Хордың орналасу тәртібі және оны басқару тәсілдері

Мақсаты: Вокалды – хор техникасының негізін білу, өз даусымен

хор партиясын айтып көрсету

Хор коллективінің творчестволық жұмысы нәтижелі де жемісті жүргізілуі үшін концерт кезінде, жаттығу уақытындада оған қатынасушы партиялардың белгілі орындары болуы қажет. Х ор партияларын орналастырудың бірнеше әдістері бар. Солардың ішіндегі ең қолайлысы — хорды жарты шең бер етіп орналастыру. Бұл әдіс түрлі дауыстардың үнінің бір арадан топтасып шығуына мүмкіндік тудырады. Жаттығу кезінде хор мүшелері қалай орналасса, концертте де сол тәртіп сақталуы тиіс. Хор басқарушы, яғни дирижердің көркемөнерпаздар коллективімен жұмыс істегенде ұйымдастыру қабілетімен қоса методикалық әдістерді пайдалана білуінің түрлі принцптік маңызы бар. Біріншіден ән айтуда хор коллективіне дирижердің дене қимылы, қозғалысы, бет құбылысы, эмоциясы да зор қызмет етеді. Сонымен қатар шығарманың кейбір кезеңдерін қалай айту керектігі жайында сөзбен айтыптүсіндіру тәсілініңде пайдасы мол. Ол үшін жетекшінің музыкалық қабілетіжан – жақты болуы тиіс. Оған вокалды – хор техникасының негізін білу, өз даусымен хор партиясын айтып көрсету, музыкалық аспаптпрды еркін меңгере алумен қатар музыканы қабылдау және ырғақ ерекшеліктерін айқын аңғару қабілеті жатады. Хор үйірмесіне қатысушылардың бәрінің бірдей музыкалық сауаты бола бермеуі мүмкін. Сондықтан хор басқарушысы өзінің ой – талабын, дирижерлық қимылдарының мәнін, репетиция кезінде сөзбен айтып жеткізеді. Концертте хорға қатысушылар тек қана дирижердің қолына қарап, нені талап етіп тұрғанын ұғынып, шығарманы соған сай етіп орындауы керек. Мысалы: дауыстың динамикалық жағынан ақырын

(Р) , қатты (Ғ ) немесе көтеріңкі орындалуын дирижер жеке саусағының бағыты мен көрсетуі мүмкін. Хор басқарушы осындай талабын әрқашан репетиция кезінде ашық ескерткені жөн.

Мұндай талаптардың іске асуы:

  1. Хордың көркемдік дәрежесінің жоғарылығына.
  2. Хор мүшелерімен дирижер арасындағы түсіне білушілікке.
  3. Дирижердің тәжірибелігіне тікелей байланысты.

Хор коллективінің дирижердің талабына сай дұрыс ыңғайлануы, қолының қимылын дұрыс түсініу, әнді таза айтуы олардың орындаушылық мәдениетінің көрсеткіші болып саналады. Шығарманы орындауда дирижердің қимыл- әрекеті (аппараты) хор басқарудың ең негізгі құралы болғандықтан, оның барлық қимыл-қозғалысы өте айқын, түсінікті болуы тиіс. Хор басқарушы дирижерлық техниканы жақсы меңгерумен қатар, өз тәжіребесін, білімін іс жүзінде тиімді де сауатты қолдана білуі өте қажет.

№ 3

Тақырыбы:Вокалды – хор техникасы.

Мақсаты: Вокалды- хор техникасы деп хор ансамблінің ( түрлі дауыстардың) үйлесіп шығуын, дыбыс үндестігінің таза айтылуын (дикция) жене түрлі нюанстарын бере алатын дағдыларды үйрену.

Дирижерлерге хорды басқарып, шығарманың идеялық- көркемдік мазмұнын тындаушыларға дұрыс жеткізу үшін вокалды-хор техникасын қолдана білу керек.

