c– ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ

Еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі ең маңызды оқиға Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауы болды. Онда Елбасы еліміздің дамуының басым бағыттары мен ұзақ мерзімді «Қазақстан — 2050» стратегиясын іске асыру бағдарламасын айқындады [1].

Кезектегі Жолдаудың ерекшелігі – ел Президенті «Мәңгілік Ел» — ұлттық идеясын тұжырымдап негіздеді. Мұнда Қазақстанның мемлекеттік сәйкестілігін және халқының бірлігін нығайту үнделген.

«Ұлттық идея» деген не және оның қоғам дамуындағы ролі қандай?

Ұлттық идея – халықтың, ұлыстың және ұлттың өмір сүру мәнін айқындайтын ұлттық сана-сезімнің жүйелі жиынтығы. Ол қоғам ықпалдастығының, тұлғаның әлеуметтенуінің және әлемдік қауымдастықта мемлекеттің өзіндік теңесуінің зор мүмкіндіктерін қамтитындықтан, мемлекет дамуының әр кезеңінде қажет. Тұжырымдамалық рәсімделген идеялардың, түсініктердің және көзқарастардың жүйесі бола отырып, ұлттық идея мемлекеттің, қоғамның және азаматтардың өмірін ұзақ мерзімге айқындайтын негізгі идеологиялық тұжырымдаманы қамтитын кең, сонымен қатар, ықшам формула болып табылады.

Мемлекет саясаты туралы идеологияның, құныдылықтардың, айқын түсініктің болмауы қауіпті салдарларымен қолайсыздыққа ұшыратады. Себебі адамдар санасындағы ваккум ұлтшылдық, шовинизм, жікшілдік және т.б. идеяларымен толады. Егер ұлт өз рухын сақтап, жетілдірмесе, тәніне бөгде рух кіреді деп тегін айтылмаған.

Ұлттық идеяның мынадай белгілері жалпы жұрт қабылдаған болып саналады: ол шағын және түсінікті болуы керек; көру бейне-нышаны болуы және идеологияға сүйенуі керек; тарих, аңыз, әфсаналар арқылы бабаларымызға тиесілі болуы керек; адамға да, қоғамға да, билікке де тиімді болуы керек. Бұл ретте ұлттық идея билік пен қоғаның шоғырлануын қамтамасыз ететін бірлескен жоба ретінде жасалса ғана іске асуға мүмкіндік алатынын көрсете кеткен жөн. Бұл теориялық тұрғыдан негізделген ұлттық идеяны еліміздің басым бөлігі ұғынып, қабылдаған кезде мүмкін.

Қоғамды шоғырландыру мен біріктіру, бір мемлекет аясында оның аумақтық және көп этникалық бірлігін нығайту және сақтау мәселесімен соңғы жүз жыл ішінде егемендік алған барлық жас мемлекеттер бетпе-бет кездесті. Көптеген елдердің тәжірибесінде ұлттық идея бір ұмтылыста біріккен ұлттардың өзіндік болмысын іске асыру бойынша қандай да бір қызмет жобасы болды.

Бұл жағдайда негізіне екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін ұлттық жапондық рух пен жаңа батыс технологиясын біріктіру туралы идея алынған Жапонияның ұлттық идеясының үлгісі анағұрлым айқын болып табылады. Жапондықтарды осы идея төңірегінде біріктіру тек Жапонияның қайта өркендеуіне ғана емес, сондай-ақ, бұл елдің экономикасы жақсы дамыған әлем мемлекеттерінің қатарына енуіне алып келді.

Дұрыс тұжырымдалған ұлттық идеяның тімділігін көрсететін тағы да бір жарқын мысал әлдеқашан жетілдірілген ауқымды жобаларды табысты іске асырудың көрнекті үлгісіне айналған, «Азия барыстары» (Оңтүстік Корея, Сингапур, Гонконг және Тайвань) болып саналады.

