Әр түрлі мазмұндағы күйлерді ойнау шеберліктерін меңгеру.

7.1.Екі этюд.

Оқушының орындау шеберлігін , техникасын дамытуда көмегін тигізетін сабақтың бірі- жаттығулар, гамма ,этюдтер.Шығарманы ойнамастан бұрын студентке практика ретінде бірден ойнау үшін және аппликатура қойып үйрену үшін берілсе, келесі этюдті техникасын дамыту үшін пайдалану керек.Жоғарғы курстың студенттеріне аппликатура қойып үйренудің маңызы өте зор.Сондықтанда шығарманың ноталарын таза, саусақтарын дұрыс қойып ,оған аса ұқыптылықпен қарауды үйрету керек.Оқушының шығарманың мазмұнын дұрыс түсініп, ырғағы мен мелодиясын бұзбай ойнауынмейлінше қадағалау оқытушының жауапты міндеті.Шығарма үйренуде аппликатураны дұрыс пайдаланудың маңызын еш уақытта естен шығармау керек.Оқушыға аппликатураны өзі қойып үйренуге жаттықтыру, оқытушының үлкен міндеті болып саналады.

Жаңа шығарманы үйрену кезінде оқушыны өз қатесін өзі біліп, оны жөндеп, дұрыстап ойнауға дағдыландыру оқытушыныңпедагогикалық міндеттерінің бірі.Оқытушы студенттің бірден шығарманы жатқа ойнауына тыйым салуы тиіс.Өйткені, орындаудағы кемшіліктерімен шығарма нотасын үйренудегі қателер , көбіне шығарманы әлі тегіс түйсініп үйрену болмай , жатқа ойнағандықтан шығады. Сондықтан, шығарманы қашан үйреніп , оны орындауға жаттыққанға дейін оқытушы студенттен тек қана нотамен ойнауды талап ету керек.

Тек, сонда ғана студент жаңа шығарманы мазмұнына сай, оның техникалық орындаушылық тәсілдерін ойдағыдай игеріп үйрене алады

  1. 2. Әр түрлі характердегі төрт пьеса.

Соңғы курста студенттің орындау шеберлігіне, техникасына көңіл бөліп дамыта түсу керек. Бірден нотаға қарап ойнау –оқушының ойнау қабілетінің озықтылығы, оның творчестволық дөрісінің құлашын кең жайып өскендігі болып саналады. Оқытушы оқу жоспарын жасағанда, шәкірттің концертке шығып орындауын жоспарлауы тиіс. Бұл болашақ орындаушы-музыкант үшін үлкен маңызды нәрсе.Әрбір оқу жылының басында жасалатын бұл жұмыс жоспарында оқушы не үйрену керек, қанша шығарма игеруі тиіс ,қандай тәрбие жұмыстары өткізілуі керек, міне осындай мәселелер қамтылады.Жұмыс жоспарын да оқытушы шәкірттің жалпы білімі ,сабақ үлгерімі , музыкалық қабілеті жайлы өткен оқу жылында қолы жеткен табыстары мен көзге түскен кемшіліктерімен жұмыс жасалады.

Әр түрлі характердегі пьесаның біреуін ансамбльге беру керек, бұл студенттің өсу қабілетін өсіреді.Ансамбль 2 қобызға ,3 қобызға,4қобызға арналған шығармаларын таңдап алу керек.Оқытушы өз студенттеріне жекелеген жұмыс жоспарын жасағанда әрбір шәкірттің дайындығын, қабілетін ,ерекшелегін ескеруі қажет.Әр түрлі харак тердегі шығарманың біреуін өз бетімен дайындау үшін берілуі керек. Репертуарды таңдаған кезде оқытушы әр бір шығарманы егжей — тегжейіне дейін зерттеп,

7.3.Күрделі формадағы шығарма.

