Қайрат Рысқұлбеков өмірбаяны

Қайрат Рысқұлбеков 1966-жылы 13-наурызда Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Бірлік ауылында малшы әулетінде дүниеге келді. Қайрат 1973-1981 жылдары Шу ауданындағы Төле би ауылына орналасқан Сәду Шәкіров атындағы мектеп-интернатта оқып сегіз жылдық білім алды. Мектепте сабақты жақсы үлгеріп, кластан класқа емтихансыз көшіп отырды. Қоғамдық жүмыстарға белсене аралаласып, мектептің бастауыш комсомол ұйымының хатшысы болды.

Ал 1981-1983 жылдары Бірліктегі бұрынғы Киров атыңдағы орта мектепте оқып, он жылдықты бітірген соң, әскер қатарына шақырылғанға дейін әкесі Ноғайбайға жәрдемші-малшы болып, Көктерек товарлы-сүт фермасында жұмыс істеді.

1984-1986 жылдары Амур өлкесі Белогор қаласыңда әскери міндетін абыроймен өтеді. Әскери-саяси қызметтердің үздігі ретіңде бірнеше мақтау қағаздарымен марапатталып, әскери бөлімше командирлері ата-анасына алғыс айтқан құрмет қағаздарын жіберді. 1986-жылы мамырда әскери борышын өтеп ауылға келіп, тамыз айында әскери бөлімшенің жолдамасымен Алматы сәулет-құрылыс институтына келіп сынақтан сүрінбей өтіп, оқуға түсті. 1986-жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның бас тізгіні қайдағы біреуге тапсырылуына бейбіт наразылық білдірген жастар мен студенттерге қосылып, Орталық алаңға шығып, шеруге қатысты.

Қазақ қыздарын шашынан сүйреп, айуандықпен тепкілеп, кейбіреулерін, тіпті, қаныпезерлікпен көк мұзға отырғызуға дейін барды.

Міне, осылай оспадар-озбырлыққа шыдамаған, ана қауымын пір тұтып сыйлап өскен ер-намысты жігіттер қыздарға араша түсіп «бұзық» атанды. Араша түскендердің бел ортасында жүргеңдердің бірі Қайрат еді. Қайрат рухына байланысты өткізіліп жүрген шаралардан қалыспай, ақ ниетті тілегімен құран, дұғаларын аруағына бағыштаумен жүрген ауыл молдасы Абас Смайылов ақсақал былай дейді:

— Біз 1977- жылдары «Көктерек» совхозының Көлтабан бөлімшесіне көшіп келген едік. Қайраттың ата-анасы бізбен көрші тұратын. Бала-шағалары көп еді. Анасы Дәметкен сауыншы болатын да, әкесі Ноғайбай көбіне бақташылық жұмыстар атқарды. Менің кіші қызым Раушанкүлмен жастары шамалас болғандықтан ба, Қайрат біздің үйге жиі келіп тұратын. Сол кездері-ақ үлкенді-кішілі бауырлары кір-қожалақ болып жүргенде, не бары он жастағы Қайрат мұнтаздай таза да, әдемі де, сүйкімді қалпынан таймайтын. Басқа балаларға қарағанда өзгеше де бөлек жаралғанын сонда-ақ байқаған болатынмын. Және де балғын жастығына қарамастан үлкен адамдарша байыпты сөйлей алатындығына қызығатынбыз. Әйелім Резван да іші тарта жақсы көріп, ол келгенде әрдайым тәттілері мен бауырсақтарын ұсынатын…

Қайратты Төле би ауылыңдағы С. Шәкіров атындағы мектеп-интернатта оқытқан ұстазы Александра Михайловна Поласкалина былай дейді:

— Қайрат өте тәртіпті, үлгілі оқушы еді. Өзім оны ерекше жақсы көретінмін. Мектептегі комсомол ұйымының хатшылығына ұсынған мен болатынмын. Қаралы Желтоқсан оқиғасынан кейін Қайрат ұсталыпты деген хабарды естігенде, оның «бұзық әрекеттерге барғанына» менің жүрегім сенген жоқ. Қайраттың ақ екендігін қызметтес әріптестеріме талай рет айттым да…

(1991-жылы қараша айыңда Қайраттың әкесі Ноғайбай Рысқұлбековпен бірге қатысқан мектеп-интернаттың ұстаздары мен шәкірттерінің кездесу жиынында айтылған әңгімеден).

