Баспасөз бастандығы және дипломатиялық өкiлдiктiң дербестiгi

Дипломатияның негiзгi принциптерiнiң бiрi – дипломатиялық өкiлдiктер мен елшiлiктердiң, миссиялардың, олардағы дипломатиялық қызметкерлердiң дербестiгi. Бұлармен қатар халықаралық конференциялар мен ұйымдар делегаттарына да осындай еркiндiк құқы берiлген. Дипломатияның дербестiгi мәмiлегерлiк пайда болғаннан берi қалып алған.

Дипломатиялық өкiлдiктiң дербестiгi деп мына жайттарды түсiнген жөн:

  • елшiнiң жеке басына тиiспеу;
  • оның резиденциясы мен мүлкiне тиiспеу;
  • оны салықтың барлық түрiнен босату;
  • отбасына, баспанасына, қызмет жайына тиiспеу.

Мұның барлығын дипломатия тiлiнде ²дипломатиялық иммунитет² (дипломатиялық артықшылықтар) деп атайды.

1961 жылғы 18 сәуiрдегi Дипломатиялық қатынастар жөнiндегi Вена конвенциясында қабылданған арнайы құжатта дипломатиялық өкiлдiктiң дербестiгi туралы былай деп жазылған: ²Дипломатиялық өкiлдiң жеке басына тиiсуге болмайды. Ол қандай киiм үлгiсiнде жүрсе де, уақытша ұстауға, қамауға алуға жатпайды. Дипломатиялық өкiл жүрiп өткен мемлекеттер өз аумағында оған барынша жәрдем көрсетiп, жеке басына төнген қауiп үшiн жауапкершiлiк танытуға мiндеттi².

Дипломатиялық өкiлдiң рұқсатынсыз оның үйiне не болмаса қызмет орнына тiнту жасауға болмайды. Дегенмен олар осы артықшылықты пайдаланып мекен-жайына кiм көрiнгендi жасырып ұстай алмайды.

Дипломатиялық шабармандарға (курьерлерге) да ешкiмнiң тиiсуге қақысы жоқ. Оның хат-хабарын ашып қарауға, ешқандай себеп-салдарсыз жолын байлап, уақытын алуға тыйым салынады.

Өз кезегiнде дипломатиялық қызмет өкiлдерi де әрбiр мемлекеттiң заңдарын құрметтеп, iшкi iстерiне қол сұқпауға мiндеттi.

Дипломатқа қызмет көрсететiн елдi – аккредиттеушi ел дейдi. Аккредиттеушi елдегi дипломаттың негiзгi қызметтiк ережелерi мынадан көрiнедi:

  • аккредиттеушi елдiң тәуелсiздiгiн құрметтеу;
  • аккредиттеушi елдiң халықаралық құқықтарын құрметтеу;
  • аккредиттеушi елдiң өз елiндегi өкiлiне кепiлдi жағдайлар жасау;
  • аккредиттеушi елдiң қызметiне жергiлiктi органдардың кедергi жасамауын қамтамасыз ету.

Дипломаттың жеке жүктерi түрлi кеден салықтарынан босатылады. Оған ²ашық қағаз² деп аталатын арнайы құжат берiледi. Сол құжат арқылы дипломаттың жеке жүктерi ешқандай кедергiсiз кеден бекеттерiнен өткiзiлiп отырады.

Ал дипломатиялық шабармандарға ²шабарман қағазы² берiледi. Әрi кедендерден кедергiсiз өту үшiн ²қорғаныш қағазы² құжатталады.