Вокал мен аспап қызметі.

Жоспар:

  1. Ансамбльдегі аспаптардың үнін келтіру.
  2. Шығарманың орындау ерекшелігі.

Практикада динамиканың ( қатты, жәй, дыбыс күшін арттыру немесе азайту) және агогиканың ( жылдамдату, баяулату, аялдау ) негізгі элементтерін орындау шығарманың сипатына байланысты әсіресе қазақ халқының музыкалық шығармаларында өзінің реңктері жағынан толып жатқан әрі өте нәзік сипаттамаларға ие болады. Ансамбльдің жалпы үнін реттеу жұмысы дыбыс күшейткіш аппаратураны, электракустикалық түрлендіргіштерді жақсы білу, оларды тиісінше ретке келтіре білу маңызды. Мысалы, «ва-ва» (бақа) эффекті негізгі тонның энергиясы мен оның төменгі обертендарының арасындағы арақатынастың үздіксіз, бірақ айтарлықтай жылдам өзгеруі; «ФАЗЗ» — негізгі тонға көп мөлшерде обертондарды қосу, бұл ызыңдаған, дірілдеген дыбыстар беріп, аспаптың табиғи тембрін адам танымастай өзгертіп жібереді, «МОУЛ» — соңғыдан төмен жатқан жоғары жиіліктерді алып тастайды. Мұның өзі «органның» өте жуан дыбысы шыққандай әсер тудырады; «СКРЕМИНГ БЕРД» (сөзбе-сөз аударғанда — шыңғырған) – орта жиіліктегі дыбыс шыңы, гитараға немесе басқа аспапқа жасалады; «БЛЕК- ФИНГЕР» — гитара шегін бір шертіп қалғаннан кейін дыбысты бір деңгейде ұзақ ұстай отырып, оған, тиісінше, шиқылдаған әуез немесе қоңырау дауысы сипатын беруге мүмкіндік туғызады.

Шығарманың орындалу ерекшелігін ескере отырып, вокальдық-аспаптық ансамбль жетекшісі белгілі бір көркемдік міндеттерге жету үшін техникалық құралдарды пайдалану жөнінде қандайда бір шешім қабылдайды. Ол қатысушыларды аса ірі дыбыс пландарын, дауыстар мен аспаптарды коррекциялаудың арнаулы жиілігін, «жаңғырық» эффектін жасанды жолмен ревербациялау (дыбыстың біртіндеп өшуі) және қазіргі заманғы дыбыс күшейткіш аппаратураның басқа да мүмкіндіктерін пайдаланған кезде белгілі бір көркемдік және техникалық нормаларға үйретеді.