М. Әуезов және Абайдың әдеби ортасы

Жоспар:

  1. Абайдың әдеби ортасы мен ақындық мектебі жайлы
  2. Абай ақындығының айналасы деген тақырыпта өткізілген дискуссия

²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi

1.°óåçîâ М. Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995

2.Ñûçäûºîâ Қ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997

3.̽õàìåòõàíîâ Қ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991

4.Áåêìûðçàºûçû С. ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000

5.Àõìåòîâ З. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995

6.²½íàíáàé½ëû А. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. — À., “Æàçóøû”,1995

7.Мырзахметов М. Мухтар Әуезов және абайтану проблемалары. – А., 1982

  1. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – А., 1994

9.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995

  1. Әуезов М. Абайтану дәрістері. – А., 1994

Лекция мәтіні:

1.Абайдың әдеби ортасы мен ақындық мектебі жайлы аса күрделіұғымдарды қамтитын проблемаға М. Әуезов 1934 жылы Абайдың қайтыс болуына 30 жыл толу қарсаңында жазылған “Абай ақындығының айналасы” деген зерттеу мақаласында алғаш рет арнайы тоқталды.Мақала көлемі шағын болса да зерттеушінің көп жылдар бойы ізденіп тұжырымдалған ой байламдарын қорытындылайтын көп қырлы, жоспарлы болып келеді.

Абай мұрасының рухани нәр алған көздерін анықтап, ол жолы өз танымын айқындаумен қатар Абайдың тікелей қарым-қатынаста болып араласқан әдеби ортасымен қоса, ақын өмірінің соңғы он жылында өз маңында жетіліп, ақындық өнер көрсете бастаған өнерлі топқа да зерттеуші жіті көңіл бөле бастайды. Абайдың әдеби ортасымен бірге сол әдеби ортаның бір саласы болып табылатын Абай тұсындағы ақындық өнер жолына түскен бір топ өнерліжастар қаламынан туған әр түрлі жанрда жазылып, белгілі болған көркем шығармаларды да жинастырып, зерттеу нысанына алу керектігін ертерек таныды. Абайдың әдеби ортасы жайлы аса күрделі мәселе мен соның бір саласы ретіндегі Абай ақындығының шыңына шыққан кезіндегі орын тепкен ақын маңында тәрбиеленіп, көпетеген көркем туындыларбергенбір топ өнерлі жастар. Абайдан аталық, ағалық, ұстаздық тәрбие алудан басқа, оның өлеңдері мен қара сөздерін әрі оқушы, әрі таратушы, бағалаушы, тұтынушы болудан басқа бұлар Абай басшылығымен өз маңдарынан жырлар да жазған. Бұл өнерлі топтың ақын маңына топталып, Абай шығармалары мен әндерін халық арасына таратып, таратудағы әрекеті, әсіресе, “Абай жолы” эпопеясында мол суреттеліп, өз бағасын алды да. Ал, осы өнерлі топтың екінші бір бөлігі Абай бастап, негізін қалаған әдебиет пен қоғамдық ойдағы жаңа бағыттағы ақындық дәстүрді жалғастыра дамытып, оны өз шығармалары арқылы толықтыра түсті. Олардың шығармалары дәстүрлі көшпенді дәуір әдебиетімен кетпей, шын мәніндегі профессионалды жазба әдебиет үлгісінде жазылуы тікелей Абай мектебінің тәрбиелік әсеріне байланысты еді. Бұл тұста Абай маңында өз шығармаларын жазып шығаратын Абай дәстүріндегі ақындар тобы іріктеліп қалды. “Ақын болып, талаптанып өлең шығарып көруге Абайдың іні – балаларының барлығы да ұмтылған. Бұл жағынан келгенде Абайдың алды, бір жағынан “әдебиет мектебі” сияқты болды”.

Сол ретпен өлең шығаратын Көкбай және Абайдың өз балаларынан Ақылбай, Мағауия болды. Бұлардың бәрі де қысқа өлең,өсиет өлең айту Абайдың жол дағдысы болғандықтан, өздеріне бөлек бет іздегенсияқты. Сондықтан төртеуі де ұзақ әңгімелі (сюжетті) өлең жазды.