Вокалды- хор техникасы деп хор ансамблінің ( түрлі дауыстардың) үйлесіп шығуын, дыбыс үндестігінің таза айтылуын (дикция) жене түрлі нюанстарын бере алатын дағдыларды айтады. Кейбір хор коллективтері вокалды-хор техникасын шыңдалмауынан күрделі шығармаларды орындауда төмен деңгей көрсетіп жүр. Репертуардағы шығармалар хордың орындаушылық шеберлігіне лайық іріктелген және өз мүмкіндігіне сәйкес болғаны жөн. Сондықтан, жоғарыдағы атап өткен кемшіліктердің болмауы үшін хорға қатысушы әрбір әнші дауыс құралын (аппаратын) жақсартуға, өз дауысын күтіп, баптауға көңіл бөлгені дұрыс. Жеке әншінің дауыс аппаратына суық тигізуі салдарынан дыбыстардың қырылдап таза шықпауы хордағы вокалдық жұмыстарды ауырлатады. Мұндай жағдайларда хор жетекшісі әншілерге қатаң талап қоя білуі керек, сонымен бірге олардың әнді мәдениетті, сауатты етіп орындауына кеңес беріп, үнемі көмектесіп отырғаны абзал. Әрбір әнші өзінің дауысын баптап, ән орындау техникасын дамытып, жетілдіріп отыруы үшін күнделікті үзбей жаттығу жасаудың мәні зор. Бұл ретте хор басқарушысы хорға қатысушыларға қажетті әртүрлі музыкалық жаттығуларды таңдай білуі керек. Себебі қатысушылардың шеберлігінің шындалуына вокалдық жаттығулардың тигізетін пайдасы өте зор. Әрбір жаттығудың өзіндік ерекшілігі мен мақсаты болады.

Жаттығу кезінде музыкалық дыбыстардың бірқалыпты шығуына,тыныстың дұрыс алынуына және жуан дауысты дыбыстардың еркін созылып, ал дауыссыз дыбыстардың анық, қысқа айтылып орындалуына үнемі мән беріп тырған жөн. Әрбір буындағы дауысты дыбыстың дұрыс айтылуын қадағалау керек. Дикцияны жаттықтыру үшін әр түрлі буындарды (ди, да, ри, ра, мо, му, т.б.) ақырын және жылдам айтқызу өте – мөте пайдалы. Интонацияның таза болуына ерекше көңіл аударған жөн.

Хор басқарушы бұларды, ең алдымен, қысқа, жеңіл әрі жай айтылатын жаттығулардан бастағаны дұрыс. Себебі, баяу, созып айту әншінің өзін бос ұстап, дауыстың еркін шығуына мүмкіндік жасайды. Жаттығуларды бірте-бірте күрделендіріп, әншілердің дауыс аппаратын бір жүйеге келтіру жағын да үнемі қадағалап отыру қажет. Осы айтылған нұсқауларға байланысты төменде мысал ретінде бірқатар вокалды-хор жаттығулары ұсынылып отыр. Әрбір жаттығулардың орындалу мақсатына қысқаша сипаттама берілген.

№4

Тақырыбы:Тыныс ала білу әдістері.

Мақсаты: Хорда дұрыс тыныс ала білуді үйрену.

Хорға қатысушы әншілердің жеке дауыстары жақсы болғанымен, ән айту кезінде тынысты дұрыс ала белмесе, мүмкіндіктерін толық көрсете алмайды. Әншінің тынысты дұрыс ала білуі оның әнді орындағанда қиналмай, еркін айтуына көмектеседі. Ән айтарда иықты көтермей, деиді іште ұстап тұрып, аз кідіріп барып тыныс алғаннан кейін бірден бастап кету керек.

Мұндай кідіріс әншілердің демін реттеуге және әнді дирижердің қолына қарап бір мезгелді бастауға мүмкіндік береді. Әнді айтқанда демді үнемдеп пайдалану керек. Демді дұрыс алудың тәсілін хор жетекшісі іс жүзінде көрсеткені дұрыс.

Тыныс алу әдісіне төменде бірнеше мысалдар келтірілді. Сол мысалдарды орындаған кезде дирижер әрбәір әншінің ән айтуының дұрыстығын қадағалап, тыныс алу жайында естеріне салып отырғаны жөн.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Дыбыстардың аралары паузамен ( тыныс алу ) бөлінген бұл мысалда әншілер әуенді қысқа – қысқа дыбыстарға үзіп, тыныс алуды жаңартып отырады.

Көрсетілген әдісті нотамен берілген гаммаларда, не болмаса кезкепген бір дыбыста айтып қолдануға да болады.

Хорда тыныс ала білуді үйретуде дирижер қолының қимылы үлкен роль атқарады. Ол әншілердің әнді бір мезгілде орындауына көмектеседі. Кейбір хор шығармаларын орындаудағы қажетті тәсілдердің бірі – кезек тыныс алады. Мұндай әдіс хор шығармаларының үздіксіз айтылуын қамтамасыз етеді. Тізбекті дем алу, әсіресе, созылыңқы әндерді орындауда өте тиімді болып саналады.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________ө________

Тізбекті дем алу әдісіне хорға едәуір ұзақтау гаммаларды паузасыз ( үзіліс )

айтқызу арқылы дағдыландыруға болады.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________________________________________

Хорға арналған вокалды жаттығулар

Хор басқарушы дирижер жаттығу жұмысының мақсаты қатысушыларға түсіндіре отырып, олардың ән салу мүмкіндігіне қарай жаттығуды таңдап ала білгені жөн. Төменде келтірілген мысалда әрбір жаттығудың қандай мақсатпен орындалатыны және олардың талаптары жөнінде қысқаша айтылады.

