Негізгі ойнау тәсілдерімен танысу, техникалық ойнау мәнерін меңгеру. Шетел және қазақ композиторларының шығармаларының, әртүрлі мазмұндағы ойнау шеберлігін меңгеру.

Ноталық сауатты әрі қарай дамыту.

А) Күрделі өлшем 6/8, 6/4, 5/4, 3/2, т.б.

Б) Триоль

В) Квинтоль

Мелизмдердің түрі:

Форшлаг –

Мордент —

Трель –

Мына музыкалық терминдерді жаттау қажет:

Adagio (адажио) — жай

Allegro (аллегро) — тез

Cantabile (кантабиле) – нәзік әндете

Dolce (дольче) – жұмсақ нәзік

Forte (форте) — қатты

Piano (пиано) — тыныш

Vivo (виво) — жылдам

Гамма, арпеджио, аккордтар міндетті түрде әр семестрге өтіледі. Жоспар бойынша:

  1. Кілітте 3 белгіге дейінгі мажор мен минор гаммалары, олардың арпеджиосы мен аккордтары.

Осы семестрге ойналатын гаммалар си бемоль мажор оның паралелі соль минор, ми бемоль мажор оның паралелі до минор. Сабақта берілген гамма, арпеджио, аккордтарды бірте-бірте темпін күшейте күнделікті дайындалу керек. Гамманы жаттау алдын оң қол және сол қолмен белгіленген саусақтармен жеке жатталады, содан соң екі қолмен бірге ойналады. Гамма арпеджиоларды түрлі штрихтермен (легато, стакато) ойнау қажет. Ойнау техникасын ары қарай дамыту үшін гаммаларды триолмен, пунктир ритімімен жаттықтырамыз. Саусақтарды күнделікті жаттықтыру бұлшық етті қатайттырады және орындаушылық қабілетті арттырады.

  1. Мектеп әндері.

Мектеп әндері әртүрлі мағынада беріледі (минорлық немесе мажорлық түрде). Бірі жылдам, көңілді темпте айтылса, екіншісі жай, көңілсіз темпте айтылады. Сонымен қатар динамикалық белгілеріне назар аударамыз және 1, 2-ші семестрлерге қарағанда 3-ші семестрде күрделі түрлерін ұсынамыз. Әндер екі дауысты түрде ойналады.

  1. Қазақ композиторларының шығармалары.

Қазақ композиторларының өмірбаяны, шығармашылықтары туралы қысқаша мәлімет. Композитордың Берілген шығарманың композитор шығармашылығындағы ролі. Шығармамен танысу барысында мұғалім мен студент арасында өзара талдау жүргізіледі. Музыкалық шығарманы үйрену кезінде — әуені мәнерлеп ойналады. Әуен-әр музыкалық шығарманың түбірі. Әуенді мәнерлеп ойнау тәсілі төмендегі ережелерлерде көрсетілген:

  1. Штрихтерді байқау: легато, стакато т.б. легатоны тек дұрыс апликатурамен ойнауға болады.
  2. Мехты музыкалық фразалардың арасында ауыстырады. Фразаның ішінде немесе дыбыстың үстінде мех ауысса әуені бұзылады.
  3. Динамикалық белгілерді дәл сақтау қажет.
  4. Музыкалық фразаларды басы мен соңын ортасына қарағанда жай ойнау қажет.
  5. Сол қолдағы аккомпонементті ойнағанда, оң қолдағы әуенді басып кетпей әдістеп ойнау керек.
  6. Күнделікті сабаққа дайындалу жаттығулардан басталу керек.

Жаттығу дегеніміз – гамма, арпеджио, аккордтар түрлі нюанстармен ойналады. Студент оқытушының көмегімен шығарманы жай темпте нотаға қарап ойнап бастайды. Шығармамен жұмыс істеп бастағаннан оқытушы студенттің көңілін шығарманың характеріне, темпіне, динамикалық белгілеріне, штрихтеріне көңіл аударады.

  1. Халық әндері мен күйлері.

Студенттің меңгеру қабілетіне байланысты, баян аспабына өңделген халық әнін немесе күйін ұсынамыз. Халық әні мен күйлеріде классик, қазақ шығармалары сияқты әр қолмен жеке жұмыс жасаймыз және екі қолмен бірге қосып ойнаймыз.

  1. Кілітте 3 белгіге дейінгі мажор мен минор гаммалары, олардың арпеджиосы мен аккордтары.

Осы семестрде өтілетін гаммалар: ре, ля мажор оларға паралел си, фа диез минор. Сабақта берілген гамма, арпеджио, аккордтарды бірте-бірте темпін күшейте күнделікті дайындалу керек. Гамманы жаттау алдын оң қол және сол қолмен белгіленген саусақтармен жеке жатталады, содан соң екі қолмен бірге ойналады. Гамма арпеджиоларды түрлі штрихтермен (легато, стакато) ойнау қажет. Ойнау техникасын ары қарай дамыту үшін гаммаларды триолмен, пунктир ритімімен жаттықтырамыз. Саусақтарды күнделікті жаттықтыру бұлшық етті қатайттырады және орындаушылық қабілетті арттырады.

  1. Мектеп әндері.

Мектеп әндері әртүрлі мағынада беріледі (минорлық немесе мажорлық түрде). Бірі жылдам, көңілді темпте айтылса, екіншісі жай, көңілсіз темпте айтылады. Сонымен қатар динамикалық белгілеріне назар аударамыз және 1, 2-ші семестрлерге қарағанда 4-ші семестрде күрделі түрлерін ұсынамыз. Әндер екі дауысты түрде ойналады.

  1. Классик, қазақ композиторларының пьесасы.

Шығарма таңдау кезінде, құрамы әртүрлі музыкалық шығармалар, би және ән түріндегі пьесалар болу қажет.

а) біртіндеп шығарманың диапазонын өсіру.

б) кілттік өсу белгілеріне байланысты тональностердің шеңберін кеңейту.

в) күрделі өлшемнің майда ұзақтықтарын енгізу.

Шығармамен жұмыс істеу. Оқытушы шығарманы жазған композитор туралы қысқаша мәлімет береді. Сұхбат өте жылдам және қызықты өтуі қажет. Оқытушы студентке шығармада кездесетін қиыншылықтарды алдын-ала ескертеді. Студент оқытушының көмегімен шығарманы жай темпте нотаға қарап ойнап бастайды. Шағармамен жұмыс істеп бастағаннан оқытушы студенттің көңілін шығарманың характеріне, темпіне, динамикалық-белгілеріне, штрихтеріне көңіл аударады. Шығарманың қиын жерлерімен жеке жұмыс істеу қажет. Сонымен қатар шығарма бірнеше бөлшектерге бөлінеді (фраза, сөйлем, кезең). Әр бөлшекпен жай темпте талдап, тазалап арнайы жазылған саусақтармен ойналады. Студент шығарманы нотаға қарап меңгеріп алған соң әрі қарай мехпен жұмыс жасаймыз.

  1. Сырнайға лайықталған немесе өңделген қазақ халық музыкасынан шығарма.

Қазақ халық шығармаларында ырғақтық белгілерге ерекше көңіл бөлу керек. Шығарманың арасында жай және күрделі өлшемдердің өзгеруіне байланысты қиыншылықтарға көңіл бөлу керек.