Қайраттың кластас құрбысы Сәлима Исаева:

— 3-сыныптан 8 жылдықты бітіргенше Шу ауданы, Төле би ауылындағы С. Шәкіров атындағы мектеп-интернатта Қайратпен бірге оқыдым. Бұл оқу орны негізінен Мойынқұм мен Шу ауданы малшыларының балаларына арналған еді. Сол кезде бірге оқыған кластас құрбыларымның ішінде Қайрат ерекше дараланатын. Мен келгенде ол 3-сыныптың командирі екен. Алғашында байқағаным Қайрат бұзықтау бала болып көрінді. Жүре келе ол бұзық емес, келеңсіз жайларға шыдамай жаны күйзелсе, бар ойын кімге болса да ашық та батыл айта салатын жан екендігін көрсетті. Өжет те қайсар болатын. Бізбен Қадиша деген қыз оқыған еді. Сол қыз шашын тарамай, сабалақ-сабалақ болып, бет-аузының кірін де жумай сабаққа келе беретін. «Іздегенге сұраған» демекші, мен де тазалық тексергіш-санитарка болып сайланған едім.

— Әй, сені де санитарка дейді ғой, неғып ана Қадишаның шашын таратып, қолының күсін жуғызбайсың?- деп, менің де жанымды шығаратын.

Ол кезде мұғалімнің бетіне қарап сөйлеуге жүрексінетінбіз. Ал Қайрат болса, класс жетекшінің өзіне де қаймықпай:

— Тәтей, ана Қадишаның түріне қаранызшы, «таза жүр» деп, айтпасаңыз, соның қолының кірінен жиіркеніп, тамақты да дұрыс іше алмаймыз,- деп тіке айтатын…

Қайраттың қызықты қылықтарының бірі: кей балалар екілік алғандарында дәптерлерін, күнделіктерін жыртып, лақтырып жіберетін. Сол оқушылардың туыстары келгенде, Қайрат жаңағылардан бұрын алдынан шығып, олардың іс-әрекеттерін бұрынырақ жеткізетін. Әрине, тәртіп бұзғандар өкпелейтін. Бірақ Қайрат олардың да өкпелерін тез тарқататын. Оның тағы бір қасиеті — қолында барын бөліп беретін жомарттығы мен ақ көңілдігі. Бір жағынан, Қайрат адам баласына, әсіресе жапа шеге, зәбір көргендерге жаны ашып, қолынан келген жәрдемін аямайтын. Өзім кішкентайымнан әкемнің туған апайының қолында өскенмін. Ол кісінің қайтыс болғанына көп уақыт бола қойған жоқ еді. Мектеп-интернаттың басшылары бір күні оқушыларға киім үлестіре бастағанда, маған пальто мен етік тиді. Сонда мұғалімдер мені шешесі жоқ деп, мүсіркеп беріп отырған шығар деп, көңілім әбден құлази мұңайып қалдым. Бұл 6-сынапта болатын. Сол кезде Қайрат менің қасыма келіп:

— Сәлима сен бұған ренжіме, бұл киімдерді түсіне білсең, ата-анаңа көмек ретінде беріп отыр ғой,-деп жұбатқаны әлі есімнен кетер емес.

Сондай-ақ, Қайрат замандастарымен хат жазысып тұрғанды да ұнататын. Тіптен Кореяның, Германияның, Монғолияның пионерлерінен жиі-жиі хат алып тұратын.

Қайрат 1-сынаптан бастап бірге оқыған Гүләйім Құттыбековамен жыр шумақтарын жарыса жазысатын да, бірге талқыласатын. Қайрат болса, өз шығармаларын көбіне көпшілікке көрсетуге ұялатын. Ал Гүләйім керісінше, жазған өлеңдерін түрлі жиындарда да, жайшылықта да оқып беретін…

Сегіз жылдықты тамамдаған соң, мен — Мойынқұмға, Қайрат туған ауылы Бірліктегі орта мектепке орналасқаннан кейін де хабарласып жүрдік. 1984-жылы Қайрат Армия қатарына шақырылғанда, «қыздардың жолы жіңішкелігінен» аттап кете алмай, қоштасып шығарып сала алмадық. 1986-жылы мамырда Азаматтық борышын өтеп, ауылға оралғанын, кешікпей өз күшімен Алматыдағы сәулет-құрылыс институтына оқуға қабылданғанын естігенмін. Шыңдығын айтқанымда, сонау балғын шақтардан бастап-ақ Қайрат пен Гүлайым бір-бірін ұнататын. Гүлайым Қарағандыдағы жоғарғы оқу орныңда оқып жүргенде де Қайратпен хат алысып, хабарласып тұрған еді. Кейінгі хабар ошарларды тек Гүлайым арқылы біліп жүрдім.

