Түркі халықтарының тарихы пәні

Қазақ халқы — этногенез жағынан алғанда, үш мың жылдан аса тарихы мен мәдениеті бар халық. Біз тарихка VI ғасырда «түркі» деген атпен енсек те, алтайлыктар, сақтар, хундар (бұл атау ғұндар, һундар деп те жазылады) мәдениетінің төл мұрагеріміз. Ежелгі түркі елі, түркі жұрты ұлы тарихи оқиғалардың діңгегі әрі куәгері болған. Солай десек те, кеңестік тарихнамада 1917 жылғы қазан төнкерісіне дейін қазақ та. түрікмен де, қырғыз да, өзбек те, әзірбайжан да өз тарихыңда толыққаңды мемлекет болмаған, ұлтымызды дәстүрсіз, тамырсыз деп, ку тақырда жаралған, яғни тексіз етіп көрсетуге тырысты.

Түркі елінің ежелгі тарихы біздің заманымыздан бұрынғы III ғасырдан, ертедегі хундар империясының құрылу кезеңінен басталады да, біздің заманымыздың IX ғасырын қамтиды. Бұл ерте дәуір тарихының өзі — бірыңғай археологиялық деректер тарихы ғана емес, көбіне деректер негізіндегі тарих. Демек, біздің заманымыздан бүрынғы III ғасыр мен бергі XI ғасыр арасындағы хундар, түркілер дэуірі — біздің рухани қазыналарымыз, түркі жүртының мөдениет тарихының деректі коздері.

Ал орта ғасырдағы түркілер елі, түркі жүрты X—XIV ғасырларда өзінің бай жазба тарихын жасады. Түркілердің этникалық негізі болган тайпалар мен халықтардың жэне хун, түркі империяларының қүрамына кіріп аралас-күралас күн кешкен 20-дан астам түркі жүртының ру-тайпаларының аты бізге жетті, олар: печенег, қимақ, қыпшақ, оғыз, иемек, башқүрт, басмыл, қай, ябақу, татар, қырғыз, шігіл, тухси, яғма, үграқ, шарух, жүмылы, үйғыр, таңғүт, қидан т. б. Бірақ кеңес заманындағы «пантюркис» деген сойкан сез «халық жауы» деген мағынада қолданылып, Отан сүйер, үлт сүйер есіл ерлердің басын жүтқандыктан, ежелгі ел екенімізді үмытып, Ресейдің кол астындағы «тегі жок тексіздер», «жазуы жоқ, сызуы жоқ жабайылар» болып шыға келдік. Өз негізімізден, өз дөулетімізден озіміз жерідік, өз байлығымыздан өзіміз бездік, ертеректегі елдігімізден, ата-баба мүрасынан ат-тонымызды ала қаштық.

Бүгінгі күні еліміз тәуелсіздігін алып, ертеңіне сеніммен қол созган шақта, тегін тануға талпынған халқымыздың талабын қанағаттандыру, оның өткенін білуіне комектесу — тек тарихшы ғалымдардың ғана міндеті емес, елін, жерін, халқын сүйген эрбір зерделі азаматтың борышы. Сондықтан түркі халқының тарихын егжей-тегжейлі талдау, ел шежіресіне, бабалар мүрасына жаңаша көзқарас орнықтыру үшін, біз барымыз бен жоғымызды уакыт безбеніне салып, тарихымыздың ақтаңдақтарын ашуымыз кажет.

Түркі елі өзі омір сүрген 1500 жыл ішінде төрт рет гүлдену-ерлеу, төрт рет дағдарыс-қүлдырауды бастан кешірді. Бірінші ерлеу — біздің заманымыздьщ VI ғасырында Еуразияны жайлаған ежелгі түркі тегінен шыққан тайпалардың, халықтардың бірігіп, бірінші Түркі қағандығын (империясын, 551—630 жылдар) қүрған кезі. Бүл империя кең байтақ аумақты — Монғолияны, Енисейдің шығыс жағын, Байкал жағалауын, ал батысында Қырымға дейін, Оңтүстікте Амударияның бастауына дейін қамтыды. Солтүстік Қытай мемлекеті — Ци жэне Батыс қытай мемлекеті— Чжоу түркі қағандарына алым-салық толеді. Олармен VII ғасырдың 60-жылдары сол кездегі ірі мемлекеттер — Иран, Византия саяси-экономикалық қарым-қатынас жасады. Түркі елінің тарихындағы бірінші ауыр дағдарыс, экономикалық-мәдени қүлдырау кезеңі — VII ғасырдың ортасы. Бүл кезде түркі бектерінің дербестікке үмтылуы озара қырқыстарға өкеп соқты. Қытайдың Ци империясы оған белсене араласты. Соның салдарынан түркі қағандығы Орталық Азияда Шығыс жене Батыс қағандықтар болып екіге бөлінді, империя дағдарысқа килікті, әлсіреді. Шығыс Түркі мемлекеті қытайлардан жеңіліп, түркі халқы 50 жыл бойына (630— 679 жылдар) бостандығынан айырылды.

