Әскери дипломатия және журналистика

Қазақта батыр көп. Әлi тиiстi бағасы берiлмей, халық жадында сақталған батырлар қаншама. Олар өз елiнiң тұтастығы үшiн жанқиярлықпен шайқасып, ерлiк көрсеттi. Бiрi – ел қа¿арманы, бiрi — қолбасы атанды. Әрi қазақ хандарының тапсырмасымен жаушылық, елшiлiк қызметтер атқарды (1-қосымшаны қараңыз).

Бүгiнде елiмiздiң тұтастығын тек сарбаздармен немесе қолбасылармен сақтау қиын. Қазақстан әскерiне түпкiлiктi ғылыми негiз, тарихи iз қажет.

Республикамыздың қорғаныс қуаты ғылыми-техникалық потенциалмен өлшенбейдi. Оған терең геосаясат, геостратегия қажет.

Қазақстан әскери ғылымының, әскери дипломатиясының алғашқы қадамдары ендi ғана жасалып келедi. µлттық ±ылым Академиясында елiмiздiң әскери тарихын қорытындылау iсi жүргiзiлуде. Университеттердiң тарих факультеттерiнде оны оқыту қолға алынбақ. Арнайы оқулық жазылып, ол қазақ елiнiң әскери өнерi мен тәжiрибесiн, әскери мәмiлегерлiк мәселелерiн ғылыми жүйеге түсiрмек.

Сонау сақ тайпаларының ахеменидтер империясы патшаларының сәттi соғысы, ғұндардың көшпелi империясының өркендеуi, олардың Қытай мен Батыс Еуропа кеңiстiк арасын бағындырып, дүркiреп дәуiрлеуi, үйсiн, алшын, қыпшақ ұлыстарының әскер ұйымы, әскер құрылысы тәжiрибесi – бәрi-бәрi әскери дипломатия тарихына жызылатын жарқын беттер.

Әрине, әскери дипломатия тарихына тек жетiстiктер тұсынан қарап, оның көлеңкелi тұстарын да ұмытып кетуге болмайды. Мәселен, б.д.д. үйсiндердiң 188 мыңдай әскер шығару мүмкiндiгi болған. Ал үйсiн хандары Қытай мен гүндердiң патша сарайларымен терезесi тең мемлекетаралық дипломатиялық некелерге тұрып, құдандалы болып отырған.

Сол сияқты қаңлы, қыпшақ, керей патшаларының дипломатиялық әрекеттерi мәмiлегерлiк дәстүрдiң биiк деңгейде болғанын көрсетедi.

Дипломатия тарихынан әскери құрметтер мен әскери рәсiмдер де тиiстi көрiнiс табады.

Дипломатиялық өкiлдiктер басшыларына әскери құрмет сенiм грамоталарын тапсыру рәсiмiнде көрсетiледi. Дипломатиялық хаттама қызметi, тiптi, әскери-теңiз күштерiне де тиiстi ықпал ете алады. Өйткенi әскери кемелердiң шет ел суына енуiнiң дипломатиялық маңызы зор.