1986-жылғы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасына қатынасып, «Қайрат адам өлтіріпті дегенде, жағамызды ұстап, өз құлағымызға өзіміз сенбей, есеңгіреп қалдық… Ал Қайрат қайтыс болды дегеңде, бәріміз дерлік қан жылап, қасіретті қайғыға ұрындық.

Әсіресе қаралы қаза Гүләйімнің жас жүрегін жаралап, өте ауыр дертке ұрынған халде қалды… Сондай қайғылы халде күйзеле жүрген шағында Қайраттың рухына мынадай өлең шығарыпты:

Ұзын да емес, қысқа да емес, ортамын,
Жүрегі жоқ адамдардан қорқамын.
Қанды қақпан қармағына іліккен,
Қайрат құрбым, торқа болсын топырағың!

Ерлігіне қуанам да сүйінем,
Қайрат құрбым, рухына мен иілем.
Бәйшешектің солғанына аһ ұрсам,
Әділ жанның қазасына күйінем.

Жыр шашатын жүрегің де тілінді,
Есімің де ел аузына ілінді.
Тіршілікте елеусіз боп жүрдің де,
Көз жұмған соң, кім екенің біліңді.

Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта мектептің ұстазы Ажар Әбжапарқызы Кененбаева:

— Қайрат бұл мектепте 9-10 кластарда оқыды. 2 жылғы класс жетекшілігімде оның мінезінің қыр-сырын толық білдім деп айта алмаймын. Бірақ Қайраттың мінезі салмақты, әр нәрсеге байыппен қарайтынын байқап едім.

Гитарада ойнайтын, өлеңде шығаратын. Суретті де жақсы салатын. Парталас құрбыларының арасында сыйлы, беделді болды. Өзіне тапсырылып, міндеттелген қоғамдық жұмыстарды дер кезінде орыңдайтын. Мереке күңдеріне орай шығарылатын газеттерді әсемдеп, сурет салып, өз өлеңдерін қоса жариялайтын. Спортпен шұғылдануды ұнататын. Сондықтан орта бойлы, денесі шымыр сомдалып, иықтылау болды. Ауданаралық дәрежедегі футбол жарыстарыңда әрдайым озат ойыншылар қатарыңда көзге түсетін. Көп балалы от басында тәрбиеленгендіктен бе, Қайрат көпшіл, шыншыл, әділ еді…

1987-жылдың көктеміне қарай болу керек, әкесі Ноғайбай аға біздің мектепке келіп: «Ажар, сен 2 жыл Қайратты оқыттың ғой, оның қаңдай екенін білетін шығарсың. Мінездеме қажет болып тұр -деген еді. Жоғарғыдай мағынада үлгілі қасиеттерін көрсете жазып, мектептің сол кездегі директоры Тәжібай Сүйімбековке мөр бастыруға әкелгенімде, онымен танысқаннан кейін: «Мектептің атынан мұндай мақтау құжат жіберуге болмайды»,- деп жыртып тастады. Тәжекен де жоғарғылардан жалтақтаған шығар. Ноғайбай ағай мұңая күйзеліп, екі иығы салбырап шығып кетті…

Шіркін, Қайрат егер тірі болғанда, қазақтың аяулы азаматы болып өсер еді…

Мен 1980-жылдары «Көктерек» совхозыңда сүт таситын машинаны жүргізетінмін. Сол кездерде Қайрат Шу ауданы Төле би ауылыңдағы мектеп-интернатта оқитын. Жексенбі күңдері ауылға келгеңде, Таудағы ата-анасына көбіне менің автокөлігіммен қатынайтын. Бүгін есімде қалғаны: Қайрат анау-мынау тентек балаларға қосылмай, жеке дара жүргенді ұнататын. Мінезі сабырлы да салмақты еді. Жастайынан әскер қатарына шақырылғанша, бақташы әкесі мен сауыншы анасына әрдайым қолғабыс жәрдемін көрсетіп, еңбекке араласатынын жиі байқайтынмын.