Қытайдың жүйелі реформаларды жүргізуде шығыс және батыс тәсілін оңтайлы үйлестіруі де көрнекті мысалдардың бірі. Бүгінде Қытайда экономикалық өсу аясында халықтың ұлттық рухын көтеру және нығайту бойынша белсенді идеологиялық жұмыстар жүзеге асырылуда, осы мақсаттарға қол жекізу үшін үлкен ресурстар бөлінуде.

Қазақстан үшін ұлттық идеяның қажеттілігі туралы сұрақ еліміз егемендігін алған алғашқы жылдары туындаған және бұл ғалымдар мен саясаткерлердің көптеген пікірталастарының тақырыбына айналды. Көп ұлтты және көп конфессиялы Қазақстан үшін ұлттық идеяны қалыптастыру проблемасы аса өзекті болды. Мемлекеттің келешекті даму принциптері мен мақсаттары тұжырымдалған «Қазақстан -2030» стратегиясы, Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену стратегиясы сияқты құжаттар қазақстандық қоғамның ұлттық идеясын қалыптастыруға негіз болды.

Дегенмен біз басқа елдердің тәжірибесін ойланбастан қайталамадық. Ел Президенті өз Жолдауларында айтып өткендей, қазақстандық ұлттық идея этникалық тиістілігіне қарамастан еліміздің барлық азаматтарының мүдделерін біріктіре отырып, көп ұлттылыққа сүйенуі керек; қазіргі қазақстандықтардың ділін қамтуы керек; елдің өзіндік ерекшеліктерін және қазақстандықтардың жақсы жақтары мен үздік сапаларын нақты түрде көрсетуі қажет. Сонымен қатар, біздің еліміздің ұлттық идеясы уақыт сынынан өткен қазастандық жол тәжірибесінен туындайтын нақыт құндылықтарға құрылуы керек.

Мұның барлығы Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің негізі бола отырып, барлық қазақстандықтар біріктіретін және оларды «Қазақстан — 2050» стратегиясын іске асыруға жұмылдыратын «Мәңгілік Ел» идеясына көрініс тапты.

««Мәңгілік Ел» – бұл барлық қазақстандықтарды біріктіретін жалпы ұлттық құндылықтар және еліміздің болашағының іргетасын құрайды» деп айтып өткен Елбасы өз Жолдауында.

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының негіздемесі жеті негізгі мемлекет құраушы жалпы ұлттық құндылықтар болып табылады.

  1. Тәуелсіз Қазақстан және Астана

Бүгінде Қазақстан тәуелсіз, зайырлы мемлекеттің барлық белгілеріне ие: әлемдік қауымдастық мойындаған мемлекеттік шекара, БҰҰ мен халықаралық жетекші ұйымдарға толық мүшелік. Біздің еліміз көптеген әлем елдерімен екі жақты қатынастарда беделді және жауапты серіктес ретінде танылған. Егемендік жылдары ішінде жаһандық және өңірлік экономикалық жүйелердің бір бөлігі болған динамикалық экономика құрылған, елде қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған ауқымды даму стратегиялары мен бағдарламалары, жобалары іске асырылуда. Қазақстанның тәуелсіздігін қазақстандық этникалық топ өкілдерінің барлығы мойындайды. Бұл – бздің ортақ патриоттық құндылығымыз.

Астана – тәуелсіздіктің алғашқы сәтті жетістіктерінің бірі, барлық қазақстандықтардың патриоттық мақтанышы. Халық жұмылып тұрғызған Астана барлық өңір үшін дамуға күшті түрткі болды, барлық қазақстандық экономиканың локомативіне айналды.

Тәуелсіздікті қадірлеу және Астананы сүю – Қазсақстан патриоты мен азаматының маңызды сапалары [2].

  1. Ұлттық бірлік, қоғамымыздағы бейбітшілік пен келісім

Қазақстандық қоғамдағы этносаралық келісім Ата заңда және басқа да Заңдарда берік бекітілген. 1995 жылы Қазақстан халықтарының Ассамблеясы – азаматтық бейбітшілік пен келісімнің бірегей институты, жалпы қазақстандық бірлік негізі құрылды.

