Абай және шығыс классиктері

Жоспар:

  1. Абай поэзиясындағы шығыстық белгілер
  2. Абайдың махаббат лирикасындағы шығыстық сарындар
  3. Абай өлең өрнегіндегі шығыстық белгілер
  4. Абай дамытқан нәзирагөйлік белгілер

²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi

1.°óåçîâ М. Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995

2.Ñûçäûºîâ Қ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997

3.̽õàìåòõàíîâ Қ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991

4.Áåêìûðçàºûçû С. ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000

5.Àõìåòîâ З. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995

6.²½íàíáàé½ëû А. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. — À., “Æàçóøû”,1995

7.Мырзахметов М. Мухтар Әуезов және абайтану проблемалары. – А., 1982

  1. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – А., 1994

9.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995

  1. Әуезов М. Абайтану дәрістері. – А., 1994

Лекция мәтіні:

  1. Абай поэзиясындағы шығыстық белгілер жайындағы ауыр тақырыпқа зерттеуші 1934 жылдан бастап ден қоя бастады.

Бірінші кезең жас ақынның жиырма жасқа дейінгі өмір кезеңінен қамтиды. Мұны М. Әуезов шығыс классиктеріне таза еліктеу дәуірі деп таныған.

М. Әуезов Абайдың жастық шағындағы үш өлеңін “Иузи раушан, көзі гауһар”, “Фзули, Шәмси, Сәйхали”, “Әлиф-би” өлеңін таза еліктеу, бірақ шағатай әулетіндегі сопылық сарындағы лирикадан мүлде бөлек шығыстық белгілер деп таниды.

М. Әуезов Абай шығармаларынлдағы шығыстық белгілердің ақынның бала кезінен өмірінің соңына дейін желідей созылып арқау болғанын баса айтады. Абайдың олармен қарым-қатынасына тоқтала келіп: “Алдағы уақытта Абайдың Науаи, Низами, Физулилерге қарым- қатынасын зерттеуді тарихи принципке құра отырып, бұл қатынастардағы екі түрлі кезеңнің яғни: шығыс классиктеріне еліктеген жастық шағы (1860-1865), мен Абай творчествосындағы марқайған тұсындағы (1886-1890) негізгі айырмашылықты анықтау керек”, — деп екі дәуірге бөле қарайды.

Осы екі кезең аралығында(1860-1862, 1886 — 1890) Абайда өнер,ғылым мен ақындық жолдағы шығыстық арна белгілердің өсу, толысу жолдары жатыр.

Бұл тұста Абай мектеп – медреселерде үстем болған Қожа Ахмет Яссауи, Сүлеймен Бақырғани, Сопы Алаяр тәрізді суфизм сарынындағы ірі ақындармен қатар шығыс поэзиясының ұлы классиктері Низами, Науаи, Фзули, Сағди, Хафиз, Фирдауси, Шамсилерді, шығыс қисса – дастандары мен ғұлама ғалымдарды тесіле оқып, іштей түлеп, толысып келе жатқан ойшыл ақын тұлғасын көреміз. Абай өз халқының мәдени мұрасын меңгеру жолында шығыс классиктері мен суфизм поэзиясындағы ірі ақындарды оқығанда да сын көзімен екшей қарап, творчестволық тұрғыдан талғай білген.

М. Әуезов Абайдың шығыс классиктеріне қарым- қатысын анықтағанда: “… Абайдың Науаи, Низами, Физулилер мен Қожа Ахмет Яссауидің “Хикметі” типтесмистикалық суфизм әдебиетіне қатынасын өте қатаң түрде ажырату қажет”, — деп Абайдыңшығыс классиктері менсуфизм әдебиетіне қарым-қатынасындағы ерекшеліктерді терең зерттеп, жете ажырату керектігін абайтанудағы елеулі міндеттердің бірі ретінде көтереді.

Абай шығармаларындағы шығыстық белгілерді шығыс классиктерінен іздестіре бастағанда, оларды негізінен: а) Абайдың махаббат лирикасынан; ә) дидактикалық өлеңдерінен; б) өсиет – үлгі сарындас өлеңдері мен әсіресе, қара сөздерінде жүйелі түрде өз танымын желілеп таратып отыратын толық адам жөніндегі ой-толғаныстарынан да жиі ұшыратамыз.

  1. Абайдың махаббат лирикасындағы шығыстық сарындар. Абай қаламынан туған махаббат лирикасы ХІХ ғасырдағы жалпы шығыстатеңдесі жоқ, шын мәніндегі, европалық лирикалар деңгейіне көтерілген бірегей деңгейлер. Абайдағы “Желсіз түнде жарық ай ”, “Қызарып, сұрланып”, т.б. өлеңдері қандай елдің мақтаулы, маңдай алды лиркасымен тең түспесе, кем түспес көркемдік құдіретке ие.

Абайдың махаббат лирикасы түрінде жазылған өлеңдерінде шығыс классиктерінің әсер, лебі барлығын, бірақ оларды ұлы ақын өзіндік төл дүниеге айналдырып, өз демі, өз тәні етіп жіберген ақындық құдіретті өнердіңалдына жан салмас қуатын да сезінеміз. “Көзімнің қарасы”, “Қор болды жаным”, “Сен мені не етесің” өлеңдерін де шығыс калассиктері Науаи, Сағди, Фзули, Хафиз поэзиясында әсіресе, шағатай ақындарында молырақ дендеген, махаббат лирикалары көбірек толғанған “Ғашық оты мағшұққа” сарындағы өлеңдеріндегі ішкі мазмұнмен тоқайласатын ортақ белгілер де көрініс береді.

