Белгілі бір ойнау тәсілдерін меңгеру

Қобыз үйрену мектебінде негізгі ысқышты жүогізу тәсілдері негіз алады.Ысқыштың үш бөлігі болады\ ортаңғы ,колодка,төменгі жартысы, жоғарғы жартысы.Дыбыстың қатты немесе жай ,мәнерлі шығуының өзі, ысқышты жүргізуге байланысты.Әрине,ысқышты тарту шеберлігі көптеген жұмыс істеп , мол тәжірибе жинақтау арқасында ғана қалыптасады.

1.Ысқыштың қылы ішекке жақсы тиіп , жабысып тұруы қажет.Бұл шарт қобыздың дабысын қатты ғ , немесе жай р ойнағанда да сақталады.Сонымен қатар ысқышты қисайтпай түзу ойнап жүргізу керек.

2.Ысқышпен ішекті сүйкегенде оның жылдам жүру қатты немесе жай басылу мөлшерін дұрыс табу қажет.

Ішек неғұрлымтиекке жақындаған сайын қатая түседі де,мойнына жақындаған сайын қатая түседі де,мойнына жақындағанда жұмсарады. Ысқышты тиекке жақын жерден жүргізгенде таяқты басынқырай жай сүйкейді, тиектен алысырақ жүргізгенде таяқты баспай тезірек тартады. Бірінші жағдайда күшті (форте) дыбыс шықса, екінші жағдайда жұмсақ, қоңыр дыбыс шығады, сондықтан көбінесе ысқышты тиектен жоғарырақ, ішектің жұмсақтау жерінен жүргізіп үйренген жөн.

Қобыз ойнаудағы басты, күрделі жұмыстардың бірі ішек басу. Өйткені барлық позицияда сол қол саусақтарының ішек басуға икемді, оңтайлы болуы, позициядан позитцияға жұмсақ жеңіл көшуі болашақта аспапты жақсы меңгерудің бірден –бір жолы. Қобызшы саусақтарын позицияға қойғанда скрипкадағыдай бірінші позициядағы ноталарды біоден толық баса алмайды, сондықтан әр нотаны ойнағанда саусақпен ішек басып үйрену керек.

Оқытушы методикалық нұсқауларға сүйене отырып, алғашқы сабақтардың дұрыс орындалуын үнемі тексеріп ,керек жерлерінде оқушыларға қобыз ойнау өнерінің тәсілдеріне түрлі жаттығуларын өзі көрсетіп отырады.

Қобыз ойнау тәсілі қиын,үйрену жолы ауыр аспап болғандықтан қолдарын үнемі тексерумен менгеру керек.Студенттерге гаммалар,штрихтардың түрлері,позиция,оның көшу жолдары сияқты маңызызор(халық аспаптарында көп пайдалыныла бермейтін) сабақтардың аспапта жақсы ойнау тәсілдерінің пайдасы көп екенінің еске сала кету керек.

Қобызды ойнап үйрену үшін ысқыштың түрлі жағдайдағы бағытын , саусақ басу, ішектердің дыбыс күшін білдіретін динамикалық және екпін белгілерін жатқа білу керек.

  1. Этюдтің екі түрін әр түрлі екпінде, бірі Ларго,Адажио, Ленто, Анданте темпінде болса, екіншісі Модерато, Аллегретто, Престо, Виво екпіндерінде алу керек.
  2. Бір пьеса.
  3. Гамманың үш, төрт белгіге дейін түрін , мажор және минор түрлерін арпеджио, аккордтарын әр түрлі штрихтарда легато, екі, уш, төрт дыбыстан ойнап,он алтылық, сегіздік, төрттік, жартылық , бүтін ноталармен ойнап меңгеру керек. Және минордың үш түрін ( гармониялық, мелодиялық түрін) ойнау студенттің есту қабілетін дамытып отырады.

4. Штрихтармен арпеджиоларды ойнаған кезде оқушының есту қабілеті дамып, тон аралықтарын сезініп, техникасы дамып отырады.Сондықтанда студент күнделікті таңертенгі уақытта екі сағат гамма, арпеджиоларды әр түрлі штрихтарда ,әр түрлі ұзақтықта өзін өзі тыңдап , сезініп ойнаса үлкен жетістікке жетеді.

5. Қазақстан композиторларының шығармаларын ойнау, қобыз аспабында үлкен орын алады. Қазақстан композиторларының шығармаларын ойнағанда ерекшше көңіл бөлу керек.Оқушының ұлттық сезімі ояанып, қазақтық қаны жүріп, аса сезіммен ойнауын қадағалау керек.

Қобыз үні ғасырлар бойы қазақ халқының қуанышы мен мұңын шертіп ,көмейінен елі мен жерін қорғаған батыр елдің ерлігін жырлаған тегеуріндіүн төгілген.Қобыздың тынысы кең, ,дыбыс шығару мүмкіндігіде мол аспап болғандықтан аса рухтық сезіммен жеткізіп ойнау керек.

6. Орыс , шетел композиторларыныңшығармаларын ойнаған кезде профессио налдықдәрежеде , жас шәкірттіің орындау шеберліктерін арттырып отыру керек. Саусақтарыныңтехникасын жетілдіріп,одан әрі дамыту үшін теория мен практикаға негізделіп отыру керек.,сабақтаоқушыны үнемі тәрбиелеу, жаңа сабақты талқылап әр түрлі әдістерді үйрету керек.

7. Күрделі формадағы шығармаларды ойнаған кезде , шәкіртті тек жақсы орындаушы –музыкант юолып шығуына, сонымен бірге оның идеялық тұрғыданда өсіп жетілуіне жауапты. Оқушыны жан-жақты тәрбиелеуде ерекше орын алатын тәрбие жұмысының бір бөлімі репертуар мәселесі. Оқушыға репертуардың ұнауы оның оған тигізетін тәрбиелік ықпалы ,сырын қаншалықты білуіне байланысты. Мазмұнды жасалған репертуар оқушыны толғандырады, шабыттандырады. Болашақ орындаушы музыкантты көп ұлтты әртүрлі ұлттық музыкасы рухында, классик композиторларының шығармаларын беріп, олардың музыкалық эстетикалық сезімін жетілдіре түсуі тиіс.