Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Азия және Африка елдері. Отаршылдық жүйенің күйреуі.

0

Азияда отарлық система күйрегеннен кейін империалистер Африканы тонауын күшейтті. Бірақ Африка елдерінде де орталық езгіге қарсы ұлт-азаттық қозгалыс өріс алды. Африка халықтарының ұлттық тәуелсіздігі жолындағы күрес орталықтарының бірі екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Солтүстік (Араб) Африка болды. 1952 жылы Италияның бұрынғы отары Ливияның тәуелсіздігі жарияланды. Мароккода, Тунисте және Алжирда ұлттық-азаттық қозғалыс үлкен өріс алды. Бұл елдерде еңбекшілер мен ұлт буржуазиясының антиимпериалистік біртұтас майданы құрылды.

Француз империалистері ұлт буржуазиясының кейбір бөлігімен астыртын келісу жолымен ұлт-азаттық қозғалысты ыдыратуға әрекет жасады. Бірақ ол әрекеттерінен түк шықпады. Мароккода француз отаршылдарына қарсы көтеріліс басталды. Оны ірі соғыс күштерінің және авиацияның көмегімен басуға мүмкіндік болмады. Француз үкіметі мароккандықтармен келіссөз бастауға, ал 1956 жылдың мартында Марокконы тәуелсіз деп тануға мәжбүр болды. Франциялық Марокконы Испанияға тиісті бұрынғы бөлігімен біріктіргеннен кейін сұлтан бастаған дербес Марокко мемлекеті құрылды.

1956 жылы Франция Тунистің тәуелсіздігін де мойындауға мәжбүр болды, Тунис 1957 жылы демократиялық республика болып жарияланды.

Ұлт-азаттық қозғалыс бірқатар ағылшын отарларында да жеңіске жетті. Республика болып жарияланған Судан ұзақ күрестен кейін, 1956 жылы марта Англияның Золотой берег отары тәуелсіздік жолындағы қажырлы күресі арқылы доминион правасын алып, іс жүзіндс Гана деген атақпен тәуелсіз мемлекет болып шықты.

Сонымен, Африкада қысқа мерзім ішінде бес жаңа мемлекет пайда болды. Бұл елдерде 60 млн.-нан астам адам тұрады, олар Африка континентіндегі бүкіл тсрриторияның 30% алып жатыр. Мұныц өзі Африка халықтарының үлкен жеңісі. Алайда бұл елдерге толық тәуелсіздік жолында, империалистермен жасалған кіріптер келісімдерден азат болу жолында, өздерінің тсрриторияларындағы шетелдік соғыс базаларын жою жолында әлде болса да күресуге тура келеді.

Африка халықтары отаршылдьіққа қарсы кұресті тоқтатпай жүргізуде. Алжир халқы бұл күрестің алдыңғы қатарында келеді, ол өзінің азаттықа деген правосын және өз елінің тәуелсіздігін екі жылдан аса уақыт ерлікпен қорғауда.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here