Абай ақындығының айналса немесе “өзі алған нәрлері”

Жоспар:

  1. Абай мұрасының рухани көздері немесе “өзі алған нәрлері”
  2. Абайдың әдеби ортасы

²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi

1.°óåçîâ М. Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995

2.Ñûçäûºîâ Қ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997

3.̽õàìåòõàíîâ Қ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991

4.Áåêìûðçàºûçû С. ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000

5.Àõìåòîâ З. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995

6.²½íàíáàé½ëû А. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. — À., “Æàçóøû”,1995

7.Мырзахметов М. Мухтар Әуезов және абайтану проблемалары. – А., 1982

  1. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – А., 1994

9.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995

  1. Әуезов М. Абайтану дәрістері. – А., 1994

Лекция мәтіні:

  1. Абай мұрасының рухани көздері немесе “өзі алған нәрлері”. Мұхтар Әуезов Абайдың “өзі алған нәрлеріне” ақын мұрасының идеялық нәр алған рухани үш қайнары мен Абайдың әдеби ортасы жайлы аса күрделі мәселені қоса қарастырады.

Абай шығармаларының бүкіл әлемдікмәдениет мұрасынан нәр алған үш бұлағы жайлы танымын М. Әуезов отызыншы жылдары – ақ айта бастаған. Әрі бұл жайлы өз танымын үнемі жетілдіріп, тереңдетіп отыруға қатты зейін қойған.

Абай мұрасы нәр алған әлемдік рухани қазыналар көзінің бір саласыкәнігі шығыс мәдениеті Абай шығармаларының осы шығыстық рухани қазыналар көзімен байланысы М. Әуезов тарапынан зерттелуі жоғарыда арнайы сөз етілді.

Ал осы үш саланың бірі әрі бірегейі Абай мұрасы мен орыс әдебиетімен қоян – қолтық араласқан творчестволық байланысы жалпы абайтану тарихында мейлінше мол, жан- жақты терең зерттелген. Бұл сала М. Әуезов еңбектерінде революциядан кейін іле – шала қолға алынып, ғұмырыныңсоңына дейінзерттеу нысанынан түспей келді.

Мұндай өрелі де күрделі тақырыпқа ғалымның айрықша мән бере зерттеуінің екі түрлі жағдайын еске алмақ керек. Біріншіден, Абай аударған орыс классиктері шығармаларын М. Әуезов бала кезіненсанасына ұялатып өсті. Орыс әдебиетінің шығармалырымен ауызданып өсуінеол өмір кешкен дәуірдегі әдеби ортасының айрықша ықпалы тиді. Әуелы орыс мектебінде, соңыра Ленинград университетінде оқып, орыс әдебиеті қазыналарына қанығып өсуі – Абай мұрасы мен орыс әдебиеті арасындағы творчестовлық терең байланыстың сырына бойлай еніп, бұл мәселені алғаш рет көтеруге алып келген. Екіншіден, Абай шығармалары мен революционер – демократтардың шешуші ықпалын кімнен болса да ерте танып бағдарлауы – бұл проблеманың абайтану тарихында дұрыс шешім табуынажаңаша қойылуына да жетекшілік етті.

Ал үшінші рухани қайнар көзі ретінде өз халқының рухани дүниесінен алған нәрлерін, яғни “қазақы қалпын” арнайы зерттеу қажеттігін көрсетеді.

Абайдың қазақы қалпын тануда туған елінің жалпы рухани мұрасына ақын қатынасын анықтап, өзіне нәр тартқан көздерін анықтау міндеті де кіреді. Бұл салада алғашқы әрі нақтылығылыми зерттеулер де туа бастады. Академик Қ. Жұмалиевтің қазақ поэзиясы мен Абайпоэзиясының тілін салыстыра зерттеудегі еңбегі осы аталған міндет тұрғысынан жазылған болатын. Абайдың қазақы қалпын танып білмейінше ұлы ақынның ақындық болмысын, ұлттық, халықтық ерекшелігін танып білудің өзі мүмкін емес.

  1. Абайдың әдеби ортасы. Абайдың әдеби ортасы – ұлы ақынның өзі нәр алған, әрі соңыра өзі рухани нәр берген мәселені қатар қамтитын аса күрделі тақырып. Алғашқысы, Абайдың әдеби мұрасының қалыптасу жолында өзі араласып, көп естіп, шығармаларын жатқа алған ақындар мен өзге өнер иелері де мол болған. Бұлар жас Абайдағы ақындық өнер мен қоғамдық ойдың қалыптасу, қорлану процесінде белгілі дәрежеде тербеліп өскен творчестволық бесігі ретіндегі әдеби ортасы деген ұғымды қамтиды. Соңғысы, Абай ақындығы өз биігіне жеткен соң өзі рухани нәр бере бастаған, ұлы ақын дәстүрін дамыта жалғастырған шәкірт ақындар тобы да Абайдың әдеби ортасы деген ұғымға жалғасады.

“Абай жолы”эпопеясы мен “Абай” трагедиясы, “Абай” операсының либреттосы мен “Абай” әдеби сценариясы және кинодрамасы сияқты көркем шығармалар да Абай ақындығының даму, қалыптасу кезеңдерінде ұлы ақын күнделікті байланыста болған әдеби орта арқылы туындайтын Абай бойындағы алғашқы творчестволық тебіреністер, ақындық өнер сырына бойлаудағы талпыныстар, қилы – қилы көркемдік танымдаржайдан-жай беріліп отырған жоқ. “Абай жолындағы” Барлас (Дулат), Байкөкше, Шөже, Балта, Біткенбай, Тәттімбет, Қадырбай (Садырбай), Қуандық, Садақ (Жанақ), Шүбек (Түбек), Біржан сияқты ақын, жырау, әнші, күйші сияқты өнер саңлақтары молынан суреттеліп, өзекті желіге айналады.

Шөженің суырып салма ақындық өнерінен Абай ақындық өнер тілімен берілген өлең сөздің қамал бұзар құдіретін сезінеді.

Балта ақын жайлы Абайдың ғылыми өмірбаянын жазу үстінде мәлімет беріп өтеді.

Эпопеяда Абайдың әдеби ортасының айтулы өкілдерінің бірі ретінде көрсетілетінҚадырбай (Садырбай) ақынмен өткізілетін сырласу кешіне яки сол заманның әдеби мәжілісіне жазушы айрықша назар аударған.

Романда сөз болатын Шүмек (Түбек) ақын да М. Әуезов зерттеуінде орын алып отырады. Көп сөздерін Абай жақсы білген Түбек ақынның өзі – ақ Абаймен көршілес, іргелес Сыбаннан шығып, Алатауға келіп Сүйімбай, Жамбылдармен жарысаайтыстарға түсіп жүрген.

Өз әдеби ортасының көптеген айтулы өкілдерімен тікелей араласып сырлас болған Абай солар жырлап, зар төккен ел мұңы, қайғы – қасіретінің ендігі шығарбағдарын ағартушылық ойдан тапқан.