Абайдың ақындық кітапханасы жайында

Жоспар:

1.Әуезов таныған шығыстық рухани арналар

2.Абайдың шығыс поэзиясы классиктерімен алғаш танысуы

Лекция мәтіні:

1.Абай шығармаларында елеулі дәрежеде орын алған шығыспентворчестволық қарым-қатынас жөніндегі күрделі проблеманы ғылыми тұрғыдантолығырақ, нақтырақ аша түсуде М. Әуезов Абайдың ақындық кітапханасының көлемі мен жайын анықтай түсудіңжолдарын, берілу тәсілдерін қарастырған. Бұл жолда зерттеуші, негізінен, Абай шығармаларында тікелей аталатын, немесе сөз арасында жанама түрде болса да нақтылы деректер көзін сілтей кететін кісілер менбірлі-жарымды кітап аттары, немесе ақын ойының табиғатын танытатын терминдік мәні бар сөздерге де тікелей сүйенген. М. Әуезов табан тіреп отырған аталмыш атау – деректер ғалымның әр жылдар кезінде жазған ғылыми еңбектерінде, әсіресе, Абайдың ғылыми өмірбаяны мен атақты “Абай жолы” эпопеясында соншалықты мол түрінде қамтылған.

Абай ақындық өнер жолына шындап құлай берілгенге дейін оның рухани нәр алып сусындар бұлақтары, негізінен, өзі туған халқы мен шығыс әлемінде жатқаны байқалады.

Абайдың шығыс поэзиясы классиктерімен алғаш танысуы медреседе басталған. Шәкірт ақын ұлы классиктерге еліктеп, алғаш өлеңдерін жазу үсітінде Фзули, Шамси, Сайхали, Науа, Сағди, Фирдауси, Хафиз аттарын тілге алып, жеті ақын классиктерден медет тілейді. Соңыра балаң еліктеу, өнер салыстыру кезеңінен өткен соң да, шығыс поэзиясының жеті алыбын тереңдей оқып, сынмен қарап, творчестволық тұрғыдан меңгеру үстінде толыға берген.

М. Әуезов шығыс классиктерімен қатар Абай заманында мектеп – медреселерде қолданылған оқулықтар мен суфизм поэзиясының ірі өкілдері Қ. А. Яссауи Сопы Аллаяр, Сүлеймен Бақырғани сияқты сопы ақындарды да Абайдың ақындық кітапханасының көлемі жайлы мәселеге ендіріп, ғылыми еңбектері мен “Абай жолы” эпопеясында қатар сөз етіп, пікір қозғап отырды.

2. Абай дәуіріндегі саяси-әлеуметтік, тарихи өзгерістерді терең барлап зерттеген М. Әуезов сол дәуірде қазақ халқының рухани болмысында елеулі орын алған Шығыс тарапынан ауысып-түйісіп келген әдеби шығармаларға, өзіндік жанрлық сипат алған қисса-дастандарға да мейлінше мол назар аударған. Абайдағы ақындық өнер жолының өсу, қалыптасу жолында шығыстық қисса-дастандардың қазақ арасына жайылу, таралу процесімен байланыстыра қараған.

Эпопеядағы Абай маңындағы өнер иелері, әдеби орта өкілдері Көкбай және Мұқалар қазақ өлеңі, әні шежіресімен айналысса, Баймағамбет европалық роман-әңгімелерді насихаттауға бейім. Ақылбай, Мағауиялар дастан жанрына берілсе, “Ысқақ бір жағы Абай арқылы ұдайы араб, парсы хикаяларын” жадына жиған жан. Шығыстық қисса-дастандардың көбі, Абайдың айтуы бойынша, сол ортада мол таралып, өріс жайған.

Абай заманында араб, парсы, түркі әдебиетіндегі тақырып пен сюжеттік желіні негізге алып, назирагөйлік дәстүрмен немесе аудару жолымен қисса- дастандар жазған 140- тан астам белгілі “кітапшыл ақындар” тобының дүниеге келуі әдебиет тарихында елеусіз қалар жай құбылыс емес- ті. Мысалы, Абаймен дәуірлес Майлы, Мәделі, Ораз, Ақылбек, Сәді, Мәулекей, Мақыш, Әріп, Ақық т.б. жазған қисса-дастандар негізінен ХІХ ғасыр ішінде жарық көрді.