Халқымыздың қоғамдық келісімі мен жалпы ұлттық бірлік, барлық азаматтардың этникалық, діни, нәсілдік тиістіліктерінежәне өзге де өзгешелектеріне қарамастан тең құқықтығы – әркімнің және барлығының табысы мен лайықты өмірін білдіретін тұрақты шоғырландырылған фактор.

Қазақстан Республикасының әр азаматының патриоттық борызы – Қазақстанның халықтарының достық пен келісім дәстүрін сақтап, ұлғайтып, ұрпақтан ұрпаққа беру.

  1. Зайырлы қоғам және жоғары рухтандырушылық

Біздің еліміз әлемдік қауымдастықта рухани әлем мен келісімнің оң үлгісі ретінде қабылданады. Мемдекеттік және қоғамдық өмірдің зайырлы сипаты экономикадағы өрлеудің, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениеттің ұлттық жүйесін табысты дамытудың ең маңызды шарты. Сонымен қатар, қазақстандықтар үшін әрқашан рухани беталыс пен адамгершілік құндылықтар мағызды болады, әрқашан діни-мәдени дәстүрлер, әр азаматтың белгілі бір дінді ұстану немесе ешқандай дін ұстанбау құқығы сұраныста болады.

XXI ғасырда Қазақстанда мәдениет пен дін диалогының ғаламдық орталықтарының бірінің өкілдігі бекітіледі.

Балалар мен қарт адамдарды қамқорлық көрсету, қоғам негізі ретінде отбасын нығайту дәстүріне сүйенетін патриотизм, жаңғыру, табыс пен жоғары адамгершілік рухы Қазақстанның ХХІ ғасырдағы және одан арғы ілгерінді дамуының негізі болады.

  1. Индустрияландыру және инновация негізінде экономикалық өсу

Экономикалықөсу – бұл біздің ең маңызды міндетіміз, мұның шешіміне Қазақстанның өңірлік және жаһандық бәсекеге қабілеттілігі тәуелді.

Біздің басты міндетіміз – өндірісті, білім мен ғылымды біріктіру, инновациялық-индустриялық кластерлерді дамыту. Сондықтан елімізде ғылым саласының шешуші реформалары, білім беру жүйесін жаңғырту жүргізілуде, техникалық және кәсіби мамандарды даярлаудың жаңа тиімді жүйесі жасалды.

Инновация қосу қазіргі индустрия — бұл ағымдағы жүзжылдықтағы барлық жетістікті мемлекеттің магистральды жолы.

Мықты индустриялық база инновациялық өрлеуге ауысу негізі болады, экономикада инновациялық өсу нүктерлерін жасауға мүмкіндік береді. Тек осы негізде Қазақстан бәсекеге қабілетті экономика, бәсекеге қабілетті мемлекет, бәсекеге қабілетті қоғам болады.

Экономикасы бекіген, индустриялық, инновациялық Қазақстан – бұл нағыз патриоттар міндеті.

  1. Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы – қазақстандықтарды әлеуметтік жұмыспен қамтудың ең маңызды шарттарының, қазақстандық отбасылар табысының тұрақты өсуінің, өмір сапасын тұрақты жақсарту, барлық қазақстандық еңбекшілердің шығармашылық және өмірлік әлеуеттерін толықтай ашу кешені.

Еңбек өнімділігін арттыру – өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, энергетикада, инфрақұрылымдық қызмет салалары мен секторларында, мемлекеттік және корпоративтік басқару жұмыс атқаратын барлық патриоттардың үлкен еңбегі.

Қазақстанның барлық шынайы патриоттарының маңызды міндеті – қоғамымызда бастамашыл, лайықты, адал еңбек құндылықтарына негізделген әлеуметтік оптимизмді нығайту [3].