  1. Абай өлең өрнегіндегі шығыстық белгілер. Шығыс классиктерімен Абайдың творчествалық байланысы, әсіресе, ақын жазған дидактикалық сарындағы өлеңдерде ерекше байқалады. Шығыстан келген Абай өлеңдеріндегі ой ортақтастығы мен өлең өрнегіндегі соны үлгілер де біршама сезіледі. Абай терең сезім, идея, мазмұн жағынан түгелімен шығыс ақындарыныңықпалына берілмесе де, өлең құру шеберлігі, пікір жаңалығы жөнінде көп нәрсе табады.Сонда, әсіресе, өзіне ең жақын Науаи шығармаларынан үлгі іздейді.

Абай өзі жазған өлеңдерінің белгілі бір өлең өлшеміне, атап айтсақ, бармақ уәзіні деп аталатын силлабикалық өлең өлшемі негізіндежазғанын өзі де ескертеді.

Уәзінге салып тізілген…

Қайран тіл, қайран сөз

Наданға қор болған, —

деп реніші мен өкінішін қатар білдіреді емес пе?

Абай өлеңінде арнайы көңіл бөлінетін уәзін сөзі (арабша-өлшем) өлең сөздің теориясы жайлы ғылыми ұғым екені күмән тудырмайды. Абай өз шығармаларында қазақ өлең құрылысының табиғатына сай бармақ уәзінің негізге алған. Барлық өлеңдері осы өлшеммен жазылған.

“Білімдіден шыққан сөз” (1889) өлеңінде қырықтан асқан дана ақын жастық шағында таза еліктеумен бір соғып, тастап кеткен ғаруз ұйқасына тағы да қайрыла соғып өтеді. Бұл өлеңдегі сегіз шумақтық барлық өлең жолдары жеті буынға түсіріліген.

Білімдіден шыққан сөз

Талаптыға болсын кез.

Нұрын, сырын көруге

Көкірегінде болсын көз.

Ұқпасын ба сөзді тез…

Түзелмесін білген ез…

Ұйқылы, ояу бой күйез…

Ыржаң, қылжаң, ит мінез…

Оған ақыл арам без…

Неге алтынды десін жез

Мейлі қамқа, мейлі бөз.

  1. Абай дамытқан нәзирагөйлік белгілер. Абай және шығыс классиктері байланысын сөз еткенде нақтылы зерттеу обьектісіне алынбай келе жатқан күрделі мәселенің бірі Абай шығармаларындағы шығыстық белгілердің бір көрінісі болған нәзирагөйлікке келіп тіреледі. Бұл туралы алғаш рет тек М. Әуезов зерттеулерінде ғана қозғау түсіп, пікір айтылады. Назира сөзінің мағынасы арабша сұрау – жауап, жауап қайтару деген ұғымға келеді. Нәзира, нәзирагөйлік – түркі тілді халықтардыңжазба классикалық әдебиетіне орта ғасырларда – ақ көрініс беріп, соңғы дәуірге дейін даму үстінде келе жатқан өміршең дәстүрлердің бірінен саналады. Абайдың ұлы ұстазы Ә. Науаиөз заманы тудырған өмір шындығына байланысты өз арман – мұратын Низамидің “Хамсасынан” жауап ретінде өз “Хамасасында” сюжеттік желіні, образдар жүйесін пайдаланып отырған. Осы арқылы ұлы шайыр өз заманын, өзі ұстанған арман – мұраты тұрғысанан жырлап бере алған. Осы іспеттес құбылысты қазақәдебиетінде Абай аңыз — әңіме, дастандарын нәзирагөйлік дәстүрімен жырлап,өзі ұстанған мораль филасофиясы негізінде творчестволықпен жырлаған ақын өнерін М. Әуезов абайтану саласында тұңғыш рет көтереді. М. Әуезов Абай шығыс классиктерінененген белігінің бірі нәзирагөйлікке дәлел ретінде ақынның үш бірдей поэмаларын (“Әзім әңгімесі”, “Масғұт”, “Ескендір”) еске алады. Абай поэмалары негізінен нәзирагөйлік дәстүрмен жазылса да, олардың идеялық-көркемдік нысанасына, шеберлік болмысына баға берудеәр түрлі өлшем тұрғысынан қарады. Мысалы, “Әзім әңгімесін” Абай “Пушкиннің орыс ертегілерін балаларға арнап өлең еткені тәрізді жеңіл тілді, қызық оқиғалы әңгіме жасамақ сияқты”.

“Масғұт” поэмасының оқиға желісі де шығыс өлең — әңгімелерінен алынған. Абай мұнда өз шығармаларында көп ой толғайтын мол таратып отыратын толық адам жөніндегі танымын таратуды кәдеге асыруда нәзирагөйлік дәстүрді қолдану әрекетінде көреміз.

Абайдың нәзирагөйлік дәстүрді ұлы классиктерге тән шеберлікпен қолдану жолы, әсіресе, “Ескендір” поэмасын жазу үстінде айқынырақ сезіледі. Абай Ескендір жөніндегі тарихи шындықты шығармасына арқау еткенде өзі көтерген сыншылдық ойдың тұрғысынан қатынас жасайды. Тағы да өзі ұстанған гуманистік көзқарасын насихаттауға Абай: “Низами, Науаи, Физули сияқты өзі қадірлеген классиктердің нәзирагөйлік үлгісін творчестволық жолмен пайдаланып қолданған”, — деп көрсетеді.