Күрделі шығармалар. Дрижерлық техниканы жетілдіру

Опера— артистердің либретто сөзін музыкаға (ария, романс, баллада, ансамбль, хор) қосымша айтуы арқылы орындалады. Оның идеялық мазмұны тамаша музыка және құлаққа жағымды, жақсы әндер мен мелодиялар арқылы ашылады.

Речитатив(италян сөзі ) — операда ,ораторияда және контатада болайын деп жатқан не болатын оқиғаны сөзбен баяндауды, таппақтап айтуда речитатив дейді. Операда речитатив тек құр тақпақтап айтыла бермейді, кейде ол ойналып жатқан музыкамен жарыса, астарласып сәл әндетіліпте айтылады. Бірақ речитативтің ән сияқты ойда сақталатын, нақты әуені болмайды.

Контата-ораториялық жанр.

Оратория кантатадан өзінің мазмұнымен ,ерекше дамыған сюжетімен (мағынасымен ) үлкен құрылымымен ерекшеленеді . Оратория -көп дауысқа , жеке дауыспен хорға ,оркестірге арналған вокалды симфониялы шығарма . Oratio – ораториялық баяндама деген мағынаны білдіреді латын сөзінен шыққан . Оратория драмалы сюжетке жазылады ,және концерттік залда орындалады .

Оратория— қаһармандық немесе эпикалық оқиғаны баяндайтын, симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен орындалатын шығарма.Ораторияда образдарды бейнелейтін жеке әнші немесе дуэт, трио, квартет сияқты ансамбльдер болады. Ораторияның желісін күшейтіп отыратын көп дауысты хор қатысады. Мысалы: совет композиторлары Ю. Шапориннің «Орыс жері үшін ұрыс туралы аңыз». Д. Шастоковичтің «Орман туралы ән» Ғ. Жұбанованың «Дала үстіндегі нұр»

С. Мұхамеджановтың «Ғасырлар үні» ораториялары, Бөрі Исаның «Армысың ХХІ ғасыр ораториясы»

Кантата– салтанатты шығарма .Ол ариялардан , дуэттерден тұрады . Оркестрдің сүйемелдеуімен орындалатын вокалдық шығарма. Мұнда хор, ансамбльдер, жеке әншілер болады. Кантата бірнеше бөлімнен тұрады, оратория сияқты концерттерде орындалады. Мысалы. М. Төлебаевтың , Е.Г. Брусиловскийдің , А. Арутюнянның «Отан туралы кантата», С. Прокофьевтің «Бейбітшілік үшін күрес» кантаталары осындай.

Хор миниатюрасы –бұл аса үлкен емес музыкалық шығарма .

Өңдеу –(обработка) ,бұл нота материялын өзгерту ,қайта қарау болып табылады .Өңдеулер бергілі бір әуенге хор партияларын қосу және аспаптық сүйемелдеуін қосу . Қайта өңдеу қайсы бір шығарманы көркемдеу , әсерлеу деген сөз .