Сайлау комиссияларының мүшелеріне еңбекақы төлеу тәртібін түсіндіруді сұраймыз

Сайлау туралы Конституциялық заңның
20-бабының 11-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметшілер болып табылатын сайлау комиссиялары мүшелерінің сайлауды әзірлеу мен өткізу кезеңінде олардың негізгі жұмыс орны бойынша орташа айлық жалақысы сақталады.

Сайлау комиссияларының өзге мүшелеріне осы кезеңде сайлауды өткізуге бөлінген қаражат есебінен кемінде ең төменгі
3 жалақы мөлшерінде еңбекақы белгіленеді.

«2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңымен 2016 жылға арналған ең төменгі жалақы 22859 теңге белгіленген.

Сайлау комиссиялары мүшелерінің, соның ішінде мемлекеттік қызметші болып табылатындардың үстеме жұмысына, мереке және демалыс күндеріндегі жұмысына, түнгі уақыттағы жұмысына ақы төлеу сайлау өткізуге бөлінген қаражат есебінен жүзеге асырылады.

Аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне еңбекақы төлеу нақты жұмыс істеген сағаттары үшін көрсетілген қызметтер фактісі бойынша жасалған шарт шеңберінде уақытты есепке алу табелі бойынша төленеді.