Араб елдерінің азаттық қозғалысы

XIX ғасыр аяғында Сирия және Ливан Осман империясының құрамында болды. XX ғасыр басында бұл екі ел Европа капиталының жартылай отарына айналды.

Территорияны түрік губернаторлары басқарды. Дамаск уалаяты өз ішіне қазіргі Сирияның оңтүстігін, Ливан, Иордания мемлекеттерін біріктірген Халеб уалаяты — Сирияның солтүстігін, Айнтаб округін, Урфа, Александретта қазіргі Түркия құрамында, өз ішіне алған. Бейрут уалаятын — Ливан, Латаки ауданы (қазіргі Сирия құрамында), Палестинаның солтүстік бөлігін өз ішіне алған.

Сирия және Ливан территориясында феодалдық қарым-қатынас өмір сүрді. Жердің иесі түрік сұлтаны болды. Қысқа уақыт ішінде Сирия және Ливан арзан шикізат қорына айналды. Сирия және Ливан базарларында француз тауарлары сатылды.

Бірінші дүниежүзілік соғыс Сирия және Ливан халқына жаңа қасірет алып келді. Ливан экономикасы зардап көрді. Сирия және Ливан территориясы түрік және герман басшылығымен әскери операциялар базасына айналды.

Антанта мемлекеттері жергілікті халық арасында түріктерге қарсы әрекет ұйымдастырып, Осман империясының араб провинцияларын жасырын түрде бөле бастады. 1916 жыл мамырда жасалған жасырын келісім шарт бойынша (Сайкс Пико келісім шарты) Сирияның батыс және шығыс және Ливан бөлігі соғыстан кейін Францияға қарайтын болды.

1918жыл қазанда түріктер Сирия және Ливаннан кетеді. Ағылшындар әскері Хиджаздың араб әскерлері жәрдемімен түріктерді жеңеді. Ағылшындар тәуелсіз араб мемлекетін құруға уәде береді.

Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Сирия және Ливанда ағылшын әскерлері оккупациялық режимді сақтап қалды. Екі мемлекет те ағылшын үкіметінің бақылауына берілді. Ливанға және Сирияның теңіз жағалауындағы жерлеріне француз әскері кіргізілді және француз губернаторы тағайындалды. Бұл режим уақтынша болашақта Сирия және Ливан тағдыры әлем конференциясында шешіледі деп жарияланды.

1919 жыл 18 қаңтарда Парижде конференция өз жұмысын бастады, Англия және Франция арасында ұзақ тартыстан кейін Сирия және Ливанға Франция мандаты берілді. (1920 жыл сәуір). Бүкіл басшылық армияға сенген француз комиссарына өтті. 1920 жыл қырқүйекте француз губернаторы басшылығында «Ұлы Ливан» мемлекеті құрылды. Ал Сирия болса ұсақ облыстарға бөлініп тасталды. Халеб, Дамаск, Джебель- Друз, Латакия. Бұл жерлерде француз губернаторлары басшылық етті.

1920 жыл Ливан және Сириядағы француз әскері 7 мыңнан 70 мыңға асырылды. Француздар Шығые Сирияны Дамаск пен қосып жаулап алуға дайындала бастады.

Сирия және Ливан Бедуин және шаруалары партизан отрядтарын құрды. Шығыс Сирияда «араб клубы», 1919 жыл маусымда Дамаскте «Жалпы Сирия конгресі» құрылды. Олар халықты басқыншыларға қарсы күреске шақырды. Ұлттық қауіпсіздік бойынша халық кеңесі құрылды.

Бірақ 1920 жыл жазда көтерілісшілер басып тасталды. Дамаск басып алынды және патриоттық ұйымдар жабылды. Саяси партиялар таратылды. 1920 жыл 9 тамызда француз әскери соты 37 араб лидеріне өлім жазасын кесті. Ұлттық қозғалыстың мүшелері басқа мемлекеттерге кетті. Олардың үлкен бөлігі Кайрге барып сол жерде Араб тәуелсіздігі партиясын құрды.

