Шахмат ойынының мақсаты

Сабақтың тақырыбы: Шахмат ойынының мақсаты

Сабақтың мақсаты: Шахмат ойынының мақсатымен таныстыру. Шахматқа деген қызығушылықтарын арттыру.

Көрнекілігі: Тақта, буклеттер, шахматтар.

I.Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Кіріспе әңгіме.

Тақта үстіндегі шиеленіскен тартыста белгілі бір мақсат бар. Ол шахмат ойынында басты фигура болып есепте-летін корольге мат беру. Корольге мат берілуімен партия аяқталады.

Ойнаушылар кезектесіп жүреді, яғни кез келген фигураны оның жүру тәртібі бойынша бір шаршыдан екінші шаршыға жылжытады. Кезекте тек бір ғана фигураны жүруге болады. Бұл ереже тек рокировка (корольді тұрадан аттатып қою) жасағанда ғана сақталынбайды.

Ақ жағының бірінші жүрісінен кейін, қара жағы бірінші жүріс жасайды. Сөйтіп ойын осылай жалғаса береді.

Әрбір шаршыда тек бір ғана фигура тұра алады. Алайда жүрілген фигураның жолында қарсы жақтың ережеге сәйкес «жеуге» болатын фигурасы тұрса, онда оны алып, орнына өз фигурасын қояды. Бірақ фигураларды жеу міндетті емес, оны жеу керек пе, керек емес пе, оны жағдайға қарап ойнаушының өзі шешеді.

III. Шахмат ойынын үйрету

  1. Қорытынды