрылды. Бірақ олардың бұқара халықпен тығыз байланысы болған жоқ, бұл партиялардың жетекшілері өзара билікке талсып, ұлттық тәуелсіздік үшін қозғалысты әлсіретті.

Сонымен қатар ағылшындар Киренаилада өздерінің саясатын қолдайтын ұйымдарды құруға көмектесті. 1947 ж билік басына Ыдырыс ас –Сенуси келді. Ол барлық саяси ұйымдарды таратты да олардың орнына Күреналиканың Ұлттық Конгресін құрды, ол діни –тайпалық жоғары топтардың мүддесін қорғады. Кейіннен Ыдырыс ас-Сенуси басқарған үкімет құрылды және апараттық азаматтық туралы заң қабылданды.

13 ақпан 1950 ж Фецуанда «уақытша режим туралы Ереже» заң күшіне енді, оған сәйкес Фецуанның автономиялық үкіметі құрылды. Оны жергілікті ақсүйек, шейх Ахмет Сейф –ан –Насир басқарды.

1947 ж бітімінің жарты бойынша Италия Ливияға деген құқықтарының барлығынан бас тартты.Оның тағдырын біржолата шешу мәселесі БҰҰ –на жүктелді.

1950 жж екінші жартысында Ливия жерінен мұнай және газ кендері табылды. Оларды шетел, ең алдымен американ компаниялары игерді. Кейінгі жылдары мұнай-өңдеу өнеркәсібі шапшаң дамыды. Сегіз жылдың ішінде 1968 -1969 жж мұнай өндірісі 0,6 мил-нан 180мил өсіп, Ливия әлемді мұнай өндіруден бесінші орынға шықты. 1961 ж мұнайдан түскен мемлекеттік кіріс 3 мил. дол.болса, 1969 ж 175 мил.дол.жетті.

бұл әлеуметтік –экономикалық өмірінің өзгеруіне алып келді. Сеуыл халқының қал мен мұнай өндірісіне жаппай миграциясы өсті.

Әлеуметтік жіктелу салдарынан екі қоғамдық полюс қалыптасты. Бір жағында, яғни халықтың 0,9 % — феодалдар, компрадорлық буржуазия, дінбасылар, ал екінші жағында – шаруалар, қолөнершілер, жжұмысшылар болып, олар 99 % құрады.

Ливиялық деревня тек ғана сандық емес сапалық өзгеріске ұшырады. Бұл миграция көсемдердің позициясын әлсіретіп, қалаларда саяси әлеуметтік қарама-қайшылықтардың шиеленісуінің себепіне айналды.

Саны өскен ұлттың буржуазия шетел капиталымен тығыз байланысты болды.

«1 қыркүйек» революциясы монархиялық репсим ел алдында түрған әлеуметтік –экономикалық мәселелерді иелене алмағандығының салдарынан пайда болды.

Сонымен қатар осы уақытта тәуелсіз сыртқы саяси бағытты жүргізуді талап еткен антиимпериалистік позициядан күрескен қуатты күш қалыптасты. Революцияның ерекшелігі монархияны радикалды көңіл күйдегі ұсақ буржуазия, қала мен деревняның орта талаптарының мүддесін қорғаған азғантай әскери топ құлатты.

11 желтоқсан 1969 ж Кеңес уақытша Конституциялық Декларацияның мәтінін жарыққа шығарды. Оған сәйкес Ливия араб республикасы болып жарияланды. Заң шығарушылық билік Кеңес қолында болды. Министрлер Кеңес Революциялық басшылық Кеңесімен тағайындалып оған бағынышты болды.

Конституциялық декларация мақсаты – Испани және араб ұлтының мұрасына негізделген социалистік мемлекет құру. Ақысыз білім алу мен «әлеуметтік –саяси қайта құрулар» жүргізу гарнтияланды.

Осыдан кейін жаңа үкімет теңқұқысыз келісімдерді қайта қарауды, АҚШ пен Ұлыбританияның әскери базаларын жоюға бағытталған күресті бастады. 1970 ж наурыз айында ағылшын әскерін шығару, ал маусымда АҚШ әскерін шығару аяқталды.

11 маусым 1971 ж РБК Араб социалистік одақ жаппай саяси ұйымды құру туралы декрет шығарды. Оның төрағасы М.Каддафи болды. Жаңа одақ қоғамның революциялық қайта құрулуына бұқара халықты тартуға, революциялық режимінің әлеуметтік базасының кеңеюіне, елдегі жағдайдың тұрақтануына септігін тигізуге тиісті болды.

АСО –тан тыс қандай да болмасын саяси қызметке тыйым салынды.

1970 жж алғашқы жартысында Ливияда әлеуметтік –экономикалық қайта құрулар тереңдетілді. Сыртқы саясит саласында «қосылмау және позитивті бейтараптық» тұжырымдамасы қалыптасты.

1990 жж жаңа геосаяси жағдай Ливияға да ықпал етті. АҚШ және Франция Ұлыбританның 1991 ж қараша айында 1988-1989 жж американ және Француз авналайнерлерінің жарылыстарына Ливиялықтар азаматтар қатынасты екендігіне кінәлайды. 1992 ж БҰҰ қауіпсөздік Кеңесі Ливияны осы ленцидентті ашуға қызмет етуге шақырған революциясын жариялады. Ал 1992 ж елге қарсы санкция енгізетін революцияны мақылдауды. Кейіннен бұл санкциялар 90жж арнаулы шешімдермен кеңейтіліп отырды.

Оған қарамастан елдің жағдайы, бірқалыпты болып сақталды. Қабылданған санкцияларға қарамастан Италия, Жапония, Оңтүстік Корея Ливияның сыртқы сауда партнері болып сақталды. 1998 ж сыртқы сауда көлемі 16,7 милрд.дол.жетті. оның алтын –валюталық қоры 17 милд.дол.құрады.

Ақысыз білім мен ақысыз денсаулық сақтау жүйесімен бірге барлық әлеуметтік бағдарламаларды сақтай отырып тұрмыс деңгей өте жоғары ел.

Қазіргі Ливияныңғ экономикасының негізін –мұнай өндірісі мен мұнай өңдеу өнеркәсібін құрайды. Оның үлесі -32 % Екінші орында -өңдеу өнеркәсібі -8% . оның ірі обьектісі Мисураттат металлургиялық комплекс.

Ауыл шаруашылығында жердің 2 % ғана қолданылды. Дәнді дақылдар, темекі, цитурис, бақша егістіктері негізгі болып табылады. Мал шаруашылығының үлесі -50%. Соңғы екі –үш онжылдықта мемлекет үлкен экономикалық табысқа қол жеткізді.