Хор ұжымдарымен жұмыс істеу әдістемесі.

6-шы семестрде әртүрлі мазмұндағы 5-6 хор шығармасын, қазақ, шетел композиторларының және халық әндерін үйрену керек.

Әрбір студент болашақ музыка маманы, хор жетекшісі болып шығатындықтан әртүрлі хор ұжымдарымен жұмыс істей білуі керек. Атап айтқанда балалар және ересектер хорымен, сонымен қатар хорға арналған шығармалармен жұмыс жасай білуі тиіс.

Оқытушының көмегімен бір хор шығармасын таңдап онымен жұмыс жасау жоспарын құруы тиіс. Әр дауысқа партия жазып, хор мүшелеріне таратуға дайындық жасау. Шығарманы аспапта ойнап үйрену, дауыстарды жеке-жеке айта(сольфеджиолық жүйемен және сөзімен) дирижерлай білу.Шығарманың қиын жерлерін белгілеп онымен жұмыс істеу жолдарын қарастыру.

Хормен жұмыс істеу жоспары.

  1. Кіріспе сөз.(автор жайлы мәлімет).
  2. Шығармамен таныстыру.
  3. Партияларды тарқату.
  4. Жеке партиялармен жұмыс.
  5. Дауыстарды бір-бірімен қосу.
  6. Динамикалық белгілерімен жұмыс.

Қандайда болмасын хор ұжымы өзінің жұмыс барысында белгілі бір тәжірибе жинақтайды, репертуары кеңейеді, орындаушлық шеберліктері артады.Орындаушылық шеберлікті қалыптастыруда вокалды-хор дағдыларының алатын орны ерекше.Хор жетекшісі өзінің хор мүшелеріне хор шығармасын дұрыстап үйретуді мақсат етіп қойғаннан кейін, қайткенде де хордың орындаушылық шеберліктерінің сапасын жетілдіре, бар ынтасын сала қимылдауы керек.Хор ансамбілінің үйлесіп шығуын да үн құрылы (строй) дикция және нюаностарды бере алатын дағдылықтарды вокалды –хор техникасы деп атайды. Оны вокалдық шеберлік деп те айтса болады. Дыбыс пайда болған мезгіл дыбыс бастамасы, не дыбыс атакасы деп аталады. Дыбыс бастамасы үш түрлі болады, қатаң, жұмсақ, үзік. Қатаң дыбыс бастамасы дауыс сіңірлерінің өте қатаң түйісуінен пайда болады. Жиі қолданылатын қатаң дыбыс бастамасы дауысты бұзып, зақым келтіруі мүмкін.

Шығармада кездесетін драматизм кезеңдерінде, не марштар орындағанда қатаң дыбыс бастамасын қолдануға болады.Жұмсақ дыбыс бастамасы кезінде дауыс сіңірлері жұмсақ, жеңіл түйісіп, дыбыстың еркін жұмсақ шығуына жағдай жасайды. Жұмсақ дауыс атакасы жаттығуларда, лирикалық шығармалар орындағанда қолданады. Үзік дыбыс бастамасы кезінде дыбыс желбезектері тегіс түйіспей, ішке өткен ауа толығымен дыбысқа айналмай, дауыс желбезектерінің арасын өтіп шығады. Бұл кезде дауыс таза шықпай, қосымша «ысылдаған дыбыс» қосыла шығады.Үзік дауыс атакасы дауысты бұзып, үнді таза естіртпейді.

Сонымен қатар дыбыс таза, биік нысанасымен үндеу вокалды жаттығуларды күрделендіруді талап етеді. Сол себепті біз бұл семестрде вокалды жаттығуларды күрделендіреміз. Берілген шығарманың идеялық көркем мазмұнын ашу, сөздерді анық, табиғи түрде женткізу қажеттілігін тудырады. Ол үшін біз хор мүшелерінің дикцияларымен жұмыс жасаймыз және ән айтудағы вокалдық орфоэпиялық заңдылықтарын сақтай білуін талап етеміз. Ән айтқанда әннің сөзін таза, дұрыс айтылуын дикция дейміз.

Вокалдық дикция дауыс өнері сияқты бірінен-бірін толықтырып тұратын ұғым. Ән сөзін таза және анық нақты айту екі элементтен тұрады. Творчестволық және техникалық. Творчестволық элемент дегеніміз-әншінің орындауын белгілі екпінде гамма, пассаж, тремоло, форшлаг сияқты шығарманың баяу дыбысын таза әрі дұрыс айтып жеткізе білу орындайтын вокалдық шығармамыз әсерлі болу үшін композитордың сомдаған бейнесіне сүйене отырып орындауға өзіндік рең, көрік бере білу керек.

Хор шығармасын талдау.

  1. Жалпы анализ.

а) Музыкасын жазған автор жайлы,автордың өмірбаяны.

б) әннің сөзін жазған ақынның қысқаша өмірбаяны.

в) Шығарманың идеялық- көркемдік мазмұны.

  1. Музыкалық теориялық анализ.

а) Шығарманың музыкалық құрылымы.

б) тональность.

в) ырғақ, екпін, динамикалық белгілері.

г) гармониялық анализ.

д) хор партитураларының жазылу фактурасы.

  1. Орындаушылық анализ.

а) шығарманың ішкі мазмұнын көрсету, көркем образдарды анықтау.

б) шығарманың мазмұнын көрсететінмузыкалық тәсілдерді көрсету.

  1. Вокалды-хор анализ.

а) хордың түрі.

б) партияның диапазоны, тесситурасы.

в) дыбысты шығару жолдары.

г) тыныс алу, фразаларға бөлу.

д) шығарманы орындаудағы кездесетін қиындықтар, вокалды ырғақтық қиыншылықтар және басқалары.