Абайдың тұңғыш биографы — Кәкітай Ысқақұлы

Жоспар:

  1. Кәкітайдың Абай мұрасын дамытудағы басты еңбегі
  2. Кәкітай еңбегінің олқы тұстары

²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi

1.°óåçîâ М. Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995

2.Ñûçäûºîâ Қ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997

3.̽õàìåòõàíîâ Қ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991

4.Áåêìûðçàºûçû С. ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000

5.Àõìåòîâ З. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995

6.²½íàíáàé½ëû А. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. — À., “Æàçóøû”,1995

7.Мырзахметов М. Мухтар Әуезов және абайтану проблемалары. – А., 1982

  1. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – А., 1994

9.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995

  1. Әуезов М. Абайтану дәрістері. – А., 1994

Лекция мәтіні:

  1. Революцияға дейінгі дәуірде Абайдың өмірі мен әдеби танытуда елеулі еңбек еткендердің ішінде Кәкітай Ысқақұлының орны ерекше. Кәкітайдың Абай мұрасын танытудағы басты еңбегі да Абай шығармаларының тұңғыш жинағын құрастырып, жариялау мен ақын өмірі туралы алғаш рет мәлімет беруінде жатыр. Кәкітай Абай мұрасын жинастырып, бастырудағы тарихи еңбегі жайлы Абай мұрасын зерттеушілер еңбегінде молынан айтылады да, бірақ М. Әуезовтің монографиялық еңбегінде болмаса, басқа зерттеулерде Кәкітай еңбегі сын көзімен қаралмаған Сондықтан да Абайдың дүниеге көзқарасының қалыптасуына Е.П.Михаэлистің әсері басы болады деген Кәкітай пікірі абайтану саласында көпке дейін орын алып келді.

Кәкітай бастырған 1909 жылғы жинаққа дейін баспасөзде жарияланған бірлі-жарымды Абай өлеңдерінің бәрі де асыл түпнұсқа қалпында сақталмады. Тіпті В. А. Кудашев жазып алған қолжазбаның өзінде де Абай шығармалары текстологиялық өзгерістерге ұшырағаны мәлім. Кәкітай құрастырған Абай өлеңдері (56 ғана) рефолюцияға дейінгі дәуірде түпнұсқаның табиғи қалпын сақтап қалды, түрлі текстологиялық бұрмалаушылықтар болған жоқ. Сөйтіп бүкіл қазақ елін тұңғыш рет Абай шығармасын асыл түпнұсқа қалпымен таныстырады.

  1. Кәкітай олқылығы – Абай шығармаларын түгел қамти алмауы десек, Абай өлеңдерін түрлі тақырыптарға бөліп, жіктеуі сол дәуір жағдайына байланысты қарағанда орынды да. Кәкітай мәдениет пен білімді кенже қалған қазақ қауымының ой-өрісін еске алып, тақырыптық принципке сүйенуді жөн көрген. Бұл қазақ ақындары Абай шығармалары мен өмірбаяны жайлы дерекпен тұңғыш рет Кәкітай арқылы ғана танысты. Кәкітай Абай өмірі мен шығармасына жалпы тоқталғанымен, сол дәуірдің өзінде-ақ Абай жөнінде ойлы пікірлер айта білді. Кәкітай Абайдың шын мәніндегі ақындық өнерге сексенінші жылдары батыл бел бұруының себебі оның орыс халқының озық ойлы әдебиетімен танысуында жатыр деп көрсетуі Абай творчетвосы мен өміріндегі елеулі құбылыстардың төркінін дұрыс аңғара білгенін байқатты. Ақындық дарыны асып туған Абайдың осы өнерге қолын кеш сермеуі, Кәкітай пікірі бойынша өскен ортасына тікелей байланысты қаралады. Аталы ортаның ақындық өнерді кемсіте қарауы Абайға белгілі дәрежеде әсер еткен. Бірақ ел ісіне ерте араласып, халықпен тығыз байланыста болуы арқылы ғасырлар бойы сұрыпталған тіл өнерін терең меңгеруі- Абай ақындығының тербеліп өскен алтын бесігі деді.

Кәкітай мақаласы революцияға дейінгі дәуірді ұлы ақын творчествосының нәр алған арналарына байланысты Абайдың ақындық кітапханасының көлемі жайлы мәселеге біршама бағдар айтумен де ерекшеленеді.