Абайдың ақындық кітпханасының да белгілі дәрежеде орын алғандағын зерлей зерттеген М. Әуезов “Абай жолы” эпопеясында: араб, парсы тілінен, бұрынғы білген тілдерін қайта құрастырып алды… Ғабитхан кітаптарының ішінен көп-көп асыл бұйымдар тапты… Мұнда Фирдауси, Низами, Физули, Науаи, Бабырлар бар. “Жәмшид”, “Сәидббаттал гази”, “Мың бір түн”, Табари жазған тарих, “Жүсіп-Зылиха”, “Ләйлі – Мәжнүн”, “Көрұғлы” сияқты хикая, дастандар бар” , — деп 25 жасқа дйінгі Абай танымының шығыстық түп-төркіндерін көрсетеді. М. Әуезов атап отырған осы қисса – дастандардың өзіне ғана ой жіберсекте те “Мың бір түн”, “Жүсіп-Зылихалардың” арғы төркіні араб әлемінде жатыр. Ал шығыс поэзиясының ұлы классиктері мен “Ләйлі-Мәжнүндер” парсы мен түркі тілдес халықтарыныңрухани қазыналарына қарай тартса, “Көрұғлы” ортаазиялықтардың әдеби дүниелігінде жатқаны көпшілікке танымал деректер.

ХІХ ғасырда Петербург, Қазан, Уфа, Ташкент, Орынбор қалаларында түркі тілді баспалардың жандануына байланысты қазақ әдебиеті тарихында “Кітаби ақындар” деп аталып кеткен шайрлар тобы қисса-дастан жанрында өндіре еңбектеніп жатты. Бұл қисса-дастандарда дүниетаным, ерлік пен ездік, адамшылық, махаббат, сезім теңдігі сияқты қоғам өмірі қажетсінген ой-пікірлер де мол көрініс тапты.

Абай ер жетіп, ғылым жолына түскен шағында қазақ арасында “Бозжігіт” қиссасы 1874 жылдан бастап 12 рет басылып, мол таралған шығармаларыдың бірі болды. Татар әдебиетінің ұлы классигі Ғ. Тоқай “Бозжігітті” татарларға тән жыр деп қараған. “Бозжігіт” жайлы пікірді Абай туралы естелігінде Көкбай да ескертіп өтеді.

М. Әуезов Абайдың жас шағындакөбірек қызықтаған шығыстық қисса-дастандар арасынан “Жүсіп-Зылихаға” ерекше назар аударған.

М.Әуезов Абайдың ақындық кітапханасының көлемі жайлыкүрделі мәселені анықтай түсу жолында кейде жанама түрде қатысы бар деректеркөзін де атап кетіп отырады. Ол Абай мұрасы жайлы ғылыми зерттеулері мен “Абай жолында”ақын ойының рухани өрісіндегі іштей түлеп өсуді суреттеуде кейбір жанама түрдегі деректерді арнайы атап көрсетіп отырады. Абайдың Сабырбайақынмен, Сүйіндікпен және Семей руханиларымен пікір таластарын берген тұста көп деректер көзін өте сәтті түрде аңғартып өткен.

1945 ж. М. Әуезов: “Араб-Иран” мәдениетінің тарихын тереңдеп зерттеген Абай: Рашид – ад – Дин, Мұхаммед Ғайдар, Бабыр, Әбдіғали Баһадур хандай арғы-ергі тарихшылар еңбегін де жақсы білген, — деп нақтылы түрдегі деректер көзін атап көрсетсе, — Ертеден бергі Шығыс ғұламаларының көп еңбектерін бертін уақыттарда да үнемі зерттеп отырған”, — деп жалпы тарих, философия және мораль (ахлақ) философиясы саласындағы Абай ойының өріс қойнауларын жалпылай атағанда да, Абай шығармалары нәр тартқан шығыстық белгілерді іздей қалған кісіге адастырмас дәйекті де сенімді жолды нұсқап отыр.