  1. Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы

Туған жеріміздің тарихында бірнеше мыңжылдықтар бар, оның беттерінде ата-бабаларымыздың ұлы істері сақталған.

Қазақ халқының тарихы – бұл бірігу тарихы. Тек бірлікті сақтай отырып қана, қазақтар бірегей мәдени-өркниеттік кодқа, ортақ тілге және дәстүрге ие халық ретінде сақталып қалды.

Тариз бізді сабақ алуға, даналық пен төзімділікті үйренуге, тағдыры ортақ халық күшіне деген сенімді нығайтуға үндейді.

Өз еліңнің тарихын біоу, түсіну және құрметтеу – әр қазақстандық-патриоттың міндеті.

Ортақ мәдениет – Қазақстан халықтары бірлігінің негізгі тіректерінің бірі, еліміздің жаһандық әлемдегі өзіндік ерекшелігін сақтаудың маңызды шарттарының бірі.

Қазақстан жері мыңжылдықтар бойы мәденит пен өркениеттің кездесуі мен өзара әрекеттесуінің жері болды. Осының арқасында сақтауға және дамытуға тұрарлық бай бірегей мәдение мұра қалыптасты.

XXI ғасырдағы мемлекеттік тілдің мақсаты, міндеті және тағдыры – Қазақстан халықтарының ортақ тілі болу.

Әр нағыз патриоттың парызы – мемлекеттік тілді білу және отандастармызға оны меңгеруге көмектесу.

Сонымен қатар, Қазақстандағы барлық ұлттың тілдерін дамыту үшін жағдай жасау, үштілділік принципін енгізу де маңызды.

  1. Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің жалпы әлемдік және өңірлік мәселелерді шешуге ғаламдық қатысуы

— мемлекетіміздің белсенді, теңдестірілген, сындарлы және жауапты ішкі саясатының басты мәні.

Тұңғыш Президент — Елбасы Н.Ә. Назарбаев G-GLOBAL: XI ғасыр әлемінің бес маңызды принципін атады:

  • революция емес, эволюция;
  • әділдік, теңдік, бәтуаластық;
  • ғаламдық төзімділік және сенім;
  • ғаламдықашықтық;
  • сындарлы көп даңқтылық [4].

Бұл – Қазақтанның басқа мемлекеттермен ауқымды ынтымақтастығы мен өзара әрекетін дамытудың, еліміздің біріктірілген жобаларға, өңірлік және ғаламдық қауіпсіздікті нығайту бойынша жұмыстарға қатысуының мағыналы негізі.

G-GLOBAL принциптері – бұл Қазақстанның бүгінгі және болашақ ұрпағы үшін мәңгілік құндылық. XXI ғасырда ұлттық қауіпсіздігінің орнықты жағдайларын өңірлік және халықаралық қатынастар жүйесінінен тыс жасау мүмкін емес.

Елбасы Н.АӘ Назарбаев тұжырымдаған ұлттық идеяның іргетасы егемендік жылдары ішінде көп ұлтты Қазақстанда этникалық тұтастықтың – Қазақстан халқының, құндылықтар жүйесі ортақ, тарихы ортақ, тағдыры мен мақсаты ортақ қазақстандықтардың қалыптасуының мойындалуы болып табылатынын айта кеткен жөн. «Біз, қазақстандықтар, біртұтас халықпыз! Біздің тағдырымыз да ортақ – ол біздің «Мәңгілік Ел», біздің беделді және ұлы Қазақстан! «Мәңгілік Ел» – бұл біздің жалпы қазақстандық үйіміздің ұлтық идеясы, ата-бабаларымыздың арманы». Президенттің бұл сөздері ұлттық идеяның негізін де, тереңдігін де толықтай көрсетеді және бүгінде қазақстандықтардың оларды біріктіретін ортақ мақсаты бар деп нық айтуға мүмкіндік береді. Бұл мақсат – саулық пен молшылық, келісім мен достық үстемдік ететін ортақ үйімізді – Қазақстан Респуликасын құру.