Бүгінгі күні Орта Азиядағы Түркі тектес елдер Қазақстан, Озбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан жэне Әзірбайжан төуелсіздігін алып ертеңіне сеніммен қол созған шақта Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев түркі халықтарының одағын қүруды үсынды, ол өз созінде Орта Азия елдерінің одағын қүру туралы «Біз … үлы державалардың осы өңірде экономикалық басымдылыққа ие болу жолындағы бэсекелестігін де байқап отырмыз.

Біздің алдымызда таңдау түр: бірі — өлемдік экономиканың мәңгілік шикізаттық шылауы болып қалу, екіншісі тағы бір империяның келуін күту немесе Орталық Азияның барынша интеграциялауына қарай қадам жасау.

Мен осының соңғысын үсынамын.

Бүдан былайғы интеграциялауымыз — біздің оңіріміздін түрақтылығына, прогреске, экономикалық және өскери-саяси тәуелсіздікке апаратын жол. Тек осындай жағдайда ғана біздің еңірді өлем қүрметтейтін болады. Тек сонда ғана біз кауіпсіздікті қамтамасыз етіп, лаңкестік пен экстремизмге қарсы пэрменді күрес жүргізетін боламыз. Мүндай бірлестік, сайып келгенде, біздің өңірде өмір сүріп жатқан қарапайым адамдардың мүдделеріне толық сай келеді.

Түркі халыхтарының тарихы — элеуметтік-гуманитарлық пэндер циклындағы дербес пэн. Пэнді оқыту барысында қоғамның негізгі даму процестері мен заңдылықтарын ежелгі заманнан ортағасыр аралығын қамтиды.

Тарихи оқиғаларды оқып зерттеуде тарихи ақиқатын танып, ақтаңдақтардан ажырата білуге студенттердің мэн беруіне үйрету. Сонымен қатар студенттердің тарихи үлттық санасын қалыптастырып жэне тарихи үлттық қүндылықтарды танып білуге патриоттық сезімдерін қалыптастыру.

Әлемдік білім кеңістігіне терең бойлап тэуелсіз Қазақстан өзін жоғарғы оқу орнын бітіріп шыққан білікті мамандарын биік деңгейден көргісі келетіндігі заңды қүбылыс. Қазақстан мамандары дүниежүзілік саяси-экономикалық додада басқа жүртпен тең түсіп, өз үлесін бөгдеге қолынан бермей, білімді де білікті болуы жоғарғы оқу орындарындағы алатын білім сапасына байланысты.

Бүл орайда Түркі халықтарының тарихы пэніне қойылатын талаптар мен міндеттер студент жастарды отансүйгіштік рухта тэрбиеленуге бағытталады. Тәуелсіздігіміздің арқасында оқу жоспарына кірген халқымыздың төл тарихы елеміздің нағыз патриоттарын дайындауда өз үлесін қосуға міндетті.

Түркі халықтарының тарихы институтың тарих мамандықтары бойынша екінші курста оқытылады. Оның негізгі мақсаты Қазақстан жері түркі халықтарының қара шаңырағы екендігіне тоқталу.

Осыған байланысты пэн өзінін алдына төмендегідей міндеттер қояды:

  1. Түркі халқының этногенезі мен этникалық тарихы, мемлекетінің пайда болуы жэне оның өркендеуі, жаруашылығы жэне мэдениеті жөнінде білім беру
  2. Түркі халқының әлем халықтар ортасында орны, олардың дүниежүзілік өркениетке қосқан үлесі жэне қазақ мемлекетінің келешегі жөніндегі көкейтесті мэселелерді талқылау.

Оқытушының негізгі мүраты- студент жастарға тек қана осы пэн бойынша терең білім беріп қана қоймай, олардың азаматтық позициясының қалыптасуына ат салысу. Пэнді игерген маман елеміздің парасаты, іскер, жогарғы мэдениетті, патриот азаматы болуы керек. Курстың түйіні:

Түркі халықтарының түп — тамыры. Азия мен Еуропадағы хундар империясы жэне үйсін, қаңлы мемлекеттері. Түркі тайпалары мен халықтарының шығу тегі, мекендеген аймағы жэне этникалық шығу тегі, мекендеген аймағы жэне этникалық қүрамы. Түрікі империясы мен мемлекеттері. Түркілердің бірнеше дербес мемлекет болып қалыптасуы ( VIII — ХІІІғ). Шыңғыс хан империясы жэне түркі халықтары (XII — ХІІІғ). IX — XIII ғ. Русь жэне түркі халыктары. Алтын Орданың қоғамдық — саяси қүрылысы жэне ыдырауы мен қүлауы (XIII — ХУғ.). Кіші Азияда түрік үлтының қалыптасуы жэне Осман империясынын қүрылуы мен нығайюы (XIV — XVIII ғ. 1 ж.)