Қозғалыс басшысыз қалса да халық көтерілісі тоқтаған жоқ.

1920 жыл тамызда Хаулан облысында шарулар көтерілісі басталды.

1921 жыл бүкіл Солтүстік Сирияда көтеріліс өрті шықты. 1922 жылы сәуірде Дамаскте баррикадалық күрес басталды. Кайрде құрылған Араб тәуелсіздігі партиясы және Сирия бірлігі партиясы Ұлттар Лигасына мандатты жою және тәуелсіздік беру туралы талап қойып Жаневада конгресс шақырды.

Сириядағы көтеріліс туралы 1928 жыл Францияда шыққан газетте жазған мақаласында Сирияның комиссары генерал Сорейл былай дейді: «Тек қана 1922 жылы сириялықтар 35 рет көтеріліс жасады, нәтижесінде француз армиясы 5000 әскерін жерге тапсырды».

1920 жылдар ортасында ұлттық-азаттық көтеріліске коммунистер араласты. 1925 жыл Сирия Коммунистер партиясы құрылды. Сирияда бржуазиялық ұлттық Халық партиясы (Хизб-аш-Шааб) құрылды. Француздарға қарсы жаңа көтеріліс 1925 жыл 18 шілдеде Джабель-Друзде басталды. Көтеріліс мемлекеттің үлкен ауданын қамтыды. Дмаск, Халеб, Хомс, Александретта, Феллах және бедуиндер партизан разрядтарын құрды. Джебель-Друзда көтерілісшілер армиясы сұлтан аль-Атраш басшылығында генерал Мишоның 4000-дық армиясының тас-талқанын шығарды. Халық партиясы друз басшыларымен байланысып Дамаскіде көтеріліске дайындала бастады. Бірақ бас комиссар Соркойль жоспарды бұзып, 1925 жыл тамызда Халық партиясына тиым салды.

1926 жыл көктемде француз үкіметі Сирия және Ливанға Мароккадағы армиясын тастады. Француз әскері қорғанудан шабуылға, шықты. Джебель-Друз, Гута және басқа аудандарда соғыстар жүріп жатты. Дамаск күні-түні бомбаланды. Сирия және Ливандықтар соған қарамастан 1927 жылға дейін соғысты тоқтатпады. Француз үкіметі көтеріліс нәтижесінде Сирия және Ливанда өзін жақтайтын адамдарды үкімет ісіне араластыра бастады. 1928 жылы француз үкіметінің рұқсаты мен Кеңеске сайлау болып өтті. Депутат орындарының үлкен бөлігін Халық партиясының орнына құрылған Ұлттық блок партиясы (Кутля яль- Витания) өкілдері алды. Француз үкіметі осы партияға сүйене отырып өз ісін жалғастыруды ойлады.

Бірақ Кеңес эмигранттар жәрдемімен француз үкіметімен шиеленіске келді. 1928 жыл 8 тамызда қабылданған Конституцияда Сирия тауелсіз мемлекет деп жарияланды. Жауап ретінде жаңа француз комиссары Понсе Кеңесті таратып жіберді. Конституция 1930 жылы мамырда қабылданды, ол жерде Францияның мандатын сақтау туралы қосымша бап бар болатын.

1929-1932 жылдары Әлемдік экономикалық дағдарыс натижесінде Сирия және Ливан халқының жағдайы нашарлады. Сол кезде ауыл өнімдерінің бағасы 5 есе арзандады. Сондай уақыттада Сирия халқы тәуелсіздік үшін күресті жалғастырды. 1936 жылы 9 қырқүйекте Ұлттық блок және француз үкіметі арасында келісім шарт жасалды. Келісім шарт бойынша Франция үш жыл ішінде өз мандатын жояды. Мемлекеттің ішкі ісіне араласпайды, 30 қарашада жаңа сайлау болып бұл сайлауда Ұлттық блок жеңіске жетті.