Қайрат қайтыс болған соң, 1988-жылы жазға салым, жылжымалы моншамен таудағы малшыларға барып қалғанымда, анасы Дәметкенге көңіл айта отырып:

— Алланың жазуы осы шығар, көп мұңая бермеңіз. Ұзамай шыңдық орнау керек. Колбин кеткен соң көрерсіз әлі, Қайраттарды ақтап, оларға батыр атақтарын береді, деген болатынмын. Құдайдың өзі аузыма салды ма, ерекше бір рухани күш айтқызғаңдай халде едім…

Қайраттың ауылдағы құрбысы Айнаш Омарова:

— Өзіміз құралқы жастар бұрынырақтарда аңда-санда мереке күңдерін ойын-сауық ретіңде бір үйге жиналып атап өтетінбіз. Біз сол тамашаларға Қайрат қатынасса ғана баратынбыз. Ол кештің еш жанжалсыз, қызықты-тартымды өтуіне ықпал ететін. Қайрат ішімдікке жоламайтын, жеңіл-желпі қызып алған ер балалардан қорғай жүріп, қыздардың барлығын дерлік үйді-үйлеріне өзі-ақ ерінбей-жалықпай жеткізіп салатын…

Көп балалы ана Келімжанова Маржангүл: — Қайрат Киров атындағы орта мектепте егіз ұл-қызым Асқар, Гаухармен бірге оқып еді. Біздің үйге жиі келіп тұратын және өте кішіпейіл, бауырмашыл болатын. Мені ылғи «мама»деп атайтын. Отбасымызға соңғы рет 1986-жылы 10-желтоқсаңда келіп Асқарды әскерге шығарып салды. Көп ұзамай-ақ жаңа жылда Қайратты ұстап алып кетті деп естідік те, таңқалдық. «4000 сом берсе, түрмеден шығарып алуға болады екен»,- деген хабарды ести сала, өзімен бірге оқыған ұл-қыздарды, жора-жолдастарымен ақылдастыра отырып, ақша жинай бастадық. Шамасы келгендері 100 сомнан, арты 50 сомнан берді. Қаражат жинауға Тұмақбаев Амангелді, Тұмақбаева Алтын, Құлбаев Берік, Шілдебаев Нұрлыбай, Бояубаев Сатай, Әйтішев Жұмақан, Тұрынбаева Гүләйім, т.б. белсене көмектесті. Бүгін де Жамбыл облыстық ауруханада тіс дәрігері болып қызмет істейтін қызым Гаухар қаржы жинаса, Армия қатарындағы Асқардың орнына өзім 100 сом қостым. Қайраттың құрбы-жолдастары Талжігітов Мейірхан — жүргізуші, Алматыда ҚАЗМУ-де оқитын Исадыков Нұрлан және Арғымбекова Жасұландар жиналған қаражатты Алматыға апарып, Қайратқа жолыға алмай, анасы Дәметкенге табыстаған.

Сол 40 шақты жора- жиналған ақшаны алып баратын балаларға, қаржы бергендердің тізімін ақ қағазға қызыл бояумен жазып, терезеден Қайраттың өзіне көрсетіңдер деп едім, ол ойым іске аспады.

Жас боздақтың өміріне араша түсе алмағанымыздың өкініші есіме түссе, осы күнге дейін өзегім өртенеді. Ғ. Насыров (ол кезде студент):

— Марқұм Қайрат Рысқұлбековтің алаңда жиналғаңдарға: «Жігіттер, үш күнге шыдадық. Үш күн ішінде біздің даусымыз «Біріккен Ұлттар Ұйымына жетеді!» деген жан дауысы әлі күнге дейін құлағымнан кетпейді.

«Атамекен» газетінен 12 желтоқсан 1991-жыл. Қайраттың анасы Дәметкен Асанбаева:

— Қайраттың мінезінің қаңдай екеңдігін туған анасы мен тұрмақ, жора-жолдастары және ұстаздармен қатар бүкіл ауылымыздың халқы бес саусақтай біледі. Басқа ұл-қыздарымнан ерекшелігі: ол ақ жарқын да ақ пейілді, ешкімнің көңілі қалмаса екен деп өскен ұл еді. Оның үстіне өз замандастарының арасыңда үлгілі де қадірлі болатын.

Жоғарғыдай мінездемелер мен деректерді ой сарабына салып таразылағаңда, мәртебелі мырзалармен олардың жағымпаз жандай Қасіретті Желтоқсан оқиғасының бар ауыртпалықтары мен «бәле-жаласын» он екіде бір гүлі ашылмаған қыршын Қайратқа арқалатып, оны қаралап қана қоймай, өміріне қастандық жасауын ойласақ, жан түршігеді.

1987-жылы 21- мамырда Қайраттың қайтыс болғанын «Америка дауысы» Радиохабарламасынан естіген белгілі құсбегі Жапар Сатылғанов қапалана отырып, «Қайрат қайтыс болғанда» атты өлеңін дүниеге келтіреді. Бірақ жалтақ сарашылардың арқасында бұл шығарма кезінде жарық көрмеген еді.