Шетел және қазақ композиторларының шығармаларының, әртүрлі мазмұндағы ойнау шеберлігін меңгеру.

  1. Екі-үш белгіге дейінгі мажор мен минор гаммалары, оларды үш позицияда әртүрлі штрихтармен ойнау.

Сабақта берілген гамма, арпеджио бірте-бірте темпін күшейте күнделікті дайындалу керек. Гамма арпеджиоларды түрлі штрихтермен (легато, стакато) ойнау қажет. Ойнау техникасын ары қарай дамыту үшін гаммаларды триолмен, пунктир ритімімен жаттықтырамыз. Саусақтарды күнделікті жаттықтыру бұлшық етті қатайттырады және орындаушылық қабілетті арттырады.

  1. Әртүрлі характердегі екі этюд.

Этюдтер әртүрлі мағынада беріледі (минорлық немесе мажорлық түрде). Бірі жылдам, көңілді темпте, екіншісі жай, көңілсіз темпте. Сонымен қатар динамикалық белгілеріне назар аударамыз және 1, 2-ші семестрлерге қарағанда 4-ші семестрде күрделі түрлерін ұсынамыз.

  1. Қазақ композиторларының шығармалары.

Қазақ халық шығармаларында ырғақтық белгілерге ерекше көңіл бөлу керек. Шығарманың арасында жай және күрделі өлшемдердің өзгеруіне байланысты қиыншылықтарға көңіл бөлу керек.

  1. Шетел композиторларының шығармалары.

Шығарма таңдау кезінде, құрамы әртүрлі музыкалық шығармалар, би және ән түріндегі пьесалар болу қажет.

а) біртіндеп шығарманың диапазонын өсіру.

б) кілттік өсу белгілеріне байланысты тональностердің шеңберін кеңейту.

в) күрделі өлшемнің майда ұзақтықтарын енгізу.

Шығармамен жұмыс істеу. Оқытушы шығарманы жазған композитор туралы қысқаша мәлімет береді. Сұхбат өте жылдам және қызықты өтуі қажет. Оқытушы студентке шығармада кездесетін қиыншылықтарды алдын-ала ескертеді. Студент оқытушының көмегімен шығарманы жай темпте нотаға қарап ойнап бастайды. Шағармамен жұмыс істеп бастағаннан оқытушы студенттің көңілін шығарманың характеріне, темпіне, динамикалық-белгілеріне, штрихтеріне көңіл аударады. Шығарманың қиын жерлерімен жеке жұмыс істеу қажет. Сонымен қатар шығарма бірнеше бөлшектерге бөлінеді (фраза, сөйлем, кезең). Әр бөлшекпен жай темпте талдап, тазалап арнайы жазылған саусақтармен ойналады.

  1. Күрделі формадағы шыңғарма.

Студенттің меңгеру қабілетіне байланысты, қобыз аспабына өңделген ірі шығармаларды ұсынамыз. Күрделі формадағы шығармаларды ойнау барысында студент жан-жақты дамыпойнау қабілеті өседі.Студентке концертмейстрмен сүйемелдеп ойнатып үйрету қажет. Бұл студенттің өсіп жетілуіне, ойлау қабілетін дамытып, сезініп ойнауын жетілдіреді.