Ұлттық блоктің басшысы Хашим аль-Атаси мемлекет президенті болып сайланды. Сирия құрамына сол кезге дейін ойыншық мемлекет болып келген Латакия, Джебель -Друз, Эль-Джазира қосылды. Франция 1937-38 жылдары мандатын жоюға қарсылық білдірді. 1939 жылы қаңтарда Франция парламенті 1936 жылғы келісім шартты ратификациялаудан бас тартты. Латакия, Джебель-Друз, Эль-Джазира Сириядан қайта бөлінді. Бұған қарсылы ретінде Сирияның ұлттық үкіметі отставкаға шықты. Жауап ретінде комиссар парламентті таратып жіберді, конституцияны өзгертті.

1936 жыл күзде көтеріліс Сирия және Ливанға тарады. Көтерілісті басу үшін француз үкіметі екі дін арасында жанжал бастауды жөн көрді. Көтерілісшілерге қарсы ливандық христиандарды (моронит) жіберді.

1936 жыл қарашада Франция жаңа франк-ливан келісім шартын жасады. Франция үкіметі үш жылдан кейін (Сирия келісіміндей) мандатын жоюға уәде берді. Ливан территориясында Франция әскері күші қалды. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындаСирия және Ливан территориясында тағыда Франция басшыларының бақылауы орнатылды.

Әлемнің саяси картасында израйль мемлкеті 1948 жылы мамыр айында пайда болды. 29 қараша 1947 жылы БҰҰ бас ассамблеясы Палестинадағы мандаттық режимді жоюды дауысқа салу 1948 жылы мамырында оның территориясында араб және еврейлік екі тәуелсіз мемлкет құру туралы шешім қабылдады. Израйль мемлкетінің құрылуы жарияланғаннан кейін жеті көршілес араб елдерінің әскері оған басып кірді. Бірінші Араб Израйль соғысы басталды. АҚШ-қа арқа сүйеген Израйль БҰҰ –на мемлекетіне деп белгіленген территорияны 6,7 мың км2 өзіне қосып алды. Және ирусалимнің батыс бөлігін оның шығыс бөлігімен Иордан өзенінің батыс жағасын Иордания, Аль Газа секторын Египет алды. 900 мың ға жуық Палестина арабтары елінен кетуге мәжбүр болды. Алғашқы араб Израйль соғысы аяқталғаннан кейін мемлекеттіліктің негізі қалыптасты. 1956 жылы қыркүйекте Египет басшылығы Израйль кемелері үшін Суэтц каналын жапты және Тиран бұғаздарына экономикалық блокада орнатты. (бұл бұғаздар Израйльдің Қызыл теңізге шығатын жалғыз жолы еді). Сирия Израйль шекарасында да шиеленіс күшейді. 1958 жылы Англияның Францияның Израйльдің біріккен континенті Синай жартылай түбегіне басып кірді. АҚШ КСРО Израйль және тағы екі мемлкет өз әскерін шығаруға мәжбүр болды. 4 маусым 1907 жылы Израйль араб елдеріне қарсы соғыс бастады. Соғыс 6 күнге созылды. Оның нәтижесінде Израйльдің территориясы 4 есе өсті. Ал Синай жартылай түбегін Газа Голланд биіктігін Иорданның батыс жағасын тартып алды. Иерусалимді «Мәңгі ажырағысыз Израйльдің бас қаласы» етіп жариялады. Үшінші соғыс 1973 жылы қазан айында Египет әскерінің Синай жартылай түбегіне ал, Сириялық әскердің Голан биіктігіне шабуылынан басталды. Үш аптаға созылған соғыс нәтижесінде Израйль әскері арабтарды тоқтатып, шабуылға көшті, бірқатар келісімдерге қол қойғаннан кейін екі жылдан кейін Израйль басып алған жерлерін қайтарып алды.