Егер дәл сол тұста Абай дәстүрі дүниеге келмесе, бұл ақындардың ақындық өнер жолына түсіп, жазба әдебиет үлгісіндегі соны жанрлы шығармаларды жазуы да екі талай болар еді.Абай мектебі, Абай ақындығының айналасы жөніндегі пікірлері, негізінен, Абай өмірбаянын жазу, деректер жинастыру үстінде туғандықтан, бұл пікірдің ойға оралу мерзімін білудің елеулі мәні де бар. М. Әуезовке Абай өмірі мен творечствосының сан қырлы сырлары жайлы аса құнды деректер көзін берген, негізінен, Абай айналасында болған шәкірт ақындар тобы. Осылардан ауызша, жазбаша, кейде сұхбаттасу үстінде алынған деректерсіз Абай өмірі мен әдеби ортасы жайлы қазіргі күндегі толық сақталып, қазіргі ұрпақ игілігіне қызмет етіп, отырғанын ұмытуға болмайды.

Зерттеуші алғаш рет Абай мұрасының рухани нәр алған үш қайнары жайлыпікір қозғап“… бұл уақытқа шейін ақынның айналасы деген тақырыпта сөз қылғанда біз өзіне әсер еткен жайларды, өз қорына құйылған салаларды алып келдік. Бірақ ақындық айналасы Абайдың өзі алған нәрді санаумен түгелденбейді. Екінші қатарда тұрған тағы бір алуан мәселе — Абайдың өзгеге берген нәрі турасында”, — деп соңғы жылдары Абайдың ақындық мектебі немесе ақын шәкірттері деп аталып жүрген күрделі бір проблеманы арнайы көрсетті.

  1. 1942 жылдан бастап С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеттің қазақ әдебиеті кафедрасында тұңғыш рет абайтанудан арнайы курс оқып, арнайы семинар сабақтарын жүргізу үстінде Абайдың әдеби ортасы, әдеби мектебі жайлы ойларын ортаға салып отырған.

М. Әуезовтің Абайдың әдеби ортасы жайлы пікірлері талас тудырған жоқ. Бірақ осы мәселенің бір буыны – Абай мектебі немесе Абайдың ақын шәкірттері жөніндегі ойлары, яғни, Көкбай осында Абайдың ақыншәкірті ретінде аталуы (1934ж.) мен “Ақын аға” романында Көкбай шығармасының сөз етілуінде жатыр.

Қазақ әдебиеті тарихын зерттеу саласында тұрпайы социологялық таным көп тұрақтап, елеулі зардаптарын тизгізіп келгені жұртқа аян. Осы таным тұрғысынан кейбір әдебиетшілер М. Әуезовті батыра сынаудың тұсы оның ғылыми еңбектері мен “Абай жолы” эпопеясында сөз болатын Абай мектебі немесе ақын шәкірттері туралы пікірінде жатыр деп қарады. Осы себепті Абайдыңүзеңгі жолдасы Көкбайдың “Сабалақ” дастанындағы пікірін ілік етіп көтерді.

М. Әуезовтің Абай ақындығының айналасы жайлыәр тұста айтылған пікірлеріне ешқандай әдеби сын айтылмай келіп, оған тек 1950-1951 жылдары үдере дау айтылып жатты.

Абай ақындығының айналасы жайында, әсіресе, осы саланың бір желісі Абай мектебіне байланысты кейбір терминдік мән алған сөздердің мән-мағынасын әр түрлі атау етек алды. Әдеби еңбектерде тұрақтанбай бір мағына тұрғысынанаталып жүрген “Абай ақындығының айналасы”, “Абайдың әдеби ортасы”, “Абай мектебі”, “Абайдың ақын шәкірттері”, “Абай дәстүрі”, “Абай тұсындағы ақындар” деп сан түрлі атауларға ие болып келеді. Бұл атаулар тұтастай М. Әуезов еңбектерінде де ұшырасады. Бірақ олардың әрқайсысы өз алдына терең мән-мағынасы бар әр қилы зерттеу нысандарына лайықты мән-мағына алатын күрделі терминдік атаулар екенін есте ұстаған жөн.