Абай танымындағы үш сүю

Жоспар:

  1. Жаратушысын жаралған пендесінің махаббатпен сүюі
  2. Екінші сүю «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп»
  3. Ғадаләт ұғымына іліктесетін үшінші сүю

²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi

1.°óåçîâ М. Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995

2.Ñûçäûºîâ Қ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997

3.̽õàìåòõàíîâ Қ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991

4.Áåêìûðçàºûçû С. ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000

5.Àõìåòîâ З. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995

6.²½íàíáàé½ëû А. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. — À., “Æàçóøû”,1995

7.Мырзахметов М. Мухтар Әуезов және абайтану проблемалары. – А., 1982

  1. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – А., 1994

9.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995

  1. Әуезов М. Абайтану дәрістері. – А., 1994

Лекция мәтіні:

  1. Абайда арнайы сөз етілетін “иманигүл” (үш сүю), “жәуманмәртлік”, “толық адам” сияқты аса күрделі гуманистік ойлар желісі Абайдың тәңірге, оның сипаттары мен өзі таратуды мақсат тұтып отырған адамгершілік негіздері жайлы ой толғаныстары, шын мәнінде, М. Әуезов тұжырымының ең өзекті желілерін қатитын асты ұғымдарға жатады.

М. Әуезов “Алланың өзі де рас, сөзі де рас” леңіндегі мороль философиясынасоғатын үш сүю (имани гүл) деп аталатын ақын танымының терең бір өзекті желісіне назар аударады. Өйткені осы өлеңінде Абай:

Махабатпен жаратқан адамзатты,

Сен де сүй ол алланы жаннан тәтті.

Адамзатты бәрі сүй бауырым деп,

Және хақ жолы осы деп әділетті.

Осы үш сүю болады иман гүл,

Иманның асылы үш деп сен тақиқ біл.

Ойлан – дағы, үшеуін таратып бақ,

Басты байла жолына, малың түгіл, —

деп, үш сүю (имани гүл) жайлы ойбайламдарын анықтап, ішкі нанымдарын ашқандай болады. Сен де сүй сол алланы жаннан тәтті”- деп жаратушысын жаралған пендесінің махаббатпен сүюі керек дейтін мағынадағы бірініші сүюді көреміз.

  1. Екінші сүю, немесе ақын шығармаларында бастан аяқ үзіліссізтаратылатын басты ой желісі “Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп” ат қойып, айдар тағуында жатыр. Абайдың “және хақ жолы осы деп әділетті”, — дегені 38- сөздегі нақылия, ғақылия дәлелдергесүйене отырып ұсынатын ғадаләт ұғымына іліктесетін үшінші сүюді көреміз. “Әсемпаз бола әрнеге” өлеңіндегібастыой да осы үшінші сүюдің баламасы ретінде берілген.
  2. Абайдағы үш сүю (имани гүл) деп аталатын түбірлі де күрделі таным қайдан келген? Ақын осы сүюдің қайсысына ден қойып, негізгі тетік ретінде ұстанары қайсысы деген сұраудың жауабын тағы да Абай шығармаларына тереңірек үңіліп, мағына желісіне талдаудан табамыз. Абай өмірінің соңында 1902 жылы жазылған “Алланың өзі де рас, сөзі де рас” деген өлеңіне дейін — ақ үш сүю жайлы ұғымдардың орын алып, таратылып келгені мәлім. Бірінші, екінші жайлы пікірлері, әсересе, “Алла деген сөз жеңіл” өлеңі мен 27- қарасөзде нақтылы әлі молырақ таратылады да басқа шығармаларындажанама түрде болса да айтылған пікірлеріұшырасады.

Жалпы мұсылмандық шығыс поэзиясында екі түрлі сарынның яғни жүректің культі (имани гүл) мен ақылдың культін мадақтау өріс алып келгені мәлім. Осы себептіболса керек, әдебиеттерде бұл сарындарды білдіретін Әбу Али ибн — Синада “имани ақыл”,Абайда “имани гүл” сияқты арнайы атаулардың қолданылуы осыны көрсетіп тұр.

Имани гүл сарыны жүрек культін сол негіздегі адамшылық жолын көтермелеп, өз шығармаларында үнемі рахым, шапағаттың баламасы ретіндегі жүректі шешушіорынға қоятындар: Әл – Фараби, Низами, Руми, Науаи, Абай, т.б. Ал имани ақылды, яғни ақылдың культінмадақтайтын сарынды Рудаки, Фирдауси, ибн – Синадан ұшыратамыз.

Имани гүл, имани ақыл туралы танымның табиғаты, оның шығу төркіні мен даму жолы қазіргі ғылым дүниесінде әлі күнге дейін арнайы зерттеу нысанасына алынбай келеді.