Күрделі формадағы шығарманы алмастан бұрыноқытушы шығарманы әбден зерттеп студенттің қабілетіне қарап, танысып, шеберлігін өсіретінін іріктеп,талдап алуы қажет.Күрделі шығарманы оқушыға үйрету үшін ,оқытушы ең алдымен өзі жан жақты білу керек. Күрделі формадағы шығарманы үйренудің бірнеше жолдары бар, оны әо түрлі сатыға бөлуге болады.Шығарманы алғаш үйретер алдын оны басынан аяағына дейін бір орындап беру керек.Мұның үлкен маңызы бар.

Алғашқы ойыны арқылы студент шығарманың жалпы характерімен танысады, шығарма музыкасы оның музыкалық сезіміне әсер етеді. Шығарманы басынан аяағына дейін ойнап танысқаннан кейін , оқытушы шығарманы енді өте жай фойнатып талдауға кіріседі. Шығарманың қиын жерлеріне көбірек тоқталып, оқушыға оны игеру жолдарын түсіндіреді, шығарманың музыкалық құрылысы, ырғағы, мелодиялық ерекшелігі жайлы әңгімелеп таныстырады. Оқытушы студенттен ең алдымен шығарманың ноталарын өте дұрыс үйреніп, оған аса ұқыптылықпен қарауды талап етуі керек.

Оқушының шығарманы дұрыс түсініп, ырғағы мен мелодиясын бұзбай ойнауын мейлінше қадағалау оқытушының жауапты міндеті. Шығарма үйренуде аппликатураны дұрыс пайлаланудың маңызын еш уақытта естен шығармау керек. Оқушыға аппликатураны өзі қойып үйренуге, жаттықтыру оқытушының міндеті болып саналады. Қобызшының ең басты міндеті шығарманы ойнаған кезде, штрихтарына көңіл бөлуі керек. Шығарманы алып талдау кезінде студентпен әңгімелесіп отырып, талдап отырып , шығармаға апликатура мен штрихтарды қойып отыру керек.Студентті ара кезек штрихты «былай қойсақ қалай болады» — деп студентті тексеріп отыру керек. Сонда ғана, смечоктың төмен-жоғары болып қалмауын қадағалайды. Жаңа шығарманы үйрену тәсілінен кейінгі негізгі үйрену жұмысының бірі шығарманың техникалық орындаушылық жағын үйрену болып табылады.

Жаңа шығарманы үйрену кезінде, оқушының өз қатесін өзі біліп, оны жөндеп, дұрыстап ойнауға дағдылану- оқытушының педагогикалық міндеттерінің бірі. Оқытушы студенттің бірден шығарманы жатқа ойнауына тиым салуы тиіс. Өйткені орындаудағы кемшіліктермен шығарма ойнаудағы қателер, көбіне шығарманы әлі тегіс түйсінік үйреніп болмай, жатқа ойнағандықтан шығады. Сондықтан, шығарманы қашан үйреніп, оны орындауға жаттыққанға дейін оқытушы студенттен тек нотамен ойнауды талап етуі керек. Тек, сонда ғана студент жаңа шығароманы мазмұнына сай оның техникалық орындаушылық тәсілдерін ойдағдай игеріп, үйрене алады.

Шығарманы музыкалық көркемдік дәрежеде орындау дегеніміз- шығарманы өз екпініндеоны мазмұнына, характеріне байланысты автор ойын жеткізіп,бере алатындай дәрежеде ойнау. Орындаушылық шеберлік әдістерін молынан пайдаланып,музыкалық аспаптың дыбыс бояынорын-орнымен жұмсап, шығарманы динамикалық шарықтау шегіне жеткізу. Осы мақсатқа жету үшін, студент ұдай ізденіп, ойланып-толғануы керек. Оқытушы жаңа шығарманы үйретуде студенттен аспап мүмкіншілігіне қарай, табиғи дыбыс шығаруды талап етуі керек.

Ол дегеніміз-саусақты қойып, дыбыстың шығуын жүрекке барып, одан миға барған кезде ғана таза сапалы дыбыс шығады.Оқытушы шығарма характеріне қарай динамикалық айырмашылықтарын дыбыс дәрежесінде ажырата білуді үйрету керек. Сонда ғана, жас қобызшының орындаушылық міндеті өсетін болады. Оның ойыны құлаққа жағымды келеді.