Вокалды жаттығуларға қойылатын талаптар:

Moderato

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Бұл берілген жаттығу барлық хор партияларының орындауына қолайлы. Мұндай дыбыс қатарларын бір келкі айта отырып, дауысты кеңейте түсу мақсаты көзделеді. Оларды и, е, дауысты дыбыстарын, не болмаса ми, ля, буындарын қойыпта айтқызуға болады.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Ән айтқан кезде әншілердің өзін еркін ұстауын ескерте отырып, дұрыс тыныс алу және демді үнемдеп пайдалану үшін көрсетілген дыбыс қатарларын жай айтқызу керек.Алғашқыда әр бір екі тактіден соң тыныс алып, ары қарай біртіндеп кеңейте түсіруге болады. Жаттығуды нотамен (сольфеджио ) немесе әртүрлі буындар қойып айтқызған ұтымды.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Қайталанып келетін жоғарғы дыбыс қатары бір қалыпты орындауды қажет етеді. Зе, зо буындары айтуға қолайсыз болған жағдайда басқа буындар қойып алмастыруға болады. Дауыссыз дыбысты анық және қысқа айту керек. ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________Берілген дыбыс қатарлары тізбектеп айта отырып, орындаушы екі түрлі әдісті ( стаккато мен легато ) қолданады.

Алғашқы дыбысқа салмақ түсіре отырып, дыбыс қатарының бір жарым тон төмен айтылуына ерекше көңіл бөлу керек. Дыбыс қатарларының ара қашықтығын ескеріп, таза шығуын қадағалаған жөн. Дыбыстар еркін орындалумен қатар жоғары позицияда айтылғаны дұрыс.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Әр түрлі болып келген буындарды айтқанда орындаушы олардың дыбысталу жағынан бір келкі болып шығуын көздейді. Жуан дауысты дыбыстарды (у, ә, ө, ы, и, о, ) айта, жаттыға отырып, оларды бір жүйеге келтіру керек.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Барлық хор партияларына арналған бұл жаттығу әрбір дыбысты дәлдеп жоғарылата көтеріңкі орындауды қажет етеді.Орындау кезінде дыбыс қатарларын өзара байланыстыра отырып әнін жағымды, нәзік естелуін көздеген абзал.Оларды әртүрлі жылдамдықпен (орташа, жай ) айтқызуға болады.

Төмендегі жаттығулар мынадай мақсатты талап етеді.: Дыбыс аралықтарының ішінде кездесетін кішірейтілген немесе үлкейтілген секунда аумағын таза айтқызу қиынға соғатыны белгілі. Сондықтан жаттығуда белгі қойылған нотаға ерекше көңіл бөлініп, оны таза орындауға дағдылану керек.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Бұл жаттығуды орындағанда демді үнемдеп пайдалану мақсаты көзделеді. Әнді орташа жылдадықпен еркін орындау қажет.

Алдымен нотада көрсетілген белгі (V) тыныс алып, ары қарай тізбекті тыныс алу әдісін пайдалана отырып, жаттығуды соңына дейін үзбей аяқтап шығуы керек. Жаттығуды нотамен айтқызған кезде әрбір дауысты дыбысы бар буындарға ерекше көңіл аударған жөн.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Бұл жаттығуды барлық хор партияларына айтқызуға болады. Мұндағы патиялардың өзара үйлесуін қадағалау керек.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Бұл жаттығуда төменгі және ортанғы дыбыстарды жүрдек те жеңіл айтқызу мақсаты көзделеді. Бас партиялары Си Ь мажорда (В) баритон және меццо сопрано партиялары до мажорда орындалғаны дұрыс. Жаттығуды ля, ми, до,ре буындарымен айтқызу тиімді.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Берілген екі жаттығудың орындалу жағынан ұқсастықтары бар екені байқалады. Себебі екеуіде стакато (үзіп айту) әдісі мен дыбыстары дараланып, қысқа орындалады. Сондай белгісі бар дыбыстарды екпін түсіре, қысқа орындаған дұрыс.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Бұл жаттығу дауыстарының өзара үйлесіп таза айтылуын талап етеді. Он алтылық ноталарды айтқанда олрдың біркелі орындалуын қадағалау керек. Жаттығуды дирижердің қимылына қарап айтып